10 тамызда кешке Беларусь астанасы мен өзге қалаларда президент сайлауының ресми қорытындысымен келіспейтіндер тағы да көшеге шықты. Кей жерлерде наразылар мен полиция арасында қақтығыс болды. Билік бір адамның қаза болғанын хабарлады.
Беларусь орталық сайлау комиссиясы (ОСК) жариялаған президент сайлауының алдын ала ресми қорытындысымен келіспейтін наразы азаматтар 10 тамыз күні кешке ел астанасы мен өзге де қалаларда тағы да көшеге шықты.
Минскіде полицияның арнаулы жасағы (ОМОН) осыдан бір күн бұрынғыдай бұл жолы да наразыларға күш көрсетті: жас ағызатын газ шашып, қатты дыбысты жарқылдақ граната мен резеңке оқ қолданды. Ішкі істер министрлігі дүйсенбі күні кешке бір адамның қаза болғанын хабарлады.
Фотогалерея. Беларусьтегі президент сайлауынан кейінгі екінші түн
Қақтығыс, күш қолдану, адам өлімі. Беларусь президент сайлауынан кейінгі екінші түн
1/14Беларусьте президент сайлауының ресми қорытындысына наразылар 10 тамыз күні кеште тағы да қарсылық акциясына шықты. Бірақ полиция жасағы оларды метродан шыға бергенде, көшеден ұстап әкетіп жатты.
10 тамыз күні кешке Беларусьте президент сайлауының ресми қорытындысына наразылар Минск пен өзге қалаларда тағы да көшеге шықты. Полиция жасағы наразыларды көшеде қуып жүріп ұстап, жас ағызатын газ шашты, резеңке оқ пен жарқылдақ граната қолданды. Билік бір адамның қаза болғанын хабарлады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
2/14Витебск пен Могилев қалаларында да полиция қарсылық акциясына шыққан азаматтарды ұстады. Гроднода наразыларды қала орталығындағы Совет алаңынан ығыстырып тастаған соң, жүздеген адам басқа жерге жиналды. Брест қоласында жүзге жуық адам көшеге шықты.
10 тамыз күні кешке Беларусьте президент сайлауының ресми қорытындысына наразылар Минск пен өзге қалаларда тағы да көшеге шықты. Полиция жасағы наразыларды көшеде қуып жүріп ұстап, жас ағызатын газ шашты, резеңке оқ пен жарқылдақ граната қолданды. Билік бір адамның қаза болғанын хабарлады.
10 тамыз күні кешке Беларусьте президент сайлауының ресми қорытындысына наразылар Минск пен өзге қалаларда тағы да көшеге шықты. Полиция жасағы наразыларды көшеде қуып жүріп ұстап, жас ағызатын газ шашты, резеңке оқ пен жарқылдақ граната қолданды. Билік бір адамның қаза болғанын хабарлады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
4/14"Настоящее время" телеарнасының тілшілері Минскідегі "Юбилейная" қонақүйі маңында полицияның жасөспірімдер мен велосипедшілерді ұстағаны туралы хабарлады.
10 тамыз күні кешке Беларусьте президент сайлауының ресми қорытындысына наразылар Минск пен өзге қалаларда тағы да көшеге шықты. Полиция жасағы наразыларды көшеде қуып жүріп ұстап, жас ағызатын газ шашты, резеңке оқ пен жарқылдақ граната қолданды. Билік бір адамның қаза болғанын хабарлады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
5/14Минск пен өзге қалаларда қарсылық акциясы жалғасып жатқан тұста, Беларусь тергеу комитеті дүйсенбіге қараған түні болған наразылықтардан кейін 21 қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлімдеді.
10 тамыз күні кешке Беларусьте президент сайлауының ресми қорытындысына наразылар Минск пен өзге қалаларда тағы да көшеге шықты. Полиция жасағы наразыларды көшеде қуып жүріп ұстап, жас ағызатын газ шашты, резеңке оқ пен жарқылдақ граната қолданды. Билік бір адамның қаза болғанын хабарлады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
6/14Дүйсенбінің кешінде ел астанасы Минскімен қоса өзге қалаларда да президент сайлауының ресми қорытындысымен келіспейтіндер наразылық акциясына шықты. Брест, Пинск қалаларында полиция наразыларды тарату үшін резеңке оқ қолданып, су шашты.
10 тамыз күні кешке Беларусьте президент сайлауының ресми қорытындысына наразылар Минск пен өзге қалаларда тағы да көшеге шықты. Полиция жасағы наразыларды көшеде қуып жүріп ұстап, жас ағызатын газ шашты, резеңке оқ пен жарқылдақ граната қолданды. Билік бір адамның қаза болғанын хабарлады.
10 тамыз күні кешке Беларусьте президент сайлауының ресми қорытындысына наразылар Минск пен өзге қалаларда тағы да көшеге шықты. Полиция жасағы наразыларды көшеде қуып жүріп ұстап, жас ағызатын газ шашты, резеңке оқ пен жарқылдақ граната қолданды. Билік бір адамның қаза болғанын хабарлады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
8/14Бұл фотода көңіліңізге ауыр әсер қалдыруы мүмкін көрініс (жаралы адамның қанға боялған бейнесі) барын ескертеміз! Сағат 21:00-ден кейін Минскіде полиция жасағы демонстранттарға қарсы дыбысты жарқылдақ граната, қолдана бастады, наразылар жарықшақ тиіп, зардап шеккендер барын айтады.
10 тамыз күні кешке Беларусьте президент сайлауының ресми қорытындысына наразылар Минск пен өзге қалаларда тағы да көшеге шықты. Полиция жасағы наразыларды көшеде қуып жүріп ұстап, жас ағызатын газ шашты, резеңке оқ пен жарқылдақ граната қолданды. Билік бір адамның қаза болғанын хабарлады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
9/14Минскіде наразылық акциясына шыққандар білек айқастырып, "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Біз біргеміз!" деген жазуы бар плакат ұстап, Кальварский көшесіндегі жолды жауып тұрды. Полиция жасағы оларға резеңке оқ жаудырды.
10 тамыз күні кешке Беларусьте президент сайлауының ресми қорытындысына наразылар Минск пен өзге қалаларда тағы да көшеге шықты. Полиция жасағы наразыларды көшеде қуып жүріп ұстап, жас ағызатын газ шашты, резеңке оқ пен жарқылдақ граната қолданды. Билік бір адамның қаза болғанын хабарлады.
10 тамыз күні кешке Беларусьте президент сайлауының ресми қорытындысына наразылар Минск пен өзге қалаларда тағы да көшеге шықты. Полиция жасағы наразыларды көшеде қуып жүріп ұстап, жас ағызатын газ шашты, резеңке оқ пен жарқылдақ граната қолданды. Билік бір адамның қаза болғанын хабарлады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
11/14Беларусь ішкі істер министрлігі дүйсенбі күні кешке бір адамның қаза болғанын хабарлады. Ресми ақпаратта 11 тамызда сағат 23:00 шамасында Притыцкий көшесінде полицияның арнаулы жасағына лақтырмақшы болған белгісіз зат қолында жарылған азаматтың мерт болғаны айтылған.
10 тамыз күні кешке Беларусьте президент сайлауының ресми қорытындысына наразылар Минск пен өзге қалаларда тағы да көшеге шықты. Полиция жасағы наразыларды көшеде қуып жүріп ұстап, жас ағызатын газ шашты, резеңке оқ пен жарқылдақ граната қолданды. Билік бір адамның қаза болғанын хабарлады.
10 тамыз күні кешке Беларусьте президент сайлауының ресми қорытындысына наразылар Минск пен өзге қалаларда тағы да көшеге шықты. Полиция жасағы наразыларды көшеде қуып жүріп ұстап, жас ағызатын газ шашты, резеңке оқ пен жарқылдақ граната қолданды. Билік бір адамның қаза болғанын хабарлады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
13/14Дүйсенбінің кешінде Минскінің Притыцкий көшесінде бірнеше мың адам жиналды. Куәгерлердің сөзінше, полиция оларды тарату үшін жарқылдақ граната қолданып, жас ағызатын газ шашқан.
10 тамыз күні кешке Беларусьте президент сайлауының ресми қорытындысына наразылар Минск пен өзге қалаларда тағы да көшеге шықты. Полиция жасағы наразыларды көшеде қуып жүріп ұстап, жас ағызатын газ шашты, резеңке оқ пен жарқылдақ граната қолданды. Билік бір адамның қаза болғанын хабарлады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
14/14Sputnik пен "Еврорадио" наразылар "Пушкин" метро станциясы маңында полиция жасағына "Молотов коктейлін" лақтырды деп хабарлады. Наразыларға медициналық жедел жәрдем көлігімен барған милиционерлер оларды ұстаған деп жазды "Белсат" пен "Медиазона" басылымдары.
10 тамыз күні кешке Беларусьте президент сайлауының ресми қорытындысына наразылар Минск пен өзге қалаларда тағы да көшеге шықты. Полиция жасағы наразыларды көшеде қуып жүріп ұстап, жас ағызатын газ шашты, резеңке оқ пен жарқылдақ граната қолданды. Билік бір адамның қаза болғанын хабарлады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Previous slide
Next slide
ІІМ таратқан ресми ақпаратта 11 тамыз күні сағат 23:00 шамасында Притыцкий көшесінде баррикада орнатпақшы болған наразылармен қақтығыс кезінде ер адамның полицияның арнаулы жасағына лақтырмақшы болған белгісіз зат оның қолында жарылып, ауыр жараланған әлгі азаматтың қаза тапқаны айтылған.
Дүйсенбінің кешіндегі наразылық акциясы кезінде Притыцкий көшесінде бірнеше мың адам болған. Куәгерлердің сөзінше, полиция оларды тарату үшін жарқылдақ граната қолданып, жас ағызатын газ шашқан.
Ескерту! Суреттерде қан және басқа да зорлық белгілері бар.
Полиция жасағы наразылық акциясын күшпен басқан кезде зардап шеккен адамдар. Минск, 10 тамыз 2020 жыл.
Президент сайлауынан кейін қақтығыстар кезінде адам өлгенін билік алғаш рет растап отыр. Бұған дейін құқық қорғаушылар дүйсенбіге қараған түні Минскіде полиция көлігі бейбіт наразылық акциясына шыққан адамдарды қағып-соғып өткен кезде бір азаматтың қаза болғаны туралы хабарлаған, бірақ ІІМ оны жоққа шығарған.
Қарсылық акциясына шыққандар көшеде қоқыс тастайтын ыдыстар мен өзге де заттардан баррикада орнатуға тырысқан. Минскідегі Пушкин даңғылында көлік жүретін жолды жауып тастаған.
"Пушкинская" метро станциясының маңында автобус жүргізушісі қатты жараланған. Ол дәл жанында жарылған гранатадан зардап шеккен. Азаттықтың Беларусь қызметі ("Свабода") медициналық жедел жәрдем көлігінде бір әйел адамның қимылсыз жатқаны туралы хабарлады.
Беларусь орталық сайлау комиссиясы дүйсенбі, 10 тамыз күні жексенбіде өткен президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялаған. Ресми мәлімет бойынша, елді ширек ғасырдан бері үздіксіз басқарып отырған Александр Лукашенконы қолдап, сайлаушылардың 80 пайызынан астамы дауыс берген. Оның негізгі бәсекелесі Светлана Тихановскаяға сайлаушылардың 10 пайызға жетер-жетпесі сенім білдірген.
Тихановская ОСК жариялаған сайлаудың алдын ала қорытындысын мойындаудан бас тартты.
ОСК-ның ресми мәліметі жексенбіде президент сайлауына дауыс беру аяқталғаннан кейін жарияланған мемлекеттік экзит-полл қорытындысымен ұқсас шықты. Оппозиция билік сайлаудың шынайы қорытындысын бұрмалады деп санайды. Минск пен облыс орталықтарында және өзге ірі қалаларда 9 тамыздың кешінде мыңдаған адам наразылық акциясына шығып, дауысты әділ есептеуді талап еткен. Полиция оларға жас ағызатын газ бен су шашып, қатты дыбысты жарқылдақ граната мен резеңке оқ қолданып, күшпен таратты. Ондаған адам зардап шекті. Ел көлемінде үш мыңға жуық адам ұсталды.