Accessibility links

АМТ кенші ереуілін "заңсыз" деп тануды сұрады


"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының ереуілге шыққан кеншілері. Желтоқсан, 2017 жыл. Сурет Қарағанды облысы әкімдігінің сайтынан алынды.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының ереуілге шыққан кеншілері. Желтоқсан, 2017 жыл. Сурет Қарағанды облысы әкімдігінің сайтынан алынды.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы желтоқсанның 11-інде басталған кеншілер ереуілін заңсыз деп тануды сұрап сотқа арыз түсірді. Жалақы өсіруді талап ететін жүздеген шахтер жер астынан шықпай жатыр.

Қарағанды облысында дүйсенбіден бері ереуілге шыққан шахтерлардың басым бөлігі жер астында, кеніштен шықпай отыр. Оларға наразылық акциясын тоқтатуды сұрап келіссөз жүргізуге тырысқан бастамашыл топтардың сөзі әсер етпеді.

30 ПАЙЫЗҒА КЕЛІСПЕУ

Теміртау шахтерларының талабы

Кеншілер қойған талаптар

  • Жер астында және үстіңгі жақта жұмыс істейтін жұмысшылардың жалақысын 100 пайызға көбейту;
  • Зейнеткерлікке 50 жастан шығу,
  • Еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жалақыны толық көлемде төлеу;
  • 2017 жылдың 13-жалақысын төлеу;
  • Жыл басынан бергі жалақыны 100 пайыз индекстеу;
  • Тариф кестесін жою;
  • Шахтаның қауіпті қабатында жұмыс істегені үшін үстеме ақы төлеу;
  • Мердігерлерді шахта штатына ауыстыру;
  • Демалыс үйлері мен санаторийлерге берілетін жолдама санын көбейту.
  • Шахтинск кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу.

— "Қорғау" кәсіподағы компаниямен үш күн бойы келіссөз жүргізіп жатыр. Барлық талқылаудан соң жағдайды сараптай келе 30 пайыз үстемеден артық ештеңе ұсынылмайтынын түсіндік. 30-ға көбі көнбейді. Бұның аз ақша екенін білеміз, одан артық бергілері жор. Тұйыққа тіреліп тұрмыз. Ол жерден шыққандарын қалаймын, денсаулық пен өмір ең қымбат нәрсе ғой. Бірақ шықпай отыр. Кейбір шахталардан бес-алты адам шықты. Өзіміз шахтадамыз, келіссөз күтіп отырмыз, компания оны біледі, - деді Азаттыққа "Қорғау" көміршілер кәсіподағының төрағасы Марат Миргаязов.

​Желтоқсанның 14-інде кешкісін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы көмір департаментіне қарасты шахталардағы ахуал туралы хабар таратты. Компанияның мәліметінше, шахта директорлары күніне екі-үш мәрте кен орындарына түсіп, ереуілшілермен сөйлесіп жатыр.

​- Желтоқсанның 14-інде басшылықпен сөйлескен соң 100 шақты адам жер бетіне шықты. Соңғы ақпаратқа сәйкес, "Қазақстан", "Шахтинская", "Тентек"" және "Ленин" шахталарында 400-ден астам адам қалды. Басқа шахталарда жер астында ешкім қалмады, - деді компания өкілі.

АМТ жер астына, кен орнына түсіп шықпай қою - келіссөз жүргізудің жақсы тәсілі емес деп санайды. Компанияның хабаралуынша, желтоқсанның 14-інде түн қата "Тентек" шахтасына "АрселорМиттал Теміртау" басшысы Парамжит Калон, кадр бойынша директоры Анна Адом, өндіріс бойынша директор орынбасары Рамеш Иер, Инвестиция мен даму министрінің бірінші орынбасары Алик Айдарбаев, Еңбек пен әлеуметтік қорғау комитетінің төраға орынбасары Төлеген Оспанқұлов, Қарағанды облысының прокуроры Марат Сексембаев, облыс әкімі Ерлан Қошанов пен барлық шахталардың кәсіподақ жетекшілері барған.

ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ АРЫЗЫ мен ҚОЛДАУХАТЫ

Бейсенбіде белгілі болған және бір жайт - "АрселорМиттал Теміртаудың" сотқа азаматтық арыз-шағым түсіріп, жоғарыда аталған төрт шахтадағы "кеншілердің ереуілін заңсыз деп тануды сұрауы" болды. Арызданушы жауапкер ретінде көміршілердің "Қорғау" кәсіподағын, металлургтердің "Жақтау" кәсіподағын және АМТ-ның 300-ден астам жұмысшысын тануды сұрады. Бұл кәсіподақтар шахтерлардың жазбаша талап-тілектерін қолдап шыққан. Арызды Шахтинск қалалық соты қабылдап алып, тексеруді бастады.

Көре отырыңыз: Шахтадағы наразылық тарихы

Шахтадағы шерулер тарихы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:29 0:00

Қазақстанның заңдары бойынша "үзіліссіз жұмыс істеуі тиіс қауіпті өндіріс объектілеріндегі" ереуілді сот заңсыз деп тануы мүмкін. Заңға сәйкес, сот мұндай ереуілді заңсыз деп таныса, наразылық бірден тоқтауы тиіс. 2011 жылы Жаңаөзендегі мұнайшылар ереуілін билік күшпен басып, соңы қанды оқиғаға ұласқан соң парламент ереуілді бастап шығушыларды жазалау нормаларын күшейткен. Ереуілді ұйымдастырушы екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал заңсыз деп танылған ереуілге қатыса бергендер үш жылға дейін сотталады.

Желтоқсанның 14-інде кешкісін Шахтинск қалалық соты "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының "шахталардағы ереуілді тоқтату" туралы арызын қанағаттандырып, ұйғаруын бірден орындау туралы шешім шығарды. Ереуілдің дереу тоқтауын қала прокуроры қадағаламақ.

АСТАНАНЫҢ РЕАКЦИЯСЫ

Осы аптада Астанада парламент отырыстарында шахтерлар мәселесі талқыланбады. Кейбір депутаттар бұл мәселеге қатысты үзіліс кезінде журналистерге жеке пікір айтып жатты.

Шахтерлар талабы орынды ма?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:52 0:00

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин "эмоцияға берілмеуге" шақырып, Қарағанды облысында жұмыс беруші, кәсіподақ пен кеншілер келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.

Желтоқсанның 14-інде кешкісін Шахтинск қалалық соты "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының "шахталардағы ереуілді тоқтату" туралы арызын қанағаттандырып, ұйғаруын бірден орындау туралы шешім шығарды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова желтоқсанның 12-сінде өз деректеріне сілтеме жасап, жер астында, кеніте 700-ге жуық шахтер шықпай отырғанын мәлімдеген. Облыс әкімдігі бұл санды 200 деп көрсеткен. Сейсенбіде министр Дүйсенова жер бетінде жұмыс істейтін кеншілердің орташа айлық жалақысы 208 мың теңге екенін, шахтадағылар 326 мың теңге айлық алатынын жариялаған. Әлеуметтік желілерде кеншілердің туыстары мен жақтастары шахтерлар министр айтқан сомадан әлдеқайда аз ақша алатынын жазған.

Желтоқсанның 14-інде қарағандылық кеншілердің наразылығына байланысты Қазақстан президентінің үлкен қызы, Сенат депутаты Дариға Назарбаева пікір білдірді. Ол "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жетекшілігі дауды осындай жағдайға жеткізгеніне" қынжылып, әкесінің ахуалды білетінін айтты. Ол компанияның "сотқа беруге хақылы" екенін ескерткен. Шахтерлардың жалақы өсіру талабына қатысты сөйлеп тұрып Назарбаева "экономикалық ахуалды ескеруге" шақырған. Оның сөзінше, АМТ жалақы өсіретін жағдайы бар-жоғын әлі хабарламаған.

Айлық жалақыларын екі есе өсіруден бөлек кеншілер зейнетақыға 50 жаста шығаруды, сырқат кездерінде өтемақыны толық төлеуді талап етеді. Бұл өтініштері түгелдей жұмыс берушінің құзырына жатпайды, Қазақстан заңдарына барып тіреледі.

XS
SM
MD
LG