Accessibility links

Түркіменстанда көп әйел алуға ресми түрде тыйым салынды


Ашғабад көшесіндегі қалыңдық. Үйлену тойы кезіндегі көрініс

Түркіменстанда көп әйел алуға ресми түрде тыйым салынды. Бұл туралы Отбасы кодексіне арнайы норма енгізіліп, оған ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойған.

Түркіменстанда 19 маусым күні мемлекеттік баспасөзде Отбасы кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы заң жарияланды.

КӨП ӘЙЕЛ АЛУ МӘРТЕБЕ КӨРСЕТКІШІ МЕ?

Кодекстің 7-бабына енгізілген өзгеріске сәйкес "Түркіменстанда көп әйел алуға жол берілмейді". Онда "көп әйел алу" дегенге де түсінік берілген. "Екі немесе одан да көп әйелмен бір мезгілде бірге тұрып ортақ шаруашылықты бірге жүргізу" көп әйел алу болып табылады.

Қабылданған заңға сәйкес, көп әйел алуға салынған тыйым биылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Түркіменстан ауылдарында үйлену тойында музыканттар осындай прицептің үстін сахна ретінде пайдаланады
Түркіменстан ауылдарында үйлену тойында музыканттар осындай прицептің үстін сахна ретінде пайдаланады

Түркіменстанда 2012 жылы қабылданған Отбасы кодексінде екінші некеге тыйым салу жөнінде айтылған еді. Енді заңда "көп әйел алу" деген термин пайда болды. Елдің Қылмыстық кодексінде екі әйел алғандар үшін жаза да қарастырылған. Ондай айыпқа ұшырағандар жазасын екі жылға дейін қара жұмыспен өтейді немесе ауқымды айыппұл төлейді.

Жергілікті бақылаушылардың айтуынша, осының бәріне де қарамастан, елде көп әйел алу айтарлықтай кең тараған. Көп әйел алу 1990 жылдардан бері үйреншікті жайға айналған.

Ашғабадта тұратын жазушы Аманмурад Бұғаевтың айтуынша, елдегі бұл құбылыс экономикалық түйткілдер көбейіп, халықтың көбі кедейшілікке ұрынып, ауқатты адамдардың шоғыры пайда бола бастаған кезде дағдыға айналды. Көп әйел алу дәулетті адамдардың әл-ауқатын көрсететін, мәртебесін білдіретін құбылыс ретінде қабылданатын болған. Олардың арасында шенеуніктер де аз емес.

- Әсіресе, әлдебір шенеунікті қызметтен босатқан кезде телеарналардан олардың неше әйелі бар екені де ашық айтылатын, - дейді Аманмұрад Бұғаев.

ТҮРКІМЕНБАШЫ ҰСЫНЫСЫ ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ

Түркіменстан зайырлы мемелекет болғанымен, халқының көбі - төрт әйелге дейін алуға рұқсат беретін ислам діні жолындағы мұсылмандар.

Бұғаевтың айтуына қарағанда, елде исламды бірнеше некеге қатар тұру үшін құрал ретінде танитындар көп. Мұндай некелердің көбі ислам дәстүріне сай аталып өткені болмаса, ресми түрде тіркеуге алынған емес. Бұл әйелдер мен балаларды заңды түрде қорғаудағы құқықты шектейді.

Түркіменстанда кезінде елдің бұрынғы басшылығы көп әйел алуды заңдастыруға да тырысқан. 1993 жылы елдің тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязов "қоғамдағы жікке бөлінудің алдын бөгеу үшін" түркімендер үшін дәстүрлі болған көп әйел алуды заңдастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынған.

Түркіменстанның тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязов (сол жақта) Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге
Түркіменстанның тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязов (сол жақта) Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге

- 1993 жылы президент Сапармұрат Ниязов ер адамға төрт әйелге дейін алуға рұқсат беретін заң қабылдауды ұсынған. Сол үшін әуелде арнайы комиссия да құрылған. Алайда оған түркімен интеллигенциясы қарсы болды, - дейді Аманмұрад Бұғаев. Оның айтуынша, бүгінде осы құбылыстың кең тарағаны сонша - қоғамда көп әйел алу мәселесі аз талқыланады.

Тhe New Arab басылымының жазғанына қарағанда, Сапармұрат Ниязовтың ұсынысы қолдау тапқанда, Түркіменстан көп әйел алуды заңдастырған бірінші пост-советтік елге айналар еді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG