Accessibility links

Қазақтардың Бучада киіз үй тіккені Ресей СІМ өкіліне жақпай қалды, Астана оны жеке компаниялардың ісі дейді

Буча қаласында қазақтар тіккен киіз үйдің сыртындағы ошақта бауырсақ пісіріп жүрген адам. Киев облысы, Украина. 9 қаңтар 2023 жыл
Буча қаласында қазақтар тіккен киіз үйдің сыртындағы ошақта бауырсақ пісіріп жүрген адам. Киев облысы, Украина. 9 қаңтар 2023 жыл

Украинаның тағы бірнеше қаласында қазақтар киіз үй тікпекші. Оларда Ресей шабуылы кесірінен жылу мен жарықсыз қалған жұрт бой жылытып, жүрек жалғап, байланыс құралын қуаттандыратын арнайы орын жайғасады. Ресей СІМ өкілі Астананың түсініктеме бергенін қалайды, оның қазақстандық әріптесі келіспейді.

БУЧАДАҒЫ КИІЗ ҮЙ

Ресей қарулы күштерінің толассыз атқылауы кесірінен қазір жылу мен жарық шектеп берілетін Киев облысындағы Буча қаласында тігілді. Былтыр ақпаннан бастап наурызға дейін басқыншылар қолында болған кезде қала қатты бүлінген. Кейін Ресей әскері Киев маңынан шегініп, Бучадан шығып кеткеннен кейін Украина билігі қалада басқыншылар еш жазығы жоқ жүздеген бейбіт тұрғынды жаппай азаптап-қинап, себепсіз өлтіргеніне өте көп айғақ-дәлел табылғанын мәлімдеген. Адам өлтірумен қатар тонау, адам ұрлау, азаптау фактілері болған. Киев Бучадағы қырғынды "әскери қылмыс", "геноцид" деп атады.

Басқыншылар ойран салған Бучадан түсірілген жантүршігерлік фото-видеолар шартарапқа тарап, халықаралық қауымдастық бейбіт халықты қырып-жою қылмысын айыптаған.

Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Бучадағы қырғынды адамзатқа қарсы қылмыс деп атаған. Мәскеу өз әскерінің бейбіт тұрғындардың өліміне қатысы барын жоққа шығарады.

Украина парламенті – Жоғарғы Рада депутаты Сергей Нагорняк киіз үй тігу жобасы қазақстандық кәсіпкерлер мен Украинадағы қазақ диаспорасы өкілдерінің арқасында пайда болғанын хабарлады. Оның айтуынша, Украинаның Житомир, Винница, Хмельницкий облыстарында кәсіпкерлікпен айналысатын Дәулет Нұржанов киіз үйді Қазақстаннан сатып әкелген.

Қазақтар Украинада киіз үй тікті. Мәскеу Астананы мәлімдеме жасауға үндеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:11 0:00

Былтырғы көктемнен бері Украинада ерікті болып жұмыс істеп жүрген Марат Дәрменов киіз үй тікпегелі қырық жылға жуық уақыт өткенін, бұл жолы украиналықтар қолқа салған соң келіскенін айтады.

"Алты ағайындымыз, бәріміз Киевте тұрамыз. Киіз үй тігуге екі бауырым көмектесті, – дейді Марат Дәрменов. – Біреуі әлі ұмытпапты: бала кезімізде екеуміз киіз үй тігетінбіз".

Адамдарға жылулық сыйлайтын игілікті шараға Украинадағы қазақ диаспорасының өзге өкілдері де атсалысқан. Украин басылымдары Бучада киіз үй тігуге Қазақстанның Украинадағы елшілігі қолдау көрсеткенін жазып жатыр.

Киіз үйдің ішінде қазақы ою-өрнектермен қоса Украина мен Қазақстанның мемлекеттік тулары ілінген. Қазақтың халық әндері шырқалып жатыр. Әсіресе киіз үйді бірінші рет жақыннан көрген адамға бәрі таңсық: шеңбер құрап жайылған кереге мен оның басына байланған әрбір уық барып шаншылған шаңырақ, оны үстінен жабылған түндік, желбау, т.с.с. киіз бөліктерін тамашалап, олардың не зат екенін сұрап, кейбірі суретке түсіріп алып жатты.

Біреулер киіз үйдің сыртында ошақтағы үлкен қазанға тәтті иісі мен буы бұрқыраған палау басып, тағы біреулер қамыр илеп, қазандағы майға бауырсақ пісіріп жатыр. Осында жүрген еріктілер мұнда келген адамдарға ыстық бауырсақ пен кофе, шай ұсынады.

Еріктілер Ресей әскери басқыншылығынан зардап шеккен адамдар кез келген көмекке мұқтаж екенін, мұндай жәрдем оларға күш-жігер беретінін айтады.

Бучадағы киіз үй. 9 желтоқсан 2023 жыл
Бучадағы киіз үй. 9 желтоқсан 2023 жыл

Киіз үйдің ішінде автономды генераторға қосылған бірнеше жылытқыш құрал (калорифер) жұмыс істеп тұр. Бұл генераторлар да Бучаға басқа жақтан жеткізілген. Әйткенмен бұл жердегі негізгі жылулық – қазақы қонақжайлық пен мейірбандық екені бірден сезіледі дейді келген қонақтар.

"Бізде жарық болады, электр қуатын ұзақ уақыт өшіретін кезден де өтерміз деп үміттенем, – дейді ерікті Сауле Ровная. – Бірақ біз бәрібір кез келген сәтте адамдарды қабылдауға дайынбыз: бой жылытып, ыстық шай ішіп, гаджетін қуаттандырып алғысы келетіндер бізге келуіне болады".

"Өте қатты қорқатын кездеріміз болады, жалғыз өзі қалған адамдарға да өте қиын. Ал бұл жерде керемет жылылық пен ықыласқа бөленесің, – дейді Буча тұрғыны Диана Заремба. – Аяздан келген кезде керемет адамдар жымия қарсы алып, тәтті кофе ұсынады, осының бәрі шынымен де өте зор сүйеніш".

Украиналықтарға жәрдем көрсетіп жүрген Марат Дәрменов пен оның пікірлестеріне қолдау көрсетіп, көмек беріп жатқан, соғыс болып жатқан жерден мыңдаған километр қашықта тұратын қазақстандықтар көп: туыс-туғаны, дос-жараны, соғыс зардабын тартып жатқан халықтың тағдырына бей-жай қарай алмайтын жандар.

"Бәрі де "қазақ достарымызға алғысымыз шексіз, рақмет" деп ризашылық білдіріп жатады, – дейді ерікті. – Қариялар да келеді, көзіне жас алады. Бір әжей осында жүрген қазақ еріктіні қапсыра құшақтап, "көп рақмет" деп жылады.

Ыстық бауырсақ, сүтті шай. Украинадағы қазақтардың Бучада тіккен киіз үйі

"Мызғымастық пунктіндегі" киіз үйдің бірі. Бучада Ресейдің ракета шабуылының кесірінен жарық пен жылу шектеп беріліп жатыр. Ал киіз үй автономды жылу мен жарыққа қосылған. Жұрт киіз үйге кіріп, жылынып, ұялы телефондарын қуаттай алады.  
1/8 "Мызғымастық пунктіндегі" киіз үйдің бірі. Бучада Ресейдің ракета шабуылының кесірінен жарық пен жылу шектеп беріліп жатыр. Ал киіз үй автономды жылу мен жарыққа қосылған. Жұрт киіз үйге кіріп, жылынып, ұялы телефондарын қуаттай алады.  
Украинаның Киев облысында Ресей басқыншылығынан қатты зардап шеккен қаланың бірі Бучада қазақтың киіз үйі тігілді. Бұл киіз үйде "Незламності" яғни, "мызғымастық" пункті орналасқан. Тұрғындар киіз үйге келіп, жылынып, бауырсақ пен тәттіден дәм тата алады.
Қазақстаннан келген еріктілер киіз үй қонақтарына бауырсақ пен ыстық шай ұсынып жатыр. 
2/8 Қазақстаннан келген еріктілер киіз үй қонақтарына бауырсақ пен ыстық шай ұсынып жатыр. 
Украинаның Киев облысында Ресей басқыншылығынан қатты зардап шеккен қаланың бірі Бучада қазақтың киіз үйі тігілді. Бұл киіз үйде "Незламності" яғни, "мызғымастық" пункті орналасқан. Тұрғындар киіз үйге келіп, жылынып, бауырсақ пен тәттіден дәм тата алады.
Украин парламентінің депутаты Сергей Нагорняк Facebook желісінде жоба қазақстандық кәсіпкерлер мен Украинадағы қазақ диаспорасы өкілдерінің арқасында пайда болғанын&nbsp;<strong><a href="https://pfbid02wbjzwo7c4tixiicscnpql78yvq5nxan4kvuwvehy7tr9xgl9c9f4d5zkybttp85kl/" target="_blank">хабарлады</a></strong>. Нагорняктің айтуынша, қазақ үйді кәсіпкер Дәулет Нұржанов Қазақстаннан сатып әкелген. Нұржанов Украинаның Житомир, Винницк, Хмельницк облыстарында кәсіпкерлікпен айналысады.
3/8 Украин парламентінің депутаты Сергей Нагорняк Facebook желісінде жоба қазақстандық кәсіпкерлер мен Украинадағы қазақ диаспорасы өкілдерінің арқасында пайда болғанын хабарлады. Нагорняктің айтуынша, қазақ үйді кәсіпкер Дәулет Нұржанов Қазақстаннан сатып әкелген. Нұржанов Украинаның Житомир, Винницк, Хмельницк облыстарында кәсіпкерлікпен айналысады.
Украинаның Киев облысында Ресей басқыншылығынан қатты зардап шеккен қаланың бірі Бучада қазақтың киіз үйі тігілді. Бұл киіз үйде "Незламності" яғни, "мызғымастық" пункті орналасқан. Тұрғындар киіз үйге келіп, жылынып, бауырсақ пен тәттіден дәм тата алады.
Бучадағы киіз үйдің ішінде Қазақстан мен Украинаның туы ілінген.&nbsp;<br />
<br />
Буча былтыр 24 ақпанда Ресей Украинаға басып кіргеннен кейінгі орыс әскерінің қатігездігінің символына айналған. Буча бір ай бойы басқыншылар қолында қалған кезде қалада жүздеген бейбіт тұрғын өлтірілген. Қалада адам өлімімен қатар тонау, адам ұрлау, азаптау фактілері болған. Халықаралық Human Rights Watch ұйымы Бучадағы қырғынды адамзатқа қарсы қылмыс деп атаған. Мәскеу өз әскерінің бейбіт тұрғындардың өліміне қатысы барын мойындамаған.
4/8 Бучадағы киіз үйдің ішінде Қазақстан мен Украинаның туы ілінген. 

Буча былтыр 24 ақпанда Ресей Украинаға басып кіргеннен кейінгі орыс әскерінің қатігездігінің символына айналған. Буча бір ай бойы басқыншылар қолында қалған кезде қалада жүздеген бейбіт тұрғын өлтірілген. Қалада адам өлімімен қатар тонау, адам ұрлау, азаптау фактілері болған. Халықаралық Human Rights Watch ұйымы Бучадағы қырғынды адамзатқа қарсы қылмыс деп атаған. Мәскеу өз әскерінің бейбіт тұрғындардың өліміне қатысы барын мойындамаған.
Украинаның Киев облысында Ресей басқыншылығынан қатты зардап шеккен қаланың бірі Бучада қазақтың киіз үйі тігілді. Бұл киіз үйде "Незламності" яғни, "мызғымастық" пункті орналасқан. Тұрғындар киіз үйге келіп, жылынып, бауырсақ пен тәттіден дәм тата алады.
5/8

6/8

Украиналық басылымдар киіз үйді тігуге Қазақстанның Украинадағы елшілігі қолдау көрсеткенін жазып жатыр.&nbsp;<br />
<br />
&nbsp;
7/8 Украиналық басылымдар киіз үйді тігуге Қазақстанның Украинадағы елшілігі қолдау көрсеткенін жазып жатыр. 

Украинаның Киев облысында Ресей басқыншылығынан қатты зардап шеккен қаланың бірі Бучада қазақтың киіз үйі тігілді. Бұл киіз үйде "Незламності" яғни, "мызғымастық" пункті орналасқан. Тұрғындар киіз үйге келіп, жылынып, бауырсақ пен тәттіден дәм тата алады.
Алдағы уақытта Украинада мұндай тағы бес киіз үй тігілмек.&nbsp;
8/8 Алдағы уақытта Украинада мұндай тағы бес киіз үй тігілмек. 
Украинаның Киев облысында Ресей басқыншылығынан қатты зардап шеккен қаланың бірі Бучада қазақтың киіз үйі тігілді. Бұл киіз үйде "Незламності" яғни, "мызғымастық" пункті орналасқан. Тұрғындар киіз үйге келіп, жылынып, бауырсақ пен тәттіден дәм тата алады.
Previous slide
Next slide

Марат Дәрменов бауырларымен бірге екінші киіз үйді Киевте тікпекші. Онан кейін Львов, Харьков, Одесса мен Черкассыға да киіз үй апармақ. Ресей күштерінің шабуылы кесірінен ол қалаларда да халықтың жарық пен жылусыз отыратын кезі жиі болады.

РЕСЕЙ СІМ ӨКІЛІ ЗАХАРОВА НЕГЕ ШАМДАНДЫ?

Қазақтардың Украинаның Буча қаласында киіз үй тіккені Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захароваға жақпай қалды.

"Қазақстанның ресми өкілдерінің назарын интернетте пайда болған ақпаратқа аудардық. Бізді кейбір БАҚ-та шыққан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және Республиканың оған қатысы жоқ деп сендіруге тырысты. Ресей жағының жақын әріптесіне сенбеуіне негіз жоқ" деді ол 10 желтоқсанда.

Захарова әйткенмен ресми Астана бұл мәселеге байланысты түсініктеме берсін дегенді меңзеді. Оның сөзінше, "Ресей-Қазақстан стратегиялық ынтымақтастығы мен одақтастығына нұқсан келмес үшін және бұл тақырыптың әрі қарай да бұрмалануына" жол бермес үшін Ресей жағы Қазақстанның "ресми түсініктеме бергені жөн" деп санайды.

ҚАЗАҚСТАН: КИІЗ ҮЙДІ ЖЕКЕ КОМПАНИЯЛАР ТІККЕН, ОНДА ТҰРҒАН ЕШТЕҢЕ ЖОҚ

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров киіз үйге бола дау айтқан ресейлік әріптесінің сөзіне байланысты 11 қаңтарда Азаттық тілшісінің қойған сұрағына жауап берді.

"Киіз үй тігілді. Бұдан қандай проблема туындады? Орнатылды. Көмек көрсетілді. Бұл қазақстандық жеке компаниялардың бастамасы. Өздері жинап, өздері апарып, өздері көмектесіп жатыр" деді Айбек Смадияров.

Оның сөзінше, Қазақстан жағы киіз үйге байланысты арнайы комментарий беруді жөн санамайды. Смадияров Қазақстанда 300 мыңға жуық украин тұратынын, ал Украинада да қазақ диаспорасы барын айтты.

"Әрине, Украинада жағдай қиын. Сондықтан бұл ақпарат мүмкін басқаша көрініп жатқан шығар. Бірақ біз одан ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпыз" деді ол.

Ал "Захарованы Бучадағы киіз үйге Қазақстанның қатысы жоқ деп сендіруге тырысқан кім, қазақстандық ресми өкілдерден Захароваға киіз үй жайлы кім түсініктеме берді?" деген Азаттықтың сұрағына Смадияров "білмейміз" деп жауап қатты.

Қазақстан Ресеймен бірге Еуразия экономика одағы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы секілді бірқатар еларалық ұйымдарға мүше. Ресми Астана Ресейдің былтыр 24 ақпанда Украинаға басып кіруін қолдаған да, айыптаған да жоқ.

Украина жерінің тұтастығын құрметтейтінін бірнеше рет мәлімдеген Қазақстан БҰҰ-да Украинаға қатысты мәселе бойынша дауыс беру кезінде көбіне қалыс қалып келген. Ал былтыр 17 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында Ресейдің Қырымдағы әрекетін сынайтын қарарға қарсы дауыс берді.

Бірақ Қазақстан Мәскеу аннексиялап алған украин аймақтарындағы псевдореферендумды мойындаған жоқ. Ресей Украинаға басқыншылық жасағалы бері қазақстандық еріктілер де, қазақ үкіметі де Украинаға гуманитарлық көмек жіберген.

Айдар
XS
SM
MD
LG