Accessibility links

Совет символдары неге өміршең?


Тікелей эфир қонақтары: тарихшы Гүлжауһар Көкебаева және саясаткер Әміржан Қосанов. Жүргізуші: Қасым Аманжол. 7 қараша 2018 жыл

AzattyqLIVE хабарында "Совет символдары неге өміршең?" тақырыбы талқыланды. Студия қонақтары – тарихшы Гүлжауһар Көкебаева және саясаткер Әміржан Қосанов болды.

Тікелей эфирді көріңіз:

7 қараша - Совет Одағында ең үлкен мейрам саналған Октябрь революциясы күні. Қазақстанда Совет өкіметінен қалған дәстүрлер мен символдарға қатысты пікірлер әртүрлі. Қазақстанда былтырғы есеп бойынша Ленин атында 350-ден астам көше болған. Ленин ескерткіштерінің саны - 159.

Советтік жүйені өткен тарих ретінде бейтарап бағалауға шақырушылар да, "тоталитарлық жүйенің қылмыстарын әшкерелеу керек" деп айыптаушылар да бар.

Парламент Мәжілісінде ҚКХП – "Қазақстанның коммунистік халық партиясы" да бар. Бұл - елде ресми тіркелген алты партияның бірі. Жақында ғана Қазақстанның бірнеше өңірінде "комсомолдың 100 жылдығы" салтанатты түрде өтіп, қоғамда, әлеуметтік желіде дауға ұласқан.

Совет өкіметінің символдарын тауардың таңбасы ретінде де қабылдай алмайтын елдер бар. Шығыс Еуропаның кейбір бұрынғы социалистік мемлекеттері мен Балтық жағалауы елдері орақ пен балға және қызыл жұлдызды "деспотизм символы" деп таныған. 2008 жылы Грузия, 2012 жылы Молдавия, 2015 жылы Украина совет режимінің қылмыстарын айыптап, коммунистік символдарды пайдалануға тыйым салған. Биыл қыркүйекте америкалық Wallmart дүкендер желісі Литва үкіметінің шағымынан соң совет символдары салынған тауарларды сөрелерінен алып тастаған.

Совет өкіметі символдарының қазірге дейін сақталуына қатысты тарихшы мен саясаткерге қоятын сауалдарыңызды Азаттық сайтына, әлеуметтік желідегі парақшаларына жолдауларыңызға болады.


Сұрақтардың форум ережесіне сәйкес болуы сұралады.

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG