Галышеваның алтыны мен Тұрсынбаеваның күмісі

Фристайлдан АҚШ-тың Юта штатында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Юлия Галышева могул жаттығуы бойынша алтын жүлде алды. Галышева - 2018 жылы Пхенчханда өткен қысқы олимпиадада қола медаль алған. 2011 және 2017 жылғы қысқы Азия ойындарының чемпионы. Ол әлем чемпионатында алғаш рет алтын иеленді. АҚШ, 8 ақпан 2019 жыл.

Юлия Галышева (ортада) алтын медалін алған сәт. Күмісті австралиялық Энтони Джакара (сол жақта), қоланы 2018 жылғы қысқы олимпиада чемпионы франциялық Лаффон Перрин (оң жақта) иеленді. АҚШ, 8 ақпан 2019 жыл. 

Мәнерлеп сырғанаудан Анахаймдағы (АҚШ)  "Төрт құрлық чемпионатында" қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль алды. Ол қысқа және негізгі бағдарлама қорытындысы бойынша 207,46 ұпай жинады. Бұл - Тұрсынбаеваның жеке рекорды.

Тұрсынбаева қысқа бағдарламадан кейін 6-орында тұрған. 

Элизабет Тұрсынбаева (сол жақта), жапониялық Рика Кихира (ортада) және тағы бір жапон Мая Михара (оң жақта) медальдарын алған сәт.  Анахайм, АҚШ, 8 ақпан 2019 жыл. 

Элизабет Тұрсынбаева - "Төрт құрлық чемпионатында" (Азия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия құрлығының біріншілігі) жүлде алған екінші қазақстандық. 2015 жылы осы чемпионатта Денис Тен ерлер арасында чемпион атанған. Тұрсынбаева жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарында, 2017 жылғы қысқы Азия ойындарында қола алған.

Тұрсынбаеваны 2018 жылға дейін канадалық маман Брайан Орсер жаттықтырған. Ал 2018 жылдың жазында ол ресейлік жаттықтырушы Этери Тутберидзенің командасына ауысқан. Қазір Мәскеуде жаттығады.