Қару-жарақ қоймасындағы жарылыс

Қару-жарақ қоймалары Киевтен шамамен 200 шақырым жердегі Ичня қаласынан төрт шақырым жерде орналасқан. Ичня қаласының өзінде шамамен 11 мың адам тұрады.
 

Қару-жарақ қоймасына жақын жерде жолда қалдырып кеткен ескі көлік
 

Украинаның қарулы күштерінің бас штабы бес қойманың өртеніп жатқанын хабарлады. Әзірге, себебі белгісіз. Зардап шеккендер туралы да дерек жоқ
 

Эвакуация кезінде немересімен тұрған егде әйел
 

Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап жатыр
 

52 жастағы Валентина Петренко күшті жарылыс салдарынан терезесі шағылған үйінен қарап тұр. Оның үйі қоймаға жақын орналасқан Дружба ауылында.