Accessibility links

Сочидің қарына Қазақстан да наразы


Сочидегі тұман. 16 ақпан 2014 жыл.
Сочидегі тұман. 16 ақпан 2014 жыл.

Сочидегі жарыстарға ауа райы кесірін тигізіп жатыр. Соңғы екі күнде таулы аймақтарды тұман басып, бірнеше жарыс кейінге қалдырылды.

Сочиде ақпанның 16-сынан бастап күн бұлттанып, жаңбыр жауды, таулы аймақтарда тұман түсті. Тұманнан жарыс трассасы мен биатлон нысаналары көрінбей қалды. Осының кесірінен сноуборд пен биатлон жарыстары кейінге қалдырылды.

Ресей вице-прьемері Дмитрий Козак жергілікті басылымдар арқылы «олимпиада кезінде ауа райына байланысты жарыстардың кейінге қалуы – стандартты жағдай» деп мәлімдеді.

Сочидің ауа райы олимпиадаға бұған дейін де әсер еткен еді. Ақпанның 12-15-і күндері болған шаңғы жарысы кезінде «Лаура» шаңғы-биатлон базасында ауа райы Цельсий бағаны бойынша 10 градусқа дейін жылып кеткен. Жарыс кезінде көптеген спортшылар жығылып, уақыттан ұтылған. Күн жылы болғандықтан шаңғышылар жарысқа жұқа футболка киіп шыққан.

Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігінің басшысы Тастанбек
Жұмысшылар қарды таптап жүр. Сочи, 17 ақпан 2014 жыл.
Жұмысшылар қарды таптап жүр. Сочи, 17 ақпан 2014 жыл.
Есентаевтың айтуынша, «Сочидің ауа райы қазақстандық шаңғышылардың жақсы нәтиже көрсетуіне кесірін тигізіп жатыр».

– Алексей Полторанин 15 километрге классикалық әдіспен жүгіруде жүлде күттік. Бірақ сол күні ауа райы жылып кетті де, қар өте жұмсақ болды. Осының кесірінен Полторанин өз мүмкіндігін толық көрсете алмады, – деді агенттік басшысы журналистерге берген сұхбатында.

Сочидегі ауа райына басқа елдердің кей спортшылары да шағымданды. Шаңғы жарыстарының бірінде жолда тайып құлап, шаңғысын сындырып алған ресейлік спортшы Антон Гафаров The Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында Сочидегі қар жарысуға мүмкіндік бермегенін айтып, қарды картоп пюресіне теңеді.

Ал шаңғы қоссайысынан Ванкувер олимпиадасының чемпионы, америкалық
Қазақстандық спортшы Бағлан Іңкәрбек. Сочи, 17 ақпан 2014 жыл.
Қазақстандық спортшы Бағлан Іңкәрбек. Сочи, 17 ақпан 2014 жыл.
Билл Демонг жарыстан кейінгі баспасөз мәслихатында «Сочиде қар жұмсақ болғанның кесірінен Ванкувердегі жетістігімді қайталай алмадым» деп мәлімдеді.

Тағы бір америкалық шаңғышы Тейлор Флетчер Twitter-парақшасына Сочидің қарын «қар емес, батпақ» деп сипаттады.

Сочиде өтіп жатқан қысқы олимпиадада медаль саны жөнінен қазіргі есеп бойынша Германия, Нидерланд, Норвегия алда келе жатыр. Мәнерлеп сырғанаудан қола медаль алған Денис Теннің жүлдесі Қазақстанды 25-орынға жеткізді.
XS
SM
MD
LG