Бедеулік жеке отбасының мәселесі ме?
Қазақстанда табиғи жолмен бала сүю мүмкіндігі жоқ 20 мыңнан астам ерлі-зайыпты тіркеуде тұр. Жасанды жолмен ұрықтандыруға бір адамға миллион теңгеге жуық қаражат кетеді. Мамандар бұл санаттағы мұқтаж адамдарға мемлекет деңгейінде көмек қажеттігін айтады. Мақаланы толық оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
"Тапсырманы орындай алмағандар" президент маңында қалды
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сынынан кейін отставкаға кеткен үкімет мүшелерінің көбі жаңа қызметке тағайындалды. Кейбірі бұрынғы орнында қалды, енді бірі қызметте өсті, кейбірі басқа қызметке барды. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда кадр тағайындауда кәсібилік емес, басшыға адалдық ескеріледі. Мақаланы оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Ормандағы өмір: Қазақстан орманшылары табиғатты қалай қорғап жүр
Азаттық тілшісі Қазақстандағы орманшылардың тұрмыс-тіршілігін білу үшін Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде үш күн болып қайтты. Орман шаруашылығы саласында 20 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан Болат Байғозиев ормандағы күнделікті тірліктің қыр-сырларымен бөлісті. Мақаланы толық оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
"Балаларыңды ойла! Тыныш жүр!" Қызылордалық ана қысым көргенін айтады
Қызылорда тұрғыны биліктен әлеуметтік жәрдемді күшейтуді талап еткен аналар наразылығына қатысқаннан кейін өзіне қысым жасалып, "полиция ұрып-соққанын" айтады. Билік мұны жоққа шығарады. Мақаланы толық оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Тасқынның алдын алғаннан гөрі зардабымен күрескен тиімді ме?
Қазақстан билігінің хабарлауынша, биылғы көктемде бес жүзге жуық елдімекенде су тасқыны болуы мүмкін. Қазір тасқын қауіпі төнген аймақтар дайындықты бастап жатыр. Тасқын болған қалаларды зерттеушінің айтуынша, шенеуніктер төтенше жағдайдың алдын алудың орнына "салдарымен күресіп, қаржыны игеруге" құмар. Мақаланы оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
"Өзімді оптимист санаймын". Людмила Гаджиеваның түрмеден кейінгі өмірі
Қазақстандағы қамау орындарында жазасын өтеп жатқан 30 мыңнан аса азаматтың жеті пайызға жуығы – әйел. 65 жастағы Людмила Гаджиева бірнеше рет сотталып, ұзақ уақыт түрмеде отырған. Қазір Алматыдағы әлеуметтік бейімдеу орталығында тұрады. Қамауда болған кезде құжаттарын жоғалтқан ол 2010 жылдан бері азаматтық алуға тырысып жүр. Людмила Гаджиева Азаттыққа абақтыдан кейінгі өмірі туралы айтып берді.
Қазақстанда әйелдер құқығы қаншалықты қорғалған?
Қазақстанда соңғы бір айда көп балалы әйелдер наразылыққа шығып, тұрмысы төмен отбасылар мәселесі қоғамда ашық талқылана бастады. Әйелдер билікке азаматтық талап қойып, тұрмысына жәрдем беруді, құқықтарын сақтауды сұраған оқиғалар жиіледі. AzattyqLIVE тікелей эфирінде Қазақстандағы әйелдер құқығының қазіргі ахуалы талқыланды. Хабар сарапшысы – заңгер, құқық қорғаушы Айман Омарова болды.
ПІКІРЛЕР