Accessibility links

Назарбаев неге ашуланды? "Жастар жылы" не береді?


Назарбаев неге ашуланды? "Жастар жылы" не береді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:48:38 0:00

Назарбаев неге ашуланды? "Жастар жылы" не береді?

AzattyqLIVE тікелей эфирінде соңғы аптада қоғам назарын аударған – Назарбаевтың үкімет жиынында министрлерді сынауы, "Зұлмат" деректі фильмінің көрсетілуі, өткен аптадағы "жастар жылының" салтанатты ашылуы және өзге де маңызды тақырыптар талқыланды. Хабар қонағы - саясаттанушы Айдос Сарым болды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаңтардың 30-ы күні үкіметтің кеңейтілген жиынында министрлерді сынап, "үкімет міндетін дұрыс атқармай отыр" деп шенеуніктерді айыптады.

"Үкімет емес, министрлер емес, қорқақсыздар! Сонда не үшін жұмыс істеп отырсыздар? Банктердің бәрін тазалаңыздар. Сонда ғана үкімет міндетін дұрыс атқарды деп санаймын. Осыны істеп отставкаға кетіңіздер, жұмыс деген сол болады" деді президент.

Тікелей эфирді көріңіз:

Бірақ ізінше президент Бақытжан Сағынтаевқа бұл сөзі арқылы одан қызметінен кетуді талап етіп отырмағанын түсіндірді.

"Барлығымыз бірнәрсе жасап жатқандай боламыз, ал нақты атқарылған жұмыс жоқ. Премьер-министр барлығын жеке-жеке тәртіпке салып, мына мәселені шешсін. Мен тек "кету" туралы жай айттым. Кетпеңіздер, жұмыс істеп, есеп беріңіздер" деді Назарбаев премьер-министрге.

Қаңтардың 30-ы күні кешке Алматыдағы "Арман" кинотеатрында журналист Жанболат Мамайдың 20 ғасырдың бас кезінде Қазақстанда болған ашаршылық туралы деректі фильмі көрсетілді. Бір сағат 25 минутқа созылған деректі фильмді көруге көп адам жиналды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, көрерменнің көптігіне байланысты фильм бір мезгілде театрдың үш залында қатар қойылған. Алайда соған қарамастан залға сыймаған кей адамдар фойеде тұрып қалды.

"Арман" кинотеатрына Жанболат Мамайдың қазақ жеріндегі ашаршылық туралы "Зұлмат" деректі фильмін көруге келгендер. Алматы, 30 қаңтар 2019 жыл
"Арман" кинотеатрына Жанболат Мамайдың қазақ жеріндегі ашаршылық туралы "Зұлмат" деректі фильмін көруге келгендер. Алматы, 30 қаңтар 2019 жыл

Ал қаңтардың 23-і күні Астанада ЭКСПО көрме кешенінде Қазақстандағы "Жастар жылының" ашылуына арналған форум өтті. Салтанатты шараға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, үкімет өкілдері, белгілі жастар қатысты. Түрлі салада қызмет ететін және білім алып жатқан жастар сөз сөйледі. Олар өз салаларында жеткен жетістіктерін баяндап, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "жастардың жетістікке жетіп, елге қызмет етуіне мүмкіндіктер жасағаны үшін" алғыс білдірді.

Соңғы уақытта бұдан бөлек – әнші Гаухар Әлімбекованың түрмеге қамалуы, кәсіпкер Марғұлан Сейсембаевтың "үстімнен қылмыстық іс қайта қозғалды" деп мәлімдеуі сияқты оқиғалар қоғамда қызу талқыланды.

Саясаттанушы Айдос Сарым осы және өзге де маңызды оқиғалар мен мәлімдемелер жайлы ойларын ортаға салды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG