Accessibility links

«Қалаға жақындаған – Кіші Арал теңізі»


Қызылорда облысының әкімі Арал теңізінің суы қайта молая бастағанын мәлімдеді. Су ресурстары комитетінің бас сарапшысы Азаттыққа берген сұхбатында суы көбейген теңіздің солтүстік бөлігі ғана екенін айтады.

Қыркүйектің 20-сы күні Астанада баспасөз конференциясын өткізген Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Аралдың солтүстік бөлігін сақтап қалу жөніндегі жоба «ғасыр жобасы» деп танылды. Арал жобасының бірінші кезеңі теңізді Арал қаласына 74 шақырымнан 17 шақырымға дейін жақындатуға мүмкіндік берді. Жобаның екінші кезеңі солтүстік Арал суының деңгейін көтеруге және Сырдария бойындағы көлдерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді» деп мәлімдеді.

Азаттық тілшісі Қырымбек Көшербаевтың мәлімдемесінде айтылған Арал теңізінің қазіргі ахуалы жайында қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қарасты су ресурстары комитетінің бас сарапшысы, Арал теңізі мәселелерін арнайы зерттеуші маман Мүсілім Жиенбаевпен сұхбаттасты.

«ҚАЖЕТТІ БӨГЕТ СУЫ ЕКІ ЖЫЛДА ЖИНАЛДЫ»

Азаттық: – Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Арал теңізінің осы облыстағы Арал қаласына 17 шақырымға дейін жақындағанын айтты. Арал қаласына жақындаған тұтас Арал теңізі ме, әлде оның бір бөлігі ме?

Мүсілім Жиенбаев: – Бұл ретте сөз Арал теңізінің Қазақстан жағындағы бөлігі – Кіші Арал туралы болып отыр. Арал қаласының іргесінде жатқан теңіз
Арал теңізінің 1984 жылғы (сол жақта) және 2012 жылғы деңгейі. Екінші фотоның жоғарғы жағындағы - Кіші Арал.
Арал теңізінің 1984 жылғы (сол жақта) және 2012 жылғы деңгейі. Екінші фотоның жоғарғы жағындағы - Кіші Арал.
1970 жылдардан бері 100 шақырымға дейін тартылды. 2006 жылы Аралдың солтүстік бөлігіне салынған Көкарал су бөгеті аяқталды. Сол бөгет ұстап тұрған теңіздің солтүстік бөлігі Кіші Арал деп аталады. Арал қаласына 17 шақырымға дейін жақындаған – осы Кіші Арал.

Қазір Кіші Аралда 25 миллиард текше метр су бар. Белгілі межеден асқан су әрі қарай Үлкен Аралға кетеді. Бөгетті салған кезде қажетті суды 7-8 жылда жинаймыз деген жоспар болған. Бірақ ол су небәрі екі жылда жиналды. Осыдан кейін Кіші Аралдың суын Арал қаласына дейін жеткізу жөнінде жоба жасалып жатыр. Кіші Аралға тек Сырдария өзені құяды. Арал теңізінің маңындағы көлдерге де 3 миллиард текше метрдей су қажет. Қалпына келтірілген ол көлдерде қазір балық өсіріледі. Кіші Аралды толтыру үшін Сырдарияның арнасын кеңейттік. Кейбір айналма тұстары түзетілді. Бірақ ең бастысы Көкарал бөгетінің салынуы болды.

Азаттық: – Қызылорда облысының аумағында Сырдариядан бөлініп шығатын Қуаңдария өзені Аралға жетпей құмға сіңеді. Үлкен Жаңадария өзені де жергілікті
Көкарал су бөгеті. 21 мамыр 2010 жыл.
Көкарал су бөгеті. 21 мамыр 2010 жыл.
тұрғындардың айтуынша Қызылқұмға сіңіп кетеді екен. Сырдариядан бөлініп шығып құмға сіңетін басқа қандай арналар бар?

Мүсілім Жиенбаев: – Ол арналардың суы жерге сіңгенімен ешқайда жоғалмайды. Аз бөлігі жойылуы мүмкін, қалғаны Сырдария өзеніне жер асты су жолдары арқылы қосылады.

Азаттық: – Жергілікті тұрғындардың айтуынша Қуаңдария арнасы Сырдарияға 40 шақырымға дейін жақындайды. Сондықтан оны жерге сіңірмей қайтадан Сырдарияның өзіне қосуға болмай ма?

Мүсілім Жиенбаев: – Ол үшін арнайы канал салу – шығын. Жер асты суы мен жер бетіндегі судың бір бірімен байланысы бар ғой. Мысалы, Сырдарияда су мол жылдары жер асты суының деңгейі көтеріледі. Су түскенде бәрі тартылып, қайтадан арнаға түседі.

«ҮЛКЕН АРАЛДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ МҮМКІН ЕМЕС»

Азаттық: – Оңтүстік Қазақстан облысына жаңадан салынған Көксарай су реттегішінен Арал теңізіне пайда болды ма?

Мүсілім Жиенбаев: – Көксарай су реттегіші суды тиімді пайдалануға мүмкіндік берді. Қыста 5 миллиард текше метр суды – Шардараға, 3 миллиард текше
Арал теңізі.
Арал теңізі.
метр суды Көксарайға жинаймыз. Бұрын суару кезінде сәуірдің 1-інен қыркүйектің 30-ына дейінгі аралықта мүлде су келмейтін. Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан алып қоятын. Қазір толық жетіп жатыр, артылғаны Кіші Аралға кетеді.

Азаттық: – «Үлкен Аралды қалпына келтіру мүмкін емес» деген пікірлерге қатысты не айтар едіңіз?

Мүсілім Жиенбаев: – Үлкен Аралға Әмудария өзенінен мүлде су келмейді. Ал Әмударияның суы Сырдариядан екі есе көп. Сондықтан Үлкен Аралды қалпына келтіру мүмкін емес деуге болады. 1993 жылғы Қызылорда декларациясы бойынша Аралды қазіргі жағдайда сақтап қалу мәселесі көтерілді. Қазақстан бұл ретте Солтүстік Аралды сақтап қалу мәселесін толықтай орындады.

Азаттық: – Арал теңізін қалпына келтіру бойынша халықаралық жобаға қатысушы басқа мемлекеттер міндеттемелерін орындап отыр ма?

Мүсілім Жиенбаев: – Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстанның ғана аумағында тұр. Сондықтан да басқа мемлекеттердің ықыласы аздау болуы да мүмкін. Мысалы, Әмудария бойында, құм ішінде түркімендер «Түркімен теңізі» деген жоба жасап, егістікке пайдаланған. Әмударияның барлық суын дренаж арқылы өздеріне тартып жатыр.

Азаттық: – Сұхбатыңызға рақмет.

ВИДЕО: Қармақшы халқы Аралға құятын өзендер жайлы (16 шілде 2013 жыл)
Қармақшы халқы Аралға құятын өзендер жайлы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:08 0:00
XS
SM
MD
LG