Accessibility links

13-мәслихаттағы 13 сөз. Путин не деді?


Владимир Путин, Ресей президенті. Мәскеу, 14 желтоқсан 2017 жыл

Ресей президенті Владимир Путин жыл сайынғы дәстүрлі баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистер сұрақтарына жауап берді.

1. Сайлау және оппозиция туралы

​Путин сайлауға қатысатынын тағы да айтты. 2018 жылдың наурызында өтетін сайлауға "Единая Россия" партиясы атынан емес, өзін-өзі ұсынып түсетінін мәлімдеді. Азаматтар мен саяси күштерден жаппай қолдау күтеді екен. Штабында "беделді, танымал һәм өзіне шынайы сенетін" адамдар болатынын хабарлады. Фамилияларды атаған жоқ.

Ксения Собчак президент Владимир Путинге сұрақ қойып тұр. Мәскеу, 14 желтоқсан 2017 жыл.
Ксения Собчак президент Владимир Путинге сұрақ қойып тұр. Мәскеу, 14 желтоқсан 2017 жыл.

Life News Путиннен 20 жыл ішінде Ресей оппозициясында неліктен күшті кандидат шықпағанын сұрады. Путин: "Бәсекелесті мен жасауым керек пе, сонда? Бәсеке болады, бірақ радикализмсіз бәсеке" деп жауап берді. Оның сөзінше, "халық сену үшін айғайшыл бағдарлама ұсынбау керек". Оппозиция "анық түсінікті, позитивті қимылға шақыратын бағдарламамен шыққаны жөн". Ресейдегі оппозиция мен Навальный жайлы сұрақ қойған Ксения Собчакқа қарап: "Сіздер "барлығына қарсымын" деген позициямен шықтыңыздар, мұнда қандай позитивті қимыл бар" деді.

2. Навальный

Путин оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың есімін атамай қойды, оны "кейіпкер" деген сөзбен сипаттады.

"Сіздер не сонда, біздің алаңдарда Саакашвили сияқты ондаған кейіпкер шапқылап, елдегі тұрақтылықты шайқалтқанын қалайсыздар ма? Сіз келтіріп тұрған кейіпкерлер тура сол Саакашвили сияқты. "Саакашвилилер" мемлекет тыныштығын бұзғаны жөн демексіз бе? Біздің елде де мемлекеттік төңкеріске ұмтылып, бір Майдан мен екінші Майдан арасында өмір сүргеніміз жөн бе? Ресей халқының басым бөлігі мұндайға қарсы. Және оған жол да бермейді" деді Путин Ксения Собчактың сұрағына жауап беріп отырып.

Путиннің баспасөз мәслихатының қарсаңында Алексей Навальный өзінің сайлау программасын таныстырып, елдегі реформаларға қаражатты жемқорлықты тыю, мемлекеттік шенеуніктерді, күштік құрылым қызметкерлерін қысқарту арқылы табатынын мәлімдеген.

Новокузнецкідегі Алексей Навальныйдың жақтастары, 9 желтоқсан 2017 жыл
Новокузнецкідегі Алексей Навальныйдың жақтастары, 9 желтоқсан 2017 жыл

3. Саакашвили

"Украиналықтар, сіздер қалайша оған төзіп отырсыздар?! Ол тәуелсіз елдің президенті болды. Енді алаңнан алаңға шығып алып, украинмын деп айғайлап жүр" деді Путин Михаил Саакашвили жайлы.

4. Ресейде абортқа тыйым салынбайды

Белсенділер Путинге "Ресейде абортқа тыйым салынуы мүмкін бе?" деген сауал қойды. Ресей президенті ондай тыйымның қауіпті жақтары туралы айтып: "ондай тыйым салынса қылмыстық аборттар көбейеді, әйел денсаулығына орасан зиян тиіп, олар болашақта бала туу қабілетінен айырылуы мүмкін" деп жауап берді.

6. Салықтар

2018 жылдың соңына дейін салық өспейді, одан соң не болатыны әзірге талқыланып жатыр, "бұл туралы айтуға әзір ерте" деді Ресей президенті.

Салықты өсірмеу туралы Путин бұған дейін, үшінші рет сайлауға түскен кезінде де уәде берген. Алайда соңғы алты жыл ішінде тұрғын үй мен ғимаратқа салынатын салық обьектінің кадастрлық бағасын өсіру арқылы көбейді. Салықтан бөлек төлемдер - "Платон" жүйесі арқылы жол төлемі сияқты қосымша мемлекеттік алымдар пайда болды.

7. Допинг дауы - саяси іс

Путин ресейлік құраманы Олимпиадаға кіргізуге тыйым салған допинг дауының пайда болуынан саясаттың ізін көреді. Ол "ресейлік саяси күнтізбе жаңарар сәтте" осындай даудың тууын кездейсоқтық деп санамайтынын мәлімдеді.

"Біліп отырмын, бұл өзі де солай. WADA мен ХОК қа құрметпен қараймыз, ол жерде достарымыз да көп, оларға қысымның бар екенін түсінеміз" деді ол. Ресей билігі мен спортшыларының допинг сынағының нәтижесін қолдан жасауын әшкерелеген Мәскеудің антидопинг зертханасының экс-басшысы Григорий Родченков жайлы да аты-жөнін атамай сөйледі. "Солтүстік Америкада бірнеше жыл тұрған, допинг тарату күдігіне ілінген адамның антидопинг орталығын басқаруы қате болды" деді Путин.

Көре отырыңыз: Ресей допинг дауын неге саясиландыруға бейім?

Жаһан жаңалықтары. Апта 08.12.2017
please wait

No media source currently available

0:00 0:16:55 0:00

8. Трамп және оның Ресеймен қатынасы жайлы

"Трамптың Ресеймен қатынасы туралы оның оппозициясы ойдан құрастырды. Трампты легитимсіз, заңсыз етіп көрсету үшін жасалды. Біз Трамп мырза екеуміз сөйлескенде бір-бірімізді атымызбен атаймыз. Бар болғаны екі-ақ рет кездессек те, "сен" деп сөйлесетін дәрежеге жеттік. Болашақта ол Ресеймен қатынасын түзетуге қол жеткізе алады деп сенемін".

9. Донбасс және Минск келіссөздері

Путин: "Украина тарапының конструктивті емес қимылдарының кесірінен Шығыс Украина мәселесі бойынша Минск келіссөздерінің нәтижесі шамалы болды" дейді. "Украина билігі Донбаспен өздері келіссөз жасауы қажет, "ара ағайынға" жүгінуден көмек аз. Ал Украина ондай тіке келіссөзден қашқақтап отыр".

УНИАН тілшісі Роман Цимбалюктің тұтқын алмасу жайлы сұрағына да нақты жауап болмады. Оның орнына "Донбаста Ресей әскері жоқ, оның орнына жергілікті әскери милициялық құрамдар бар. Ол күштер Донбасқа жасалған кез келген әскери шабуылды тойтара алады" деген пікір білдірді.

10. Сирия, Асад және "шешен полициясы"

"Сирияға Солтүстік Кавказдан әскери полиция жіберу идеясы менікі болды. Және өте сәтті шықты. Біріншіден, олар сүннит болғандықтан, жергілікті жұрт сенеді. Екіншіден, олар өте тәртіпті" деді Путин.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың Сирияда күйеулері содырлар қатарында соғысқа қатысқан ондаған әйелді балаларымен қайтаруы жайлы Путин: "Рамзан барлығын дұрыс жасап жатыр" деп бағалады.

11. Сечин және Улюкаев, Олег Навальный, Серебренников ісі туралы

"Эхо Москвы" радиосының тілшісі Татьяна Фельгенгауэр: "Ресейде заң үстемдігі бар ма, неге заң әркімге әр түрлі қолданылады?" деп, Олег Навальный мен режиссер Кирилл Сребренниковтің жазаға тартылуы жайлы сұрады. Оған қосымша, "Роснефть" басшысы Игорь Сечиннің экс-министр Улюкаев ісі бойынша сотқа келмей қоюына баға беруін өтінді.

"Жемқорлық" айыбымен сотталған, жақтастары "мұнай магнаттарының құрбанына айналды" деп сипаттайтын Ресейдің бұрынғы экономика министрі Алексей Улюкаев.
"Жемқорлық" айыбымен сотталған, жақтастары "мұнай магнаттарының құрбанына айналды" деп сипаттайтын Ресейдің бұрынғы экономика министрі Алексей Улюкаев.

"Сечинге байланысты, меніңше, ол заң бұзған жоқ, ол келіп сотқа берген куәлігін қайталаса да болар еді" деп әр қылмыстық істегі айыпталушылар мен куәлар әрекетін сот шешетінін ескертті.

12. Польша президенті мен серіктерінің Смоленск түбіндегі әуе апатына ұшырап, қаза болуын тексеру туралы

Путин Польша билігіне Смоленскідегі апат мәселесін "ұмытуға" кеңес берді. Ресей-Польша қатынасын дамытуды сұрады.

"Польшалық ұшақ ішінде бомба болуы мүмкін бе және ол күдік зерттеліп жатыр ма?" деген сұраққа: "Қисынсыз нәрсені құрастыруды қою қажет. Апатты, қайғыны бірге кештік, бірге уайымдадық. Еш себепсіз бір күдіктерді ойлап табуды тоқтатқан жөн. Трагедия болды ма, оған трагедия ретінде қарау керек" деді Путин.

13. Ішкі жалпы өнімнің өсімі жайлы

Путин 2017 жылы Ресейдегі экономикалық өсім 1,6 пайыз болғанын, ал кей салада 3 пайызға дейін өсім байқалғанын айтты. Химия, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, автомобиль өнеркәсібінің дамығанын мысал етті. "Совет кезеңінде болмаған" рекордты қырман жиналғанын, енді оны экспорттауда Ресей әлемдік жетекші елге айналғанына тоқталды.

"ІЖӨ өсімі сыртқы емес, ішкі сұранысқа сүйеніп отыр, бұл елдің рецессиядан шығып қарыштап дамуға бет алғанын көрсетеді. Негізгі капиталға құйылған инвестиция төрт пайыздан асты, енді ары қарай дамуға кепілдік бар" деді Путин.

"Даму бар. Біз екі шокты жеңдік: табиғи қуат көздеріне әлемдік бағаның түсуін және сыртқы тыйымдарды, яғни салынған санкцияларды" деді ол.

Путин бұған дейін салынған санкциялардың Ресейге әсерін жоққа шығарып келген.

"Настоящее время" сайтының мақаласы негізінде әзірленді

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 14.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:40 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG