Accessibility links

АҚШ Иранға тоғызыншы түн қатарынан әуеден шабуылдады

АҚШ күштері Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясына жасаған зымыран соққысынан бүлінген Бандар-Хамирдегі көпірлердің бірі. 17 шілде, 2026 жыл.
АҚШ күштері Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясына жасаған зымыран соққысынан бүлінген Бандар-Хамирдегі көпірлердің бірі. 17 шілде, 2026 жыл.

АҚШ әскері Иран аумағына тоғызыншы түн қатарынан әуеден соққы жасады. Бұл туралы дүйсенбіге қараған түні АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлады.

CENTCOM бұл операциялар Ормуз бұғазы арқылы өтетін сауда кемелері мен азаматтық теңізшілерге қауіп төндіретін Иранның әскери әлеуетін әлсіретуге бағытталған дейді.

Иранның Tasnim агенттігі Тебриз бен тағы бірнеше қаласында, соның ішінде елдегі ең ірі Имам Хомейни портында жарылыстар болғанын хабарлады.

Бұған дейін Иранның Иорданияға жасаған әуе шабуылынан екі америкалық жауынгер қаза тапқан. АҚШ оған қарымта ретінде Ислам революциясы сақшылар корпусының нысандарына соққы берген еді.

Айдар
XS
SM
MD
LG