Accessibility links

Ресейдің Тула облысында дрон шабуылынан кейін Wildberries орталығы өртенді

Украина әскерінің дрон шабуылына ұшыраған Widberries қоймаларының бірі (көрнекі сурет)
Украина әскерінің дрон шабуылына ұшыраған Widberries қоймаларының бірі (көрнекі сурет)

Ресейдің Тула облысындағы Алексин қаласында дрон шабуылынан кейін Wildberries компаниясына тиесілі логистика орталығында өрт шықты. Кейінгі апталарда Украина әскері осы компанияның оннан астам қоймасына шабуыл жасаған.

Тула облысының губернаторы Дмитрий Миляевтің айтуынша, Ресейдің қорғаныс министрлігі бөлімшелері өңір аумағында 107 украиналық дронды жойған. Алайда нысанаға нешеуі жеткенін нақтыламады. Оның мәліметінше, шабуыл салдарынан Wildberries қоймасы өртеніп, Венев ауданындағы екі көпқабатты үйге және Новомосковск пен Узловский ауданындағы екі өндіріс нысанына зақым келген.

Astra жобасының талдаушылары Венев қаласындағы тұрғын үйге зымыран сынықтары түскен болуы мүмкін дейді. Бір адам жараланып, медициналық көмек көрсетіліп жатқаны айтылды.

Wildberries компаниясы логистика орталығында өрт шыққанын растады. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, оқиға орнында өрт сөндіру қызметтері жұмыс істеп жатыр, ал қызметкерлер алдын ала қауіпсіз жерге көшірілген.

Forbes есебіне сәйкес, кейінгі екі шабуылды есептемегенде, бұған дейінгі соққылардан кейін Wildberries компаниясы қоймаларының шамамен 20 пайызы жұмысын тоқтатқан.

Ресей қорғаныс министрлігі өткен түні Украинаға тиесілі 475 дрон жойылғанын хабарлады. Бұл шын мәлімет екендігіне тәуелсіз дереккөздер арқылы көз жеткізу әзірге мүмкін болмай отыр.

Айдар
XS
SM
MD
LG