Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жақтастары көшпелі сот жабық өтіп жатқан мемлекеттік қауіпсіздік комитеті ғимаратының алдында отыр. Бішкек, 16 тамыз 2019 жыл.
Қырғызстан билігі абақтыда отырған бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты қамауда қалдырды. Оның әйелі Раиса Атамбаеваға қарсы қылмыстық іс қозғалды.
АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТ ҒИМАРАТЫНДАҒЫ ЖАБЫҚ СОТ
Бішкек қаласының соты тамыздың 16-сы күні бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты тамыздың 26-сына дейін қамауда қалдыру туралы аудандық сот шығарған шешімді күшінде қалдырды. Бұл туралы жұма күні Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінде (МҰҚК) жабық өткен көшпелі сот тыңдауынан кейін журналистерге Атамбаевтың адвокаты Сергей Слесарев хабарлады.
Әуелде Атамбаевқа байланысты сот Бішкек сотында өтеді деп хабарланған. Бірақ кейін Атамбаевтың жақтастары көшпелі сот отырысы МҰҚК ғимаратында өтетінін естіген. Туыстары мен жақтастарын және журналистерді сотқа қатыстырмаған.
Бұрынғы президенттің ұлы Кадыр Атамбаев арнайы қызметтің мекемесіндегі көшпелі сот отырысын "қорқақтық пен аярлық нышаны" деп атаған.
Алмазбек Атамбаевтың ұлы Кадыр Атамбаев. Бішкек, 16 тамыз 2019 жыл.
Алмазбек Атамбаевтың әйелі Раиса Атамбаева билік жұбайының көптеген туыстарына қысым жасап, үйлерін "заңсыз" тінтігенін және оларға қарсы қылмыстық іс қозғағанын айтты.
Атамбаеваның сөзінше, тергеу орындары оның үстінен де қылмыстық іс ашылған. Бұл іс президент аппаратының сот реформасы және заңдылық бөлімінің бұрынғы меңгерушісі, биыл маусымда жемқорлық айыбымен ұсталған Манас Арабаевтың ісі аясында қозғалған деп хабарлады экс-президенттің зайыбы.
Қырғызстан бас прокуратурасы Раиса Атамбаеваға қатысты тергеу жүріп жатқанын Азаттыққа растады, бірақ істің жай-жапсарын хабарлаған жоқ.
ЭКС-ПРЕЗИДЕНТКЕ ТАҒЫЛҒАН АЙЫП
Алмазбек Атамбаев тамыздың 8-і күні Бішкектің іргесіндегі Кой-Таш ауылындағы резиденциясында күш құрылымдарына берілгеннен кейін Бішкекке жеткізіліп, МҰҚК тергеу абақтысына қамалған.
Ол жақтастарымен бірге Кой-Таштағы үйіне бекініп, тамыздың 7-і күні өзін тергеуге мәжбүрлеп жеткізуге барған күш құрылымдарына қарсылық көрсеткен. Екі күнге жалғасқан қақтығыстар барысында арнайы жасақтың бір офицері қаза тауып, 170-тен астам адам зардап шеккен. Жараланғандардың арасында күш құрылымдарының 79 қызметкері бар.
Атамбаев резиденциясы. Екі шабуылдан соң
1/12Бішкек маңындағы Кой-Таш ауылындағы Алмазбек Атамбаевтың резиденциясының кіреберісі екі рет жасалған шабуылдан соң. Тергеушілердің үш рет шақыртуын елемеген Атамбаевты мәжбүрлеп апару үшін қауіпсіздік күштерінің арнайы жасағы 7 тамызда бұрынғы президенттің Кой-Таш ауылындағы резиденциясына келді. Оларға Атамбаевтың жақтастары қарсылық танытып, қақтығыс салдарынан арнайы жасақтың бір сарбазы қаза тауып, ондаған адам жараланды. Келесі күні күш құрылымдары тағы шабуыл жасап, бұл жолы Атамбаевты ұстады.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына әкетуге келген күш құрылымдары екі рет шабуыл жасағаннан кейін экс-президенттің Кой-Таш ауылындағы үйі қандай күйде?
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
2/12Атамбаевтың үйінің алды. Қазіргі билік Атамбаевты Кой-Таштағы резиденциясын салған жер телімін заңсыз алған деп айыптайды. Сонымен бірге оған президент болған кезде билікті теріс пайдаланған, соның арасында, кәнігі баукеспе Азиз Батукаевты заңсыз босатуға, Бішкек жылу энергетикалық орталығын жаңғыртуға бөлінген қаржыны жымқыруға қатысы болған, бұған қоса, заңсыз байыған деген айыптар тағылған. Атамбаев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, олардың "саяси астары бар" деп мәлімдеген.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына әкетуге келген күш құрылымдары екі рет шабуыл жасағаннан кейін экс-президенттің Кой-Таш ауылындағы үйі қандай күйде?
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
3/12Алмазбек Атамбаев тұрған үйдің сынған терезесі. 27 маусымда Қырғызстан парламенті Атамбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айырғаннан кейін бұрынғы президент негізінен Кой-Таштағы резиденциясында болды. Ол қаруы бар екенін және өзін ұстауға келсе қарсылық танытатынын мәлімдеді.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына әкетуге келген күш құрылымдары екі рет шабуыл жасағаннан кейін экс-президенттің Кой-Таш ауылындағы үйі қандай күйде?
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына әкетуге келген күш құрылымдары екі рет шабуыл жасағаннан кейін экс-президенттің Кой-Таш ауылындағы үйі қандай күйде?
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
5/12Алмазбек Атамбаевтың үйінің ішкі көрінісі. Бір адам қаза тапқан алғашқы шабуылдан соң Атамбаев өзін қорғаған жақтастарында тас пен таяқтан басқа қару болмағанын айтқан еді. Кейін билік Атамбаевтың үйінен қару-жарақтың бірнеше түрі табылғаны туралы мәлімдеді.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына әкетуге келген күш құрылымдары екі рет шабуыл жасағаннан кейін экс-президенттің Кой-Таш ауылындағы үйі қандай күйде?
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
6/122017 жылы президент қызметінен кеткеннен кейін Алмазбек Атамбаев Қырғызстанда қалатыны туралы айтқан. Бұрынғы президент сайлау кезінде сенім артып, белсенді түрде қолдау танытқан Сооронбай Жээнбеков билікке келді. Көп ұзамай екеуінің арасынан ала мысық өтіп, қарым-қатынасы нашарлап кетті. Уақыт өткен сайын Атамбаев пен Жээнбеков арасындағы тірес шиеленісе берді, екеуі бір-бірін сөгіп мәлімдемелер жасады. Атамбаев "саяси бәсекелес ретінде қудалауға түскенін" айтып, Жээнбековті айыптады. Қырғызстан билігі Атамбаевқа саяси астармен қысым жасалғаны туралы айыптауды жоққа шығарады.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына әкетуге келген күш құрылымдары екі рет шабуыл жасағаннан кейін экс-президенттің Кой-Таш ауылындағы үйі қандай күйде?
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына әкетуге келген күш құрылымдары екі рет шабуыл жасағаннан кейін экс-президенттің Кой-Таш ауылындағы үйі қандай күйде?
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына әкетуге келген күш құрылымдары екі рет шабуыл жасағаннан кейін экс-президенттің Кой-Таш ауылындағы үйі қандай күйде?
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына әкетуге келген күш құрылымдары екі рет шабуыл жасағаннан кейін экс-президенттің Кой-Таш ауылындағы үйі қандай күйде?
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына әкетуге келген күш құрылымдары екі рет шабуыл жасағаннан кейін экс-президенттің Кой-Таш ауылындағы үйі қандай күйде?
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
11/12Алмазбек Атамбаевтың әкесінің бұл портреті "Мәңгілік полк" шеруіне ұстап шығу үшін жасалған болуы мүмкін. Бұрын СССР құрамында болған кей елдерде жылда 9 мамыр, Жеңіс күні осындай шеруге шығу дәстүрге айналған.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына әкетуге келген күш құрылымдары екі рет шабуыл жасағаннан кейін экс-президенттің Кой-Таш ауылындағы үйі қандай күйде?
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
12/12Резиденция аумағындағы бөлмелердің бірінде Атамбаевтың серіктерінің бірі, бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковтың портреті ілінген. Өткен жылы маусымда тұтқындалған Исаковқа Бішкек жылу энергетикалық орталығын жаңғырту кезіндегі жемқорлық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында айып тағылған. Қазір осы іс бойынша биыл жазда парламент тиіспеушілік мәртебесінен айырған Атамбаевқа да айып тағылып отыр.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына әкетуге келген күш құрылымдары екі рет шабуыл жасағаннан кейін экс-президенттің Кой-Таш ауылындағы үйі қандай күйде?
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Previous slide
Next slide
Қырғызстан билігі Атамбаевқа билік басында болған кезде лауазымын теріс пайдаланған деген айып таққан. Кой-Таштағы оқиғалардан кейін оған тағы бірнеше ауыр қылмысқа байланысты айып тағылғаны туралы тамыздың 13-і күні елдің бас прокуроры Откурбек Жамшитов Бішкекте өткен арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеген.
"Қазіргі кезде Атамбаевқа тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, заңсыз қару айналымы, тергеуге кедергі келтіру, кепілге адам алу, кісі өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактілері бойынша айыптар тағылды" деген бас прокурор.
Атамбаевтың адвокаты Слесарев тамыздың 15-і күні Азаттыққа берген сұхбатында қамауда отырған бұрынғы президентке жалпы саны 14 айып тағылғаны туралы мәлімдеген. Олардың арасында билік өкілдеріне күш көрсету, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, адам өлтіруге оқталу, кепілге адам алу, заңсыз қару ұстау және жемқорлыққа байланысты тағы бірнеше айып бар.
Биыл мамырда Қырғызстан парламенті бұрынғы президентке тиіспеушілік туралы заңға өзгертулер енгізген. 27 маусымда парламент Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған.
Алмазбек Атамбаев Қырғызстанды 2011-2017 жылдары басқарған. 2017 жылғы қазанда өткен сайлауда өзін қолдайтын билік партиясының кандидаты Сооронбай Жээнбеков президент болып сайланып, қызметін кіріскенде Атамбаев оған батасын берген.
Арада біраз уақыт өткенде Атамбаев пен Жээнбеков араздасып, екеуі бір-бірін айыптап, мәлімдемелер жасаған.
Экс-президенттің қамауға алынуы қазір билікте отырған саяси қарсыласымен арадағы шиеленістің шырқау шегіне жеткенін көрсетіп, Орталық Азияда осыған дейін биліктің ауысымен аяқталған екі революцияны өткерген елде тұрақсыздық туғыза ма деген қауіпті күшейтіп отыр.