Accessibility links

Полиция белсенділерді неге ұстады?


AzattyqLive қонағы құқық қорғаушы Ерлан Қалиев (оң жақта) және журналист Қасым Аманжол. Алматы, 21 ақпан 2019 жыл.
AzattyqLive қонағы құқық қорғаушы Ерлан Қалиев (оң жақта) және журналист Қасым Аманжол. Алматы, 21 ақпан 2019 жыл.

Алматыда қала әкімінің тұрғындармен есептік кездесуіне қатыспақ болған бірнеше белсендіні полиция алып кетті. Ондаған азамат жиынға қатыса алмады. AzattyqLIVE тікелей эфирінде белсенді азаматтарды полицияның ұстауы мәселесі талқыланды. Алматыдағы студия сарапшысы құқық қорғаушы Ерлан Қалиев болды.

Алматы қалалық полиция департаменті қала әкімі Бауыржан Байбектің кеше, ақпанның 20-сында өткен есеп беру жиынына қатыспақ болған кейбір белсенділердің ұсталуына қатысты ақпарат таратты.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, "полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің алдын алған".

Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламасында "Әкімнің есеп беру кездесуі алдында бірқатар тұлға шараны бұзуға тырысты. Құқық қорғау органдарының бірнеше рет ескерткеніне қарамастан қоғамдық тәртіп бұзушылар шараны өткізуге кедергі келтіруін доғармады" деп жазылған.

Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, полицейлер белсенділерді Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің "ұсақ бұзақылық" тармағына сәйкес ұстаған. Полиция департаменті "жағдайды анықтап, заңнамада көрсетілген шараларды қабылдау үшін ұсталғандар бөлімшелерге жеткізілді" деп мәлімдеді.

Ақпанның 20-сында Азаттық Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің есеп беру жиыны басталар тұста бірнеше белсендінің ұсталғанын хабарлаған. Ұсталғандар арасында "Көкжайлауды қорғайық!" қозғалысының белсендісі Андрей Бузыкин бар. Құқық қорғаушы Ерлан Қалиев те өзінің ұсталғанын жазды. Белсенді Марат Тұрымбетов өзін полиция бөлімшеге әкетіп, кейін босатқанын хабарлады. Бір күн бұрын белсенділер Дильнар Инсенова мен Сахиб Жаңабаеваға полицияның барғаны туралы ақпарат шықты.

Оқи отырыңыз: Әкімдердің есеп беру жиыны қалай өтті?

Байбектің есеп беру жиыны алдында белсенділер алғаш рет ұсталып отырған жоқ. Былтыр Республика сарайына кірмек болған бірнеше белсенді мен азаматты бірнеше сағат шағын автобуста ұстап, кейбірін полиция бөлімшесіне әкеткен.

Әкім есебіне бармақ болған азаматтарды полицияның ұстауы олардың конституциялық құқығын бұзған жоқ па? "Бұзақылықтың алдын алу" күдігінің бұл мәселеде қолданылуы орынды ма? Заңгер Ерлан Қалиев осы және өзге де сауалдарға жауап берді.


  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG