Accessibility links

Судан тұрғындары азаматтық үкімет құрылуын талап етті


Судан тұрғындары азаматтық үкімет құрылуын талап етті
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:53 0:00

Судан астанасы Хартумда бейсенбі күні мыңдаған адам көшеге шығып, биліктің әскерилер қолында қалғанына наразылық білдірді. Бұған дейін телеарна арқылы жолдаған мәлімдемесінде елдің қорғаныс министрі Авад Мұхаммед Ахмед ибн Ауф тек екі жылдан кейін президент сайлауы болатынын айтқан. Президенттің отставкасын тойлап келген наразылар мұны естіген соң ашуланып, “бір ұрының орнына екінші бір ұры келді” деп айғайлап, наразылық танытты. Елде коменданттық сағат жарияланғанына қарамастан наразылар қорғаныс министрлігі ғимараты маңынан кетпей қойды. 11 сәуірде бірнеше айға созылған наразылықтан кейін ел президенті Омар әл-Баширдің отставкаға кеткені белгілі болған еді. Бірақ кейінірек биліктің толық әскерилер қолына өткені анықталды. Наразы азаматтар әскерилер жетекшілік жасайтын өтпелі кеңестің қарапайым азамат өкілдерінен құралғанын қалайды.

XS
SM
MD
LG