Accessibility links

Пашинян сайланбаған соң Армения қайта көтерілді


Еревандағы Никол Пашинянды қолдау шеруі. 2 мамыр 2018 жыл.

Армениядағы билік партиясы Пашинянды премьер-министр етіп сайлауға әуелі қарсы дауыс беріп, сәрсенбіде халық толқуы қайта күшейген соң мамырдың 8-індегі сайлауда қолдайтынын айтты.

Мамырдың 2-сінде Никол Пашинян билік басындағы Республикалық партияның мамырдың 8-іне белгіленген премьер-министрі сайлауы кезінде "парламенттің үштен бірі қолдаған кез-келген кандидатқа дауыс беретіні" туралы мәлімдемесін сақсына құптады. Республикалық партия осындай жолмен халық толқуын тыныштандырмақ. Оппозициялық "Елк" блогының жетекшісі Пашинян жақтастарын мамырдың 3-інде де наразылық акциясын жалғастыруға шақырды.

Сәрсенбіде жүздеген демонстрант Армения астанасындағы күре жолдардың бірін және әуежайды жауып тастады. Олар осындай жолмен жаппай ереуілге шақырған оппозиция жетекшісі Никол Пашинянға қолдау көрсетті. Парламент сейсенбі күні Пашинянды премьер-министр етіп сайлауға қарсы дауыс берген. Демонстранттар жауып тастаған "Звартноц" әуежайына қауіпсіздік күштері жиналды.

Сәрсенбіде Ереванның басқа аудандарында студенттер топ-топ болып шеру тартты. Шерудің бір бөлігін бастап шыққан Пашинян дауыс зорайтқышпен жақтастарына қорғаныс министрлігі мен денсаулық сақтау қызметінің көліктерінің жүрісіне кедергі болмауды сұрады. Жабылған жолдардың бірі Арменияны Таулы Қарабақпен жалғап тұр.

Демонстрацияға Тавушск облыстық әкімшілігінің қызметкерлері мен облыс орталығы Иджеван қаласы мэриясының барлық қызметкері қосылды.

Көре отырыңыз: Пашинянның жақтастары қайта шеруге шықты

Пашинянның жақтастары қайта шеруге шықты
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:06 0:00

Мамырдың 1-інде Армения парламентінің 55 мүшесі Пашинянды премьер-министр етіп сайлауға қарсы дауыс берген. 45 депутат оппозициялық "Елк" фракциясының жетекшісін жақтап шыққан. Дауыс беруден бұрын парламенттегі көпшілік болып саналатын Республикалық партия Пашинянға қарсы шығатынын мәлімдеген.

Сейсенбіде күні бойы жалғасқан Армения парламентіндегі дауыс беру кезінде жаңа премьер-министр лауазымы үшін оппозиция жетекшісі Никол Пашинянның кандидатурасы ғана қаралған. 42 жастағы Пашинян парламенттегі барлық оппозициялық фракциялардың қолдауына ие. Ал қазірге дейін билік партиясы саналып келген республикашылар 105 мандаттың 58-ін алып отыр.

Дауыс беру алдында парламент мүшелерінің алдында сөз сөйлеген Никол Пашинян өткен апта бойы жалғасқан қарслық шеруінен соң отставкаға кеткен премьер-министр Серж Саргсянның партиясын жаңа сайлауды болғызбауға тырысты деп айыптаған. Пашинян толқудың кез-келген уақытта жанданып кетуі мүмкін екенін ескерткен.

Армения парламентінің отырысы. Ереван, 1 мамыр 2018 жыл.
Армения парламентінің отырысы. Ереван, 1 мамыр 2018 жыл.

- Республикалық партияның премьер сайлауын болдырмау әрекеті саяси дауыл тудырады. Барлығы шешімдеріңізге қарап тұр. Уа, халқым, мыналар жеңісіңді ұрлап әкетпек. Көшеге шық, - деген ол.

Пашинян демонстранттардың талабымен келіспейтіндерді, толқыған халықтың қуанышына ортақтаспайтындарды "сатқындарға" теңеген.

- Бұл оянудан енді қашып құтылу жоқ, кері қайту және жоқ. Бүгінгі талқылау премьер-министрдің кім болатынын емес, халықтың қуанышы мен бақытын кім бөлісетінін анықтау туралы. Кімде-кім бұл бақытты сезінуден мақұрым қалса, онда халқын сатып кетті деген сөз. Жеңген - халық. Бостандық жасасын! Армения республикасы жасасын! - деген ол.

Көре отырыңыз: Пашинянның парламенттегі сөзі

Пашинян: "Жеңген - халық"
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:44 0:00

Сейсенбі күні Пашинянның мыңдаған жақтасы Еревандағы Республика алаңына жиналған.

Армениядағы наразылық шараларының басында жүрген "Елк" саяси блогының жетекшісі жаңа премьер-министр сайлауына жалғыз кандидат болып тіркелген. Шерушілер талабына орай биліктегі Республикалық партия премьерлікке кандидат ұсынбаған.

Бірақ парламенттің вице-спикері Республикалық партия өкілі Эдуард Шармазанов мамырдың 1-інде Никол Пашинянның бір күн бұрын айтқан сөздерімен келіспейтінін мәлімдеген.

- Кешегі кездесуге қарағанда Пашинян мырзаның премьер-министр бола алмайтынына сенімдімін, - деген ол журналистерге.

Республикалық партияның парламенттегі фракциясының жетекшісі Вахрам Багдасарян мамырдың 1-інде журналистерге партия мүшелерінің дауыс беру тәсіліне қатысты ортақ шешім жасалғанын айтқан.

- Фракция мүшелері шешім қабылдап жатқанда қалай дауыс беретіндеріне қатысты қысымға ұшыраған жоқ, - деген Багдасарян.

Армения конституциясы бойынша премьер-министр болып сайлану үшін кандидатты 105 депутаттың 53-і қолдауы қажет.

Көре отырыңыз: Ереванда премьер сайлауын күткен жұрт

Ереванда премьер сайлауын күткен жұрт
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:20 0:00

Сәуірдің 17-інде бұрынғы президенті Серж Саргсян премьер-министр болып тағайындалған. 2008-2018 жылдары екі мерзім ел басқарған Саргсян президенттіктен кеткенде билікке қайта оралмайтынын айтқан. Бірақ биліктен кетіп жатқанда Арменияда конституцияға өзгеріс еніп, билік премьер-министрдің қолына өткен.

Саргсян премьер-министр болып тағайындалған күні парламенттегі "Елк" фракциясының басшысы Никол Пашинян бейбіт "барқыт төңкерісі" басталғанын жариялаған. Ереванда шеруге шыққан мыңдаған адам Саргсян "билікті басып алды" деп айыптаған.

Саргсян мен ел билігі Пашинян бастаған оппозиция мен наразыларды келіссөзге шақырған. Бірақ Саргсян мен билік арасындағы келіссөздерден еш нәтиже шықпады әрі наразылар өз талаптарынан қайтпады.

Сәуірдің 23-і күні Серж Саргсян "ел болашағы үшін" отставкаға кеткен.

Көре отырыңыз: Армения неге толқып тұр?

Жаһан жаңалықтары. Апта 20.04.2018
please wait

No media source currently available

0:00 0:16:52 0:00

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG