Accessibility links

Қорғас туралы "хайп" және Тоқаев уәдесінен кейінгі болжамдар

'Қорғас" құрлық порты. Көрнекі сурет.
'Қорғас" құрлық порты. Көрнекі сурет.

Осы аптада халықаралық басылымдар "Батыс пен Шығыс арасында тауар ағылатын қақпа болады" деп болжанған "Қорғас" құрлық портының өзінен гөрі жарнамасы асып түскенін, шын мәнінде оның "орта дәрежедегі инфрақұрылымдық жоба" екенін жазды. Бұған қоса, халықаралық БАҚ "Тоқаев кезеңінің" болашағына зер салып, АҚШ-та жалғасып жатқан БТА мен Храпунов арасындағы "құқықтық текетірес" жайлы мақала жариялады.

"ЖАҺАНДЫҚ ЖОБА ЕМЕС - АЙМАҚТЫҚ ТЕРМИНАЛ"

Америкада шығатын The Diplomat басылымында жарық көрген "Бір белдеу – бір жол бағдарламасы аясындағы хайп" атты мақаласында Принстон университетінің инвестиция бойынша сарапшысы Генри Руэль "құрлықтағы ең үлкен порт болады, Батыс пен Шығыс арасында тауар ағылатын қақпа болады" деп болжанған Қытай мен Қазақстан арасындағы Қорғас (Қазақстандағы ресми атауы - KTZE-Khorgos Gateway) портының қазіргі жағдайы саяси арена мен ақпарат құралдарында дабырлатып айтатындай емес деп санайды.

Оның айтуынша, Қорғас қазір "ғаламдың сауданың хабына емес, Қытай тауарларын Ресей мен Орталық Азияға жөнелтетін аймақтық теміржол терминалына" көбірек ұқсайды. Оның үстіне, "Қорғас арқылы жөнелтілетін тауардың 80 пайызы бұрынғы Совет одағы елдеріне жіберіледі, әрі оның 35-40 пайызы жалғыз Өзбекстанға кетеді.

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы "Қорғас" құрлық порты. Желтоқсан, 2017 жыл.
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы "Қорғас" құрлық порты. Желтоқсан, 2017 жыл.

Батыс Еуропаға дейін жол жүріп баратын контейнерлер саны жыл сайын Қытайдан Еуропаның порттарына кемемен жететін миллион контейнердің өте аз бөлігін ғана құрайды. Операторларының айтуынша, тіпті Қорғас толық күшімен жұмыс істеген күннің өзінде (әрі бұл Қытай мен басқа акционерлер күткендегіден ұзаққа созылуы мүмкін) ол Қытай мен Еуропа арасындағы тауар саудасының 1-2 пайызына ғана жете алмақ.

"Бұл да жаман емес, бірақ оның әлемде өзгертетіндей ықпалы болады деп айту қиын" дейді сарапшы.

Автор Қорғас бекетінің ерекше табыс әкелеріне де күмән келтіреді. Оның айтуынша, қазір бұл бекет көбіне Қытай үкіметінің субсидияларының арқасында ғана жұмыс істеп тұр. "Қытай Қорғас арқылы теміржолмен тауар жөнелту шығындарының 30-40 пайызына дейін үлкен субсидия беріп отыр" дейді сарапшы. Халықаралық бейбітшілік бойынша Карнеги қорының есебіне сәйкес, Қытайдан Батысқа тартылған теміржол "дәл қазір Қытайдың субсидиясынсыз экономикалық тұрғыда тиімсіз болар еді".

Оның үстіне, "Бір белдеу – бір жол" бастамасының басқа жобаларымен салыстырғанда Қорғаста Қазақстан жағының үлесі көп әрі оның құрылысына да Қазақстан көбірек ақша жұмсаған.

"Қытай Қорғас арқылы жүретін саудаға өте көп ақша жұмсап жатқанымен, порттың жұмысынан пайда тауып отырған жоқ. Қытай және онымен байланысты мекемелердің құрлықтағы порттағы және онымен байланысты логистикалық және индустриялық орталықтардағы салыстырмалы үлесі аз. COSCO құрлықтағы порттың 49 пайызына иелік еткенімен, оның басым көпшілік үлесі Қазақстанның мемлекеттік теміржол компаниясына тиесілі. Порттың өзін Дубайда орын тепкен, ашық саудадағы DPWorld компаниясы басқарады. "Бір белдеу – бір жолдың" басқа жобаларынан ерекшелігі – Қорғасты Қазақстан үкіметі Қытайдан қарыз алмастан қаржыландырып, өз жұмысшыларына салғызған" дейді Г.Руэль.

"Қорғас" құрлық порты туралы деректі фильм:

Жаңа Жібек жолы: даму ма, алдану ма?
please wait

No media source currently available

0:00 0:29:59 0:00

Сондықтан сарапшы Қорғас портын төңірегіндегі дәстүрлі пікір жаңсақ деп есептейді. "Құрлықтағы порт Қытайдың әлемді трансформациялап, 21 ғасырдағы үстемдік құру жоспарының шешуші тұсы емес. Ол – жақсы ойластырылған орта дәрежедегі инфрақұрылымдық жоба, бірақ оның қаржылық тиімділігі әлі дәлелденген жоқ... Қытай Қазақстанға Қорғас арқылы көп ықпал ете алмайды, себебі ол порттың кредиторы да, тұрғызушысы да, операторы да, мажоритарлық қожайыны да емес".

Автордың ойынша, Қорғас портын "Бір белдеу – бір жол" идеясының үлгісі деуге келмейді. Есесіне одан бірнеше жүз километр оңтүстікке қарай орналасқан Бішкек электр стансасында Қытайдың ықпалы да, жемқорлық та күшті дейді сарапшы. Автор Қорғасты Қытай ықпалына тым тәуелді болып қалмаудың үлгісі ретінде көрсетеді әрі бұған Қазақстанның экономикалық тұрғыда біршама ауқаттылығы әсер етті дейді.

"ТОҚАЕВ НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛЫН ЖАЛҒАЙДЫ"

The Diplomat басылымындағы келесі мақалада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас ассамблеясына мемлекет басшысы ретінде алғаш рет қатысып, сөз сөйлегені туралы айтады. Автор Ян Линчтың айтуынша, жаңа президенттің "тұрақтылықты сақтау үшін ішкі реформалар сатылап жүргізілуі керек" деген жаттанды мәлімдемесі оның Назарбаев курсын жалғастыратынын дәлелдейді. Бұған қоса, оның "саяси трансформация туралы уәделері үкіметтің әрекеттерімен қабыса қоюы екіталай" деп санайды.

"Алдыңғы президент сияқты Тоқаев та БҰҰ Бас ассамблеясында өзін қаруды бақылау, бейбітшілік орнату және тұрақты даму сияқты жаһанды толғандыратын мәселелер бойынша жауапты тұлға ретінде таныстырды. Ал өз елінде Тоқаев адам құқықтарын қорғауды жақсартатынын, саясатты анағұрлым инклюзивті етететінін жариялаған. Алайда нақты реформалар елес болып қалатын сияқты, себебі биыл болған халық шеруіне полиция ерекше қарқынмен жауап берді. Маусым айында бәсекесіз президент сайлауына наразылық білдіріп шыққан жүздеген адам ұсталды, ал мамыр айында жұрт алдына ақ парақ ұстап шыққан адам қамалды" деп жазады автор.

Полиция адамдарды қалай ұстады?

Полиция Алматыдағы Панфилов көшесінің бойында адамдардың бірін ұстап, көлікке салып жатыр. Қазақстан соты экстремистік деп таныған ҚДТ қозғалысы билікке қарсы наразылық шарасын осы маңда өткізуге шақырған. Ұсталғандардың арасында билік жүйесіне қарсы наразылық білдіргендер, "саяси тұтқындарды" босатуды талап еткендер және "Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобаларына" қарсы шыққандар болды. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
1/17 Полиция Алматыдағы Панфилов көшесінің бойында адамдардың бірін ұстап, көлікке салып жатыр. Қазақстан соты экстремистік деп таныған ҚДТ қозғалысы билікке қарсы наразылық шарасын осы маңда өткізуге шақырған. Ұсталғандардың арасында билік жүйесіне қарсы наразылық білдіргендер, "саяси тұтқындарды" босатуды талап еткендер және "Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобаларына" қарсы шыққандар болды. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция ондаған адамды ұстады. Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов жұртты осы күні билікке қарсы наразылыққа шақырған.
Алматыда түске таман бірнеше адам "митинг болады" деп алдын ала белгіленген орынға келіп, билікке талап айта бастады. Бірақ полиция қызметкерлері оларға сөзін аяқтатпай, ұстап әкетті. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
2/17 Алматыда түске таман бірнеше адам "митинг болады" деп алдын ала белгіленген орынға келіп, билікке талап айта бастады. Бірақ полиция қызметкерлері оларға сөзін аяқтатпай, ұстап әкетті. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция ондаған адамды ұстады. Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов жұртты осы күні билікке қарсы наразылыққа шақырған.
Әкімдік өкілдері, прокурорлар жұртқа "митингінің заңсыз екенін айтып", тарауды талап етті. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
3/17 Әкімдік өкілдері, прокурорлар жұртқа "митингінің заңсыз екенін айтып", тарауды талап етті. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция ондаған адамды ұстады. Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов жұртты осы күні билікке қарсы наразылыққа шақырған.
Кейін полиция мен арнайы жасақ адамдарды шетінен ұстай бастады. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
4/17 Кейін полиция мен арнайы жасақ адамдарды шетінен ұстай бастады. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция ондаған адамды ұстады. Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов жұртты осы күні билікке қарсы наразылыққа шақырған.
Азаттық тілшісі полицияның шамамен 20 адамды ұстап әкеткеніне көрді. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
5/17 Азаттық тілшісі полицияның шамамен 20 адамды ұстап әкеткеніне көрді. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция ондаған адамды ұстады. Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов жұртты осы күні билікке қарсы наразылыққа шақырған.
Ұсталғандар арасында билікті сынағандар да болды. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
6/17 Ұсталғандар арасында билікті сынағандар да болды. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция ондаған адамды ұстады. Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов жұртты осы күні билікке қарсы наразылыққа шақырған.
Полиция әкеткендердің арасында "жай жүрміз", "жұмысқа кетіп бара жатыр едім" дегендер де болды. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
7/17 Полиция әкеткендердің арасында "жай жүрміз", "жұмысқа кетіп бара жатыр едім" дегендер де болды. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция ондаған адамды ұстады. Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов жұртты осы күні билікке қарсы наразылыққа шақырған.
Арнайы жасақ өкілдері бірнеше адамды күштеп көлікке салды. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
8/17 Арнайы жасақ өкілдері бірнеше адамды күштеп көлікке салды. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция ондаған адамды ұстады. Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов жұртты осы күні билікке қарсы наразылыққа шақырған.
Арнайы жасақ өкілдері адамдардың бірін ұстап әкетіп барады. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
9/17 Арнайы жасақ өкілдері адамдардың бірін ұстап әкетіп барады. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция ондаған адамды ұстады. Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов жұртты осы күні билікке қарсы наразылыққа шақырған.
Нұр-Сұлтанда да полиция "митинг белгіленген аумақ" - Есіл сауда үйінің алдында ондаған адамды ұстады. Ұсталғандардың кейбірінің қолында плакат болды. Нұр-Сұлтан, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
10/17 Нұр-Сұлтанда да полиция "митинг белгіленген аумақ" - Есіл сауда үйінің алдында ондаған адамды ұстады. Ұсталғандардың кейбірінің қолында плакат болды. Нұр-Сұлтан, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция ондаған адамды ұстады. Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов жұртты осы күні билікке қарсы наразылыққа шақырған.
Арнайы жасақ "митинг белгіленген жерде" адамдардың бірін ұстап әкетіп барады. Нұр-Сұлтан, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
11/17 Арнайы жасақ "митинг белгіленген жерде" адамдардың бірін ұстап әкетіп барады. Нұр-Сұлтан, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция ондаған адамды ұстады. Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов жұртты осы күні билікке қарсы наразылыққа шақырған.
Арнайы жасақ және ұсталған адам. Нұр-Сұлтан, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
12/17 Арнайы жасақ және ұсталған адам. Нұр-Сұлтан, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция ондаған адамды ұстады. Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов жұртты осы күні билікке қарсы наразылыққа шақырған.
Арнай жасақ ұсталған адамды автобусқа салып жатыр. Нұр-Сұлтан, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
13/17 Арнай жасақ ұсталған адамды автобусқа салып жатыр. Нұр-Сұлтан, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция ондаған адамды ұстады. Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов жұртты осы күні билікке қарсы наразылыққа шақырған.
Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің өкілі "митинг өткізу жайлы ешкімнен өтініш түспегенін, шараның заңсыз екенін ескертіп", жұрттан тарауды сұрады. Полиция оқиға орнынан хабар таратып жүрген Азаттық тілшісі Сәния Тойкенді ұстап, кейін қайта босатты. Нұр-Сұлтан, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
14/17 Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің өкілі "митинг өткізу жайлы ешкімнен өтініш түспегенін, шараның заңсыз екенін ескертіп", жұрттан тарауды сұрады. Полиция оқиға орнынан хабар таратып жүрген Азаттық тілшісі Сәния Тойкенді ұстап, кейін қайта босатты. Нұр-Сұлтан, 21 қыркүйек 2019 жыл. 
21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция ондаған адамды ұстады. Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов жұртты осы күні билікке қарсы наразылыққа шақырған.
Шымкентте де полиция Ордабасы алаңы маңында бірнеше адамды ұстады. Шымкент, 21 қыркүйек 2019 жыл.
15/17 Шымкентте де полиция Ордабасы алаңы маңында бірнеше адамды ұстады. Шымкент, 21 қыркүйек 2019 жыл.
21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция ондаған адамды ұстады. Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов жұртты осы күні билікке қарсы наразылыққа шақырған.
Белгісіз адамдар оқиға орнынан хабар таратып жүрген Азаттық тілшісіне қолшатырмен кедергі келтірді. Шымкент, 21 қыркүйек 2019 жыл.
16/17 Белгісіз адамдар оқиға орнынан хабар таратып жүрген Азаттық тілшісіне қолшатырмен кедергі келтірді. Шымкент, 21 қыркүйек 2019 жыл.
21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция ондаған адамды ұстады. Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов жұртты осы күні билікке қарсы наразылыққа шақырған.
Қазақстан ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан мен Алматыда &quot;елде тыйым салынған ұйымның арандатуына ілесіп, митинг өткізбек болған&quot; 57 адамның ұсталғанын, олардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.&nbsp;<br />
<br />
&nbsp;
17/17 Қазақстан ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан мен Алматыда "елде тыйым салынған ұйымның арандатуына ілесіп, митинг өткізбек болған" 57 адамның ұсталғанын, олардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. 

 
21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция ондаған адамды ұстады. Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов жұртты осы күні билікке қарсы наразылыққа шақырған.
Previous slide
Next slide

Автордың ойынша, Қазақстан президенті елдің қоғамдық-саяси өмірін реформаламайынша экономикалық дамудың болмайтынын мойындаған. БҰҰ Бас ассамблеясындағы сөзінің соңында ол "әл-ауқатты мемлекет құруға ынталы екенін" және "барлық құқық қорғау органдары мен соттарды өзгерістер күтіп тұр" деген.

Сарапшының айтуынша, Тоқаевтың БҰҰ-дағы сөзі оның халыққа арнаған жолдауымен сәйкес келеді. 2 қыркүйектегі халыққа жолдауында президент "тым репрессияшыл әдістерден және сот арқылы қатаң жазалау практикасынан бас тарттық" деген.

"Әзірге саяси еркіндік саласындағы өзгерістер президенттің уәдесімен қабыспайды. Халыққа арнаған жолдауында ол "бейбіт шерулерге рұқсат берілуі керек" деген. Алайда БҰҰ Бас ассамблеясында сөз сөйлерден бірнеше күн бұрын, 21 қыркүйекте ҚДТ тыйым салынған оппозициялық қозғалысы ұйымдастырған рұқсат етілмеген митингіде ондаған адам ұсталды" деп жазады автор.

Сарапшының айтуынша, экономика саласында бұрынғы саясат көп өзгеріске ұшырамайды. "Халыққа арнаған жолдауында экономикалық реформаларға кеңінен тоқталғанына қарамастан, Тоқаев Йоахим Аренс, Герман Хоэн және Мартин Спечлер есімді ғалымдар "Қазақстанның екіжақты экономикасы" деп ат қойған жағдайды көп өзгерте қоймайтын сияқты. Ол бойынша мемлекет элитаға қамқорлық жасау үшін басты секторларда үстемдік етеді, шағын бизнес өкілдеріне тек шеткері секторларда экономикалық еркіндік береді".

БТА & ХРАПУНОВ АРАСЫНДАҒЫ СОТ ДАУЫ

Bloomberg ақпарат агенттігі сайтының жазуына қарағанда, Нью-Йорк соты БТА банктің Қазақстандағы ең үлкен қала – Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновты "ақшаны заңдастыру мақсатында қаржылық алаяқтыққа барды" деп айыптаған талап-арызын кері қайтарған. Шағымданушылардың айтуынша, Храпунов заңсыз ақшаны Манхэттендегі құрылыс жобаларына пайдаланған.

АҚШ аймақтық сотының судьясы Алисон Натанның айтуынша, істе айыпталушы болған Нью-Йоркте орналасқан Chetrit Group құрылыс компаниясының 2015 жылы БТА банкпен келісімге келуі экс-әкімнің бұл компанияға заңсыз ақша аударды деген айыбын жоққа шығарады. Осыдан төрт жыл бұрын болған бұл келісім бойынша Храпунов отбасы Chetrit Group-тің Манхэттеннің орталығындағы Flatotel жобасындағы үлесін сатып жіберген.

БТА банктің айтуынша, Храпунов Алматыдан 300 миллион доллардай ақша жымқырып, оны жылжымайтын мүлік жобаларына салған. Ақпарат агенттігінің жазуынша, соттың бұл шешімі БТА банктің Flatotel жобасына қатысты Храпуновқа заңды кінә таға алады ма деген мәселені ғана қарастырған.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУДА МИФТІ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНДЫ?

Ұлыбританияда орналасқан The Foreign Policy Centre зерттеу ортылығы бұрын Совет одағына қараған Орталық Азия елдерінің мемлекет құру процесінде ежелгі аңыз-әпсаналарды қалай пайдаланып жатқанын, бұл әдістің қаншалық сәтті шыққанын әрі туыстас елдердің әркелкі бағытта таңдағанын сарапқа салады.

Сарапшының айтуынша, аймақтағы бес республика ішінде бір ғана тарихи тұлғаны мемлекеттің өткені туралы аңыздың өзегі етіп алып, жақсы жетістікке жеткен ел – Өзбекстан. Марқұм алғашқы президент Ислам Каримов тұсында-ақ Өзбекстан Әмір Темірді ұлттық батыр етіп жариялаған. Автордың айтуынша, "14 ғасырда өмір сүрген түркі-моңғол қолбасшысы Темірлан – Орталық Азиядағы ең соңғы үлкен империяны құрған тұлға". Автордың айтуынша, қатыгез де жауынгер қолбасшыны ұлттық батыр етіп алу – Каримовтің Өзбекстанды Орталық Азияның көшбасшысы ету ниетімен тоқайласқан.

Мәдени және тілдік тұрғыдан түркілерден гөрі парсыларға жақын Тәжікстан болса, 9-10 ғасырдарда Орталық Азияда үстемдік құрған Парсы мемлекеті – Саманидтер империясының сарқыншағымыз деп жариялаған. Олар тіпті елдің ұлттық валютасына, ең биік шыңға Саманидтердің атын берген, ел астанасы Душанбеде Саманидің үлкен ескертшікі тұр. Автордың айтуынша, қазіргі Тәжікстанға сол кездегі құдыретті Саманидтер мемлекетінен көп нәрсе қалмаған. Совет билігі одақтас республикаларды бөлгенде Саманидтердің ең басты қалалары – Бұқара мен Самарқанд Өзбекстанға берілген. Саманидтерге арқа сүйеу арқылы Тәжікстан Орталық Азиядағы көршілерінің жеріне көз алартады деп санайды автор.

Автордың айтуынша, совет мемлекеті құрылғанша ру-ру болып басы бірікпей, көшпенді тұрмыс кешкен түркімендер үшін біртұтас ұлттық батырды анықтау қиынға соққан. Дегенмен олар жартылай аңызға айналған, түркілердің атасы саналатын Оғыз ханды және Мерв қаласында бекінген Селжұқ патшасы Сұлтан Санжарды батыр етіп алған. Дегенмен Түркіменстанның негізін қалаған басты тұлға – көп ғасыр бұрын өмір сүрген аңыз тұлғалар емес, елдің алғашқы президенті Сапармұрат Ниязов саналады дейді автор.

Сарапшының айтуынша, ұлттық құрамы әркелкі болғандықтан, Қырғызстан мен Қазақстан ұлттық идеяны қалыптастырғанда көрші елдер сияқты бірден негізгі ұлттың аңыздарына сүйенбей, "ұлттар достығы", "барша халықтың ортақ отаны" деген сияқты "нарративтерді" пайдаланған.

Қырғызстанның алғашқы президенті Асқар Ақаев "жаулары мен басқыншыларымен соғыстағы ерліктерін жырлайтын "Манас" эпосына ден қойған... Жауынгер, қамқор күйеу, бауырмал әке және елінің батыл қорғаушысы ретінде Манас көп позитивті образды топтастырады, сондықтан ол ұлт құру процесіне оңтайлы келді" деп жазады автор.

Дегенмен мұндағы басты мәселе – "Манастың" ең соңғы жазылған нұсқалары 18 ғасырға тиесілі әрі ол сол заманның оқиғаларын суреттейді, бұл Манас мың жыл бұрын өмір сүрді деген идеямен онша қабыспайды дейді автор.

Сарапшының айтуынша, Совет одағы тарағанда титулдық ұлты халықтың жартысына да жетпеген Қазақстанда президент Нұрсұлтан Назарбаев "жағдайды бақылап, ұлтшыл саясат жүргізбеді, сол арқылы түрлі этностық топтардың бейбіт өмір сүруіне, ұлтаралық қақтығыс болмауына мүмкіндік жасады".

Демографиялық жағдай өзгерген соң Қазақстан да артына үңіліп, ұлттың негізін қалаған тұлғаларды іздей бастады. Ресей президенті Владимир Путиннің "Қазақстанда ешқашан мемлекет болмаған деген" 2014 жылғы мәлімдемесі бұл процесті жеделдете түсті дейді сарапшы. 2015 жылы Қазақстанда Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілді.

Түрлі мерекелер мен шаралар өткізіп, фильм түсіргеніне қарамастан, Қазақстан басқа елдер сияқты Керей мен Жәнібек хандардың тұлғаларын насихаттамады дейді автор.

Айдар
XS
SM
MD
LG