Азаттық: Орталық Азиядағы қазіргі жанармай тапшылығы әсіресе Ресей отынына толық тәуелді елдерге қаншалық әсер етіп жатыр?
Лука Анчески: Мұның соңы өте қиын болуы ықтимал. Бірақ бұл сонымен бірге өзара есеп айырысатын, яғни елдер өз энергетика саясатын қайта қарастыратын уақыт болуы да мүмкін.
Лука Анчески – Орталық Азияны зерттеуші, Ұлыбританиядағы Глазго университетінің профессоры
Бұл жағдай аймаққа әртүрлі әсер етеді. Бір жағынан Қазақстан сияқты ахуалы біршама тәуір елдер бар. Өзбекстанның жағдайы орташа. Ал ең қатты зардап шегетіндер — Тәжікстан мен Қырғызстан. Себебі олар ресейлік бензинге, дизельге және мұнай өнімдеріне тәуелді. Оның үстіне, оларда мұнайды өңдейтін мүмкіндік жоқ, ал бұл жағдайды одан сайын қиындата түседі.
Сондықтан бұл жағдай өндірістік қуатқа емес, отын бағасының өсуіне және оның тапшылығына байланысты өмір сүру бағасының артуына қатты ықпал етуі мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, бензин бағасына, жанармай құю станцияларындағы отын көлеміне, көлік тасымалы мүмкіндіктеріне және жалпы ауыл шаруашылығына жақын арада нақты экономикалық әсерін тигізеді. Экономиканың бұл салаларының барлығы Ресейде өндірілген мұнай өнімдерін тұтынумен байланысты.
Ең қатты зардап шегетіндер — Тәжікстан мен Қырғызстан.
Өзбекстанның жағдайы сәл жақсы, бірақ дағдарыс ушыға түссе, оған да әсер етпей қоймайды.
Азаттық: Қырғызстан сияқты елдердің үкімет өкілдері жанармай тапшылығына байланысты Түркіменстан, Әзербайжан және Қазақстан шенеуніктерімен жанталасып кездесу өткізіп жатқанын жақсы білетін шығарсыз. Экономикаға келетін осы үлкен зиянды қандай да бір жолмен тоқтату үшін олар қазір не істей алады?
Лука Анчески: Бұл жерде екі мәселе бар. Біріншісі — жалпы сипаттағы мәселе: Орталық Азияда ұжымдық қатерге бірлесе төтеп берудің тиімді жолы жоқ. Осы уақытқа дейін (және біз бұны COVID кезінде анық көрдік) елдер өз бетінше әрекет етеді. Олар өзара іс-қимылды үйлестірмейді, бұл – үлкен мәселе, өйткені мұндағы дағдарыстың көбі – ұжымдық дағдарыс, бұған климаттың өзгеруі мысал бола алады.
Орталық Азияда ұжымдық қатерге бірлесе төтеп берудің тиімді жолы жоқ.
Осындай жағдай туындағанда Орталық Азия елдері жүгіне алатын дайын әрі оңай механизм жоқ. Сондықтан дағдарысқа берілетін жауап әрдайым нақты жағдайға байланысты асығыс қабылданады.
Екінші мәселе — [жанармай нарығын] қысқамерзімді диверсификациялауға мүмкіндік беретін инфрақұрылым жоқ. Аймақтың теңізге шығар жолы болмағандықтан, қымбат құбырлар жүргізу керек, оның үстіне, әрине, алдын ала жоспарлау қажет.
Ресейден келетін өнімдерді Әзербайжандікімен жылдам алмастыра алмайсыз, өйткені құбыр жоқ. Мәселе осындай қарапайым нәрсеге тіреліп тұр.
Түркіменстаннан таси ма, әлде Қазақстан ба, мұның бәрі тым күрделі, бірқатар шешімдерді қайта құрылымдау қажет болады. Бұл айтарлықтай инфрақұрылым мен логистиканы талап етеді, ал бұл мемлекеттердің мұны тез арада шеше аларына сенімді емеспін.
Азаттық: Қазақстан, Түркіменстан, тіпті Өзбекстанның да мұнай қоры бар және олардың мұнай өңдеу қуаты жеткілікті. Өзбекстан жақында ғана екі ірі мұнай өңдеу зауытын салды. Бұл олардың Ресейден ығып, аймақтың өз ішінде жеткізу тізбегін құрмағанынан туындаған саяси мәселе ме? Әлде бұл тым қымбат болып, шамалары келмей отыр ма?
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстан бензин контрабандасымен күресуге көшті
Лука Анчески: Меніңше, екі себепті де дұрыс байқадыңыз.
Бір жағынан, Ресей — энергетикалық держава және ол өзінің энергетика саласындағы ықпалын қолданады. Ресейдің энергетикалық шеңгелінен шығу өте қиын.
Ресей — энергетикалық держава және ол өзінің энергетика саласындағы ықпалын қолданады. Ресейдің энергетикалық шеңгелінен шығу өте қиын.
Сонымен қатар, мұны ұзақ уақыт жоспарлау қажет, ал олар мұны іске асыруға қауқарсыз.
Бірақ мен үшін үшінші мәселе — қысқамерзімді мүдделерді ғана ойлау. Орталық Азиядағы үкіметтер авторитарлық билік логикасына байланысты әрдайым қысқа мерзімге ғана жоспар құрады. Олар көбіне билікті сақтап қалуды ғана ойлайды және ең алдымен өздерін биліктен тайдыруы мүмкін нәрселерді ғана уайымдайды. Олар әрдайым саяси қате жіберіп алмауға, соның алдын алуға тырысады, сондықтан алыс болашақты ойламайды.
Бұлайша қысқа мерзімді ғана ойлау энергетикалық саясатқа да әсер етеді.
Өзбекстанда жылу болмағанда мұғалімдер мектепті жылыту үшін отын тасуға мәжбүр болғаны есіңізде шығар. Қазақстанда да отын жеткізуде мәселелер болды. Энергетикалық саясатқа әрдайым ең соңында ғана мән берілетін.
Сондай-ақ, бұл саясат ішкі қажеттіліктерге емес, экспортқа бағытталған. Олар ресурстарды қалай тиімді пайдалануды емес, оларды қалай сатуды көбірек ойлайды.
Your browser doesn’t support HTML5
"Бензинді ішесіңдер ме?". Ресейде жанармайды канистр, бөшкелерге құйып әкетіп жатыр
Азаттық: Қалай ойлайсыз, егер бұл дағдарыс жалғаса берсе, Орталық Азия үкіметтері қысқа мерзімді ойлаудан арылып, аймақтық энергетика желісін құруға көше ме? Әлде олар тағы де Қытайдан немесе Әзербайжаннан импорттау сияқты уақытша шешімдер іздей ме?
Орталық Азиядағы үкіметтер авторитарлық билік логикасына байланысты әрдайым қысқа мерзімге ғана жоспар құрады. Олар көбіне билікті сақтап қалуды ғана ойлайды және ең алдымен өздерін биліктен тайдыруы мүмкін нәрселерді ғана уайымдайды.
Лука Анчески: Әзербайжанды ұзақ мерзімді шешім ретінде қарастырар едім, өйткені оның әлеуеті бар.
Сондай-ақ Қазақстан мен Түркіменстан арқылы тасымалдаудың балама жолдарын табуды ұзақ мерзімді шешім деп есептеймін, себебі оларда құбыр болмағанымен, ресурстар жеткілікті.
Бәлкім ең тиімді нұсқа Иран болар ма еді, бірақ Түркіменстан-Иран шекарасы қолайлы өткел емес. Ол қазір іс жүзінде жабық тұр. Бұл бүгінгі Орталық Азиядағы ең үлкен мәселенің бірі болар.
Азаттық: Бірақ санкциялар мен жалғасып жатқан геосаяси дағдарысқа байланысты Иран әлі көп уақыт мәселе болып қала береді ғой. Бұл ұзақ мерзімді шешім бола алмайтын шығар?
Лука Анчески: Бірақ бәрібір Иранның әлеуеті бар. Иранның Ормуз бұғазы арқылы тауар экспорттау мүмкіндігі бар әрі оған Түркіменстаннан екі құбыр жеткізілгенін ұмытпаңыз. Бұл құбырлар қазіргі уақытта Иранның солтүстігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
Бұл нұсқаны тізімнен алып тастасаңыз, онда басқа баламаларға жүгінуге тура келеді. Сондықтан бұл өте күрделі.
Азаттық: Бірақ Ресейдің үстемдігін тағы бір авторитар әрі қауіпті режим – Иранмен алмастыру дәл сондай мәселе тудырмай ма? Барлық мәселені бір жерге жинап қоймаймыз ба?
Лука Анчески: Олар толығымен Иранға арқа сүйеуі керек деп отырған жоқпын. Менің айтпағым, олар аздап Әзербайжаннан, аздап Ираннан, аздап Қытайдан импорттап, балама көздерді әртараптандыруға тырысса дұрыс еді.
Сондай-ақ аймақ елдері жасыл энергияны пайдалана бастауы керек. Сонда олар көмірсутек импорттайтын елдерді ғана емес, сонымен бірге энергетика түрлерін де әртараптандырады, бұдан экология жақсарады және ел ішіндегі өндіріс үлесі артады.
Қырғызстан мен Тәжікстанда ең басты түйткіл – гидроэнергетика бар.
Азаттық: Бұл жағдай бір апта не бір айдан кейін қалай өрбуі мүмкін?
Лука Анчески: Меніңше, бұл жерде екі фактор бар.
Біріншісі — Украинаның Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымына шабуылдары күшейіп, бұдан да сәтті болса, бұл Ресейдің өндіріс қуатын төмендетеді.
Екіншісі — Орталық Азия лидерлері аймақтың шынайы энергетика нарығын құру, бір-біріне көмектесу мәселесіне байыппен қарау және мен жоғарыда атап өткендей, импорт тұрғысынан да, энергетика түрлерін арттыру тұрғысынан да энергияны әртараптандырудың нақты бағдарламасын құру арқылы стандарт қалыптан шығып, еркін ойлауға дайын ба, бұл соған байланысты.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Ресейдегі жанармай тапшылығы Орталық Азияның энергетикалық тәуелділігін әшкере еттіОрта және ұзақ мерзімде мынадай мәселе туындауы мүмкін: энергия бағасы күрт өссе, ал бұл елдердің экономикасы бұрынғысынша көміртегін көп тұтынатын күйі қала берсе, өмірдің барлық дерлік саласы көмірсутегіне тәуелді болады.
Бұл сатып алу қабілетіне қатты әсер етіп, өмір сүру бағасын қымбаттатады, бұдан жұрт кедейлене түседі. Халықтың басым бөлігіне әсер етсе, бұл режимдер үшін тұрақсыздық тудырушы факторға айналады.
Бұл сатып алу қабілетіне қатты әсер етіп, өмір сүру бағасын қымбаттатады, бұдан жұрт кедейлене түседі. Халықтың басым бөлігіне әсер етсе, бұл режимдер үшін тұрақсыздық тудырушы факторға айналады.
Мұндай жағдайды Қырғызстанда, Арменияда көрдік. Энергетика дағдарысы шерулер мен тәртіпсіздіктерге әкелуі мүмкін.
Бұл жерде де соған ұқсас жағдай болуы ықтимал. Қазіргі қалыптасқан ахуал аяқталады деп те, жалғасады деп те нақты айта алмаймыз. Бірақ ол жалғаса берсе, бұл аймақтағы режимдер үшін бетбұрыс кезеңіне айналуы ықтимал.
Азаттық: Бұл олардың өз амандығы үшін, ең құрығанда қандай да бір қысқамерзімдік шешім табуы керек дегенді білдіре ме?
Лука Анчески: Иә, ең кемі қысқамерзімдік шешім болуы керек.
Оның үстіне, Ресейдің энергетикалық үстемдігі мәселесі бұдан әрі басты уайым болмайды, өйткені Ресейдің өзі қиындыққа тап болады. Қырғызстан Ресейден [жанармай] сатып алуды тоқтатса, бұл Ресей үшін үлкен мәселе бола қоймас.