Аптаның үздік жеті хикаясы

Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.

"Лагерь адамның сағын сындырады". Шыңжаңнан келген қазақтардың әңгімесі

Қытайдан Қазақстанға көшіп келген ерлі-зайыпты Мұратхан Айдарханұлы мен Зағи Құрманбайқызы "Шыңжаңдағы лагерьде жылға жуық отырып шықтық" дейді. Олар Азаттыққа қамауда көргендерін айтып берді.

"Орнығып алған соң жақынын тартады". Қазақстаннан АҚШ-қа қоныс аударған заңгердің әңгімесі

Қазақстанның солтүстігіндегі кентте туып-өскен Айя Балтабек үш жарым жыл бұрын ағылшын тілін білмесе де, АҚШ-қа барып, бағын сынап көрген. Қазір ол Нью-Йоркте көші-қон мәселесі бойынша кеңесші болып істейді. Айя Азаттық тілшісіне АҚШ-та қалып қою ниетімен қоныс аударатын қазақстандықтар мен олардың жақын-туыстарын көшіріп алуға талпынысы туралы айтып берді.

Журналист Батырбеков желідегі жазбасы үшін тағы сотқа тартылды

Түркістан облыстық соты "Жала жабу" және "Қорлау" бабымен қамалған "Сарыағаш информ" газетінің редакторы Амангелді Батырбековтің апелляция шағымын қарап жатқанда Сарыағаш ауданы сотына журналистің үстінен тағы бір шағым түсті. Шағым иесі Ләйла Дарханбаева да "Батырбеков ар-намысыма тиді, қызмет беделіме нұқсан келтірді" дейді. Екі сотта да арыз жазушылар журналисті Facebook парақшасындағы жазбасы үшін айыптаған. Соттан репортаж.

Күнкөріске жетпейтін шәкіртақы. Жұмыс істеуге мәжбүр студент

Жастар жылын қорытындылаған жиында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы студенттер стипендиясын 25 пайызға көбейтуді тапсырды. Бакалаврда оқитындардың шәкіртақысы өскеннің өзінде елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейді.

"Тінту мен аңду". Бельгия саяси баспана берген Ботагөз Жәрдемәлінің ісі

Қазақстандық белсенділер Брюссельді Бельгиядан саяси баспана алған Ботагөз Жәрдемәлінің ісі бойынша Нұр-Сұлтанмен әріптес болмауға шақырды. БТА Банктің бұрынғы басшысы және Қазақстан билігін сынаушы Мұхтар Әблязов пен оның отбасы мүшелерін қорғаған осы банктің бұрынғы заңгері саяси себеппен қудалауға ұшырағанын айтады. Қазанда заңгердің Брюссельдегі пәтерін Қазақстанның сұрауы бойынша тінтіген. Содан бірнеше апта бұрын Бельгияда Жәрдемәліні аңдыған деп айыпталған адамдардың соты аяқталды. Ботагөз Жәрдемәлі жауапқа тартылған адамдар Қазақстан билігінің тапсырмасымен жұмыс істеген деп санайды.

Бірінші шешен соғысына 25 жыл. Қақтығыс қалай басталып еді?

1994 жылы 11 желтоқсанда Ресейдің сол кездегі президенті Борис Ельцин "Шешенстанда қоғамдық қауіпсіздікті, тәртіпті қамтамасыз ету шаралары" жарлығына қол қойды. Жарлықтан соң Ресей әскерилері Шешенстанға кірді. Бірінші шешен соғысы басталды.

Бірінші шешен соғысы қалай басталып еді?

"Жастар жылы жас белсенділерді қудалау жиіледі"

Қазақстанда "Жастар жылы" аяқталып, "Еріктілер жылы" басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ел болашағы жастардың қолында, азаматтық позициясын ашық айтатындарға әрдайым қолдау бар" десе де белсенділер қысым көрген жастардың аз емесін айтады.

Your browser doesn’t support HTML5

"Жастар жылы жас белсенділерді қудалау жиіледі"