Accessibility links

Шыңжаң қазақтарының жанайғайы мен Астананың үнсіздігі


Қытайда "саяси үйрену орталықтарында" қамауда отыр делінген туыстарының суреттерін ұстаған адамдар халықаралық ұйымдардан оларға араша түсуді сұрап баспасөз мәслихатын өткізіп отыр. Алматы, 12 қыркүйек 2018 жыл.

Халықаралық баспасөз Шыңжаңдағы азшылыққа қарсы репрессия туралы жазған. Мақалаларда этникалық қазақтардың Қытайдың солтүстік-батысындағы жағдай туралы "әлемге жар салып жатқаны", бірақ олардың тарихи Отаны қуатты көршісіне қарсы шыға алмай отырғаны айтылған.

ШЫҢЖАҢДАҒЫ РЕПРЕССИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН

Вашингтоннан шығатын Diplomat газетінде жарияланған "Қазақстан мен Шыңжаң проблемасы" атты мақалада Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымының таяудағы баяндамасынан кейін Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң автономиялық аймағындағы репрессия мен оған Астананың қарым-қатынасына талдау жасалған. HRW дерегі бойынша, Шыңжаңдағы бір миллионға жуық адам Қытайдың "саяси қайта тәрбиелеу лагеріне" қамалған.

"Қытай саясатының ықпалына ұшырағандардың көбі ұйғырлар делінгенімен, ондағы жағдайдан хабардар етушілер – этникалық қазақтар" деп жазады Diplomat. "Бұл уақытта халықаралық қауымдастықтың үлкен бөлігі тәрізді Қазақстанның да Қытайдың саясатына жария түрде қарсылық танытуға батылы бармай отыр", - делінген мақалада.

Қытай қазақтарының қысым көруі талқыланды

Қытай қазақтарының қысым көруі талқыланды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:25 0:00

Қыркүйектің 10-ы күні жарияланған HRW есебінде Шыңжаңның бұрынғы 58 тұрғынынан сұхбат алынған, олардың 32-сі – этникалық қазақтар.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі HRW сұрағына "Астананың Шыңжаң проблемасына қатысты ұстанымын білдіретін солғын жауап берген". Атап айтқанда, онда Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынас, қазақ диаспорасының Қытай билігіне "адалдығы" және басқа мемлекеттің ішкі ісіне араласпау қағидаты туралы айтылған.

"Екі ауыз сөзбен айтқанда, Шыңжаңда болып жатқан жағдайдың бізге қатысы жоқ. Жекелеген этникалық қазақтар ерлік танытып, Шыңжаңдағы жағдайды әлемге жайып салуы мүмкін. Бірақ Қазақстан жағдайға орай халықаралық жауапқа бастамашы болады деп үміттенудің жөні жоқ. Қазіргі кезде Астананың саяси және экономикалық есебі Қытайға қарсылық танытуды көздемейді", - деп жазады Diplomat.

Қытайда қамалған қазақ Назарбаевтан көмек сұрайды

Қытайда қамалған қазақ Назарбаевтан көмек сұрайды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:58 0:00

Ұлыбританияның Guardian газеті "Жаным менің, қайдасың? Қытайда жоғалған мұсылмандар отбасы үнсіз тосқауылға кезікті" деген мақалада Шыңжаңдағы репрессияға тоқталып, көптеген жапа шегушілердің куәліктерін берген. Мақалада Қазақстанда тұратын Фархад туралы айтылған, оның әйелі Мариам 2017 жылдың наурызында Қытайдағы туыстарына кеткен, содан бері оралмапты. Бірнеше айдан соң Фархад пен балалары Мариамның "қайта тәрбиелеу лагерінде" қамауда отырғанын естіген.

"Лагерь Қытайдың "қатаң соққы беру" науқанының бір бөлігі, ол науқан бойынша адамдарды аңдып, сотсыз қамауға алады, саяси үгіт-насихат жүргізеді немесе "қайта тәрбиелейді", экстремистік элементтерді жою үшін азаптап, зорлық-зомбылық көрсетеді; ол туралы куәгерлердің айғақ-дәлелдері, БАҚ хабарламалары мен үкімет құжаттары және спутниктен түсірілген суреттер бар. АҚШ Конгресінің Қытай жөніндегі комитеті бұл шараны "қазіргі заманда этникалық азшылықтың еркіндігін жаппай таптау" деп атады" деп жазады Guardian.

Chinese Human Rights Defenders және Equal Rights Initiative үкіметтік емес ұйымдарының бағалауы бойынша, 1,1 миллионға дейін адам немесе Шыңжаңдағы ересек мұсылман тұрғындардың 10 пайызы "қайта тәрбиелеу лагерінде" отыр.

Қазақстанда Қытайда туған, кейін тарихи атамекеніне келген және ол жақта туыстары қалған адамдар көп. Қытайда ұсталған этникалық қазақтарға қолдау көрсететін қазақстандық "Атажұрт" ұйымының дерегі бойынша, оларға күн сайын туыстары қамауға алынған немесе Қытайдан кете алмай отырған 20-30 адамнан өтініш түседі. Ұйым қазір осындай мыңнан астам іспен жұмыс істеп отыр.

Оралман отбасының қайғылы халі

Оралман отбасының қайғылы халі
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:09 0:00

Қазақстан тұрғындары Қытайдағы туыстарымен және достарымен хабарласа алмай отырғанын айтады, себебі телефонмен жай сөйлесудің өзі оларды лагерьге әкетуге себеп болады. HRW дерегі бойынша, Қытай билігі тізімге 26 "сезімтал" мемлекетті енгізген, олардың ішінде Қазақстан, Ресей, Түркия бар, сондықтан азаматтарының осы елдің тұрғындарымен байланысын бақылап отырады.

Ал Қытай өзіне тағылған айыпты мойындамайды, бұл шаралардың бәрі ислам дінін ұстанатын 12 миллион этникалық азшылық тұратын елдің батысындағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған дейді.

Ұлыбританиялық Independent газетінде "Қауіпсіздік саласындағы жаппай репрессия жасаудың бір бөлігі ретінде Қытай мұсылмандардың үйіне QR-код орнатып жатыр" деген мақала жарық көрді. Онда HRW дерегіне сілтеме жасап, Қытай билігі адамдардың қозғалысы туралы лезде ақпарат алу үшін жаңа технологияны қолдана бастады деп жазған. Қытай билігінің мәлімдеуінше, код "тұрғындарды бақылап, қызмет көрсетуге" көмектеседі.

Шыңжаңның бұрынғы тұрғынының айтуынша, төлқұжат не куәлік бергенде, полиция тергеуі кезінде билік биометрикалық деректерді жинап, ДНК үлгісін, саусақ таңбасы мен дауыс жазбасын алады, көздің тор қабығын сканерге түсіреді. "Тізімге енген "26 сезімтал мемлекеттің" бірінде (онда Қазақстан, Түркия мен Индонезия бар) туыстары бар тұрғындарға билік қысым көрсетеді, олар ресми процедурасыз бірнеше ай қамауда отырады", - деп жазады Independent.

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АЛТЫН ҚОРЫН КӨБЕЙТІП ЖАТЫР

Америкалық Forbes журналында "Долларға қатысты алаңдаушылық күшейіп тұрғанда Орталық банктер алтын сатып алуды жалғастырды" деген мақала жарық көрді. Онда кей мемлекеттердің алтын қорын көбейтіп жатқаны жайлы жазылған. Нью-Йорктегі CPM Group консалтингтік компаниясының жетекші серіктесі Джефф Кристин "орталық банктердің көбі валюта қорын әртараптандыру үшін алтын сатып алып жатқанын" айтады. "Ресей мен Қазақстан және өзге де ТМД елдері қазір алтынның рөлі басым деп санайды", - дейді Джефф Кристин.

"Ресей тәрізді мемлекеттер доллардан құтылу үшін және АҚШ банк жүйесінен босасам деген идеалистік ниетпен осындай қадамға баруы мүмкін", - дейді Forbes. Мақалада Ресейдің 2005 жылдан бері алтын қорын арттырып келе жатқаны айтылады. 2017 жылы орталық банктер сатып алған жалпы алтын көлемінің үштен екісі (10,95 миллион унция) Ресейдің үлесіне тиген. Бұдан соң алтынның жалпы көлемінің 12,6 пайызын сатып алған Қазақстан тұр.

КӨП КҮТТІРГЕН GGG ЖЕКПЕ-ЖЕГІ

Америкалық New York Times газеті жариялаған "Альварес пен GGG нокаут жасауға уәде берді" деген мақалада қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық спортшы Саул Альварес (Канело) арасында алда болатын жекпе-жек туралы айтылған. Матч осы сенбіде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena рингінде өтеді.

Кәсіпқой боксшылар қазақстандық Геннадий Головкин (сол жақта) мен мексикалық Саул Альварес арасындағы алғашқы жек-жек. Лас-Вегас, 16 қыркүйек 2017 жыл.
Кәсіпқой боксшылар қазақстандық Геннадий Головкин (сол жақта) мен мексикалық Саул Альварес арасындағы алғашқы жек-жек. Лас-Вегас, 16 қыркүйек 2017 жыл.

Өткен жылғы қыркүйектегі жекпе-жекте Головкин мен Альварес бір-бірін жеңе алмай тең түскен, бірақ кәсіби мамандар мен көрермендердің көбі қазақстандық басымдық танытты деген пікірде болды. Реванш әуелгіде мамырға жоспарланған болатын, бірақ допинг пайдаланғаны анықталған соң Альваресті уақытша спорттан шеттетіп, жекпе-жек кейінге қалған.

"Уланған ет туралы әңгімесіне сенбеймін. Оның бәрі – бос сөз", - деді Головкин матч алдында. "Сенбі күні кездескенде олар іштеріндегі өкпе-ренішті шығарады, бірінші жекпе-жекте ондай болмаған еді", - деп жазады New York Times.

Ұлыбританияның Telegraph газеті "GGG Канело 2-ге қарсы" атты мақаласында екі боксшының мәлімдемесін жариялаған. Telegraph сарапшысының айтуынша, "Головкин ұпай санымен ұтады".

"Болжам жасау қиын, бірақ орта салмақтағы қазіргі WBA, WBC және IBF чемпионы ұпай санымен жеңетін болар", - деп жазады британ газеті.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Солтүстікте нан қымбаттады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG