Accessibility links

Трамппен кездесу алдында Солтүстік Корея басшысы Қытайға барды


Трамппен кездесу алдында Солтүстік Корея басшысы Қытайға барды
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:45 0:00

Дүйсенбі күні Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Қытайға барды. Ким Чен Ынның алдын-ала жарияланбаған сапары жайлы Қытай және Солтүстік Кореяның ресми ақпарат құралдары жазды. Батыс сарапшыларының пікірінше, Трамппен кездесу алдында Пхеньян мен Пекин өзара ақылдасып, алдағы қимыл-әрекеттерін пысықтап алғысы келеді. Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысымен кездесу орнына қатысты екі ел арасында талқылаулар жүріп жатқанын айтқан. Ким Чен Ын өткен жылы Пекинге үш рет барған. Ким Чен Ын Қытай басшысымен маусым айындағы АҚШ-Солтүстік Корея саммиті алдында және одан кейін де кездескен.

XS
SM
MD
LG