Accessibility links

"Сапарға шыға алмадық". Вирус қазақстандықтардың жоспарын қалай өзгертті?


Алматы әуежайында СЭС қызметкері Қытайдан келген жолаушылардың дене қызуын тексеріп тұр. 21 қаңтар 2020 жыл.

Қытайда тараған коронавирус салдарынан қазақстандық студенттер шетелдегі оқуларына бара алмай отыр. Ал бұған дейін Қытай мен Шығыс-Азия елдеріне тур алып қойған туристер де жоспарларын өзгертуге мәжбүр.

САПАРҒА ШЫҒА АЛМАЙ ҚАЛҒАНДАР

Алматы тұрғыны Назым Жапарова (өтініші бойынша аты-жөні өзгертілді) әпкесі және оның қызы үшеуі қазір Таиландта демалып жүруі тиіс еді. Сөзінше, қаңтардың басында Таиландтағы Паттайя аралына билет алып, сапарға дайындалып жүрген. Қазір енді туристік компанияға төлеп қойған ақшасын қайтара алмай жатыр.

- Коронавирус сапарымызға әсер етті. Таиландқа сапарға екі ай бұрын дайындалдық. Билетті қаңтардың басында алып қойғанбыз. Тур агенттіктермен келісіп, қонақ үй, гид бәрін төлеп қойдық. Кейін барамыз деп ойладық. Коронавирус өршіп кеткен соң Таиландқа бара алмайсыздар деді. Билет бағасының елу пайызын қайтарамыз деді. Басқа ештеңе істей алмадық. Билет алғанда коронавирус мұндай шуға айналмаған еді. Ақшаны қайтармады. Қазір әпкем сөйлесіп жатыр – дейді ол.

Таиландтық әуе компаниясы ұшағының салонында дәрі сеуіп жүрген адамдар. Бангкок, 28 қаңтар 2020 жыл.
Таиландтық әуе компаниясы ұшағының салонында дәрі сеуіп жүрген адамдар. Бангкок, 28 қаңтар 2020 жыл.

Алматыдағы "Nt.kz" және "Dostyk Travel" туристік компанияларының өкілдері бұрын Қытайға тур сатып алған туристерді қазір БАӘ демалыс орындарына жіберіп жатқандарын айтты. Сөздерінше, туристердің басқа амалы жоқ.

Алматыдағы туристік компаниялар Қытайда болып келгендерді басқа елдердің демалыс орындары қабылдамай жатқанын да жеткізді.

Нұр-Сұлтан тұрғыны Қанат отбасымен наурызда Қытайдың Хайнань аралына баруы тиіс еді. Бірақ коронавирустың кесірінен көктемдегі он күндік еңбек демалысын қайда өткізетінін белгісіз.

- Туристік компания басқа қалаға жібереміз деп отыр. Бірақ қайда баратынымызды әлі білмейміз, - дейді ол.

Қытайдан еліне оралған украиналық турист Борисполь әуежайында. Киев, 30 қаңтар 2020 жыл. Көрнекі сурет.
Қытайдан еліне оралған украиналық турист Борисполь әуежайында. Киев, 30 қаңтар 2020 жыл. Көрнекі сурет.

БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ШЕКТЕУІ

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Сүлеймен Демирел университетінің (СДУ) Шығыс-Азия елдерінің біріне студент алмасу бағдарламасымен оқуға баруы тиіс он бестен астам студенті коронавирусқа байланысты сапарларын кейінге шегерген. Университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, студенттердің сапары Білім және ғылым министрлігінің қаңтардың 28-і күнгі арнайы қаулысы негізінде тоқтаған. Министрліктің 28 қаңтарда шыққан қаулысына сай, студенттер АҚШ пен Еуропа елдеріне ақпанның 20-сына дейін, ал Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қыркүйек айына дейін бара алмайды.

- Студенттер Оңтүстік-Шығыс Азияның бірнеше қаласында орналасқан жоғарғы оқу орындарына баруы тиіс болатын. Бірақ министрліктің қаулысын университеттің басшылығы да қолдады. Студенттер барғысы келді. Бірақ тыйым салдық. Өткені олардың өміріне жауапкершілікпен қарауымыз керек, - дейді СДУ өкілі Эльмира Мұстафаева.

СДУ өкілінің айтуынша, егер жағдай түзелсе, студенттер келесі оқу жылынан бастап шетелге оқуға бара алады.

Алматы мен Нұр-Сұлтан дәріханаларында медициналық маска тапшы. (31 қаңтар 2020 жыл)

Алматы мен Нұр-Сұлтан дәріханаларында медициналық маска тапшы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:36 0:00


Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 3-курсында оқитын студент (аты-жөнін атамауды сұрады) те Оңтүстік Кореядағы оқуына бара алмайтын болды.

- Ақпанның 24-і күні Сеул қаласына университеттен 40 студент ұшуымыз керек еді. Билеттерін алып, сондағы оқу орнымен келісім жасалған. Бірақ білім министрлігінің бұйрығынан соң оқу орны рұқсат етпей отыр. Студенттердің көбі 3-курста оқиды. Егер биылдан қалсақ, келесі жылы бара алмай қаламыз. Өйткені 4-курста диплом жұмысын жазуымыз керек. Бізге келесі оқу жылында барасыңдар деп отыр, - дейді ол.

Ақпанның 6-сындағы дерек бойынша, Қытайда 560-тан астам адам коронавирустан қайтыс болды. Вирус жұқтырғандар 28 мыңнан асып жығылады. Коронавирустан қайтыс болғандар мен вирус жұқтырғандардың 99 пайызы Қытайда.

Назым Жапарова мен әпкесі демалысын жоспарлаған Таиландта 25 адам, ал Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері баруы тиіс Оңтүстік Кореяда 18 адам вирус жұқтырған.

Коронавирус туралы не білу керек?

Коронавирус туралы не білу керек?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:28 0:00


Аса қауіпті вирус 2019 жылдың соңында Уханьдағы теңіз өнімдері базарынан тараған. Кейбір ақпарат құралдарының жазуынша, базар қаңтардың 1-і күні жабылғанға дейін онда теңіз өнімдері ғана емес, жарқанат, тауық, қоян мен жылан заңсыз саудаланып келген. Қазір Қытай елдегі жабайы жануарлар мен жәндіктер сататын базарлардың бәрін жауып тастады.

Қаңтардың 30-ы күні ДДСҰ коронавирусқа байланысты халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялаған. Әлемнің көптеген елі Қытай азаматтарына виза беруді шектеп, әуе компаниялары Қытайға ұшатын рейстерін күрт азайтты.

Қазақстан да Қытаймен әуе, теміржол және автобус қатынасын тоқтатқан. Қытай азаматтарына виза беруге де шектеу қойды. Қазақстан қатерлі вирустың эпицентрі Ухань қаласынан 83 азаматын елгі жеткізді. Тағы 8 қазақстандық Ресей және Өзбекстан ұшақтарымен Уханьнан шықты.

Қазақстанда және Орталық Азияда коронавирус жұқтырғандар тіркелген жоқ.


  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG