Аптаның үздік жеті хикаясы

Алматыда 21 қыркүйекте ұсталған адам полицияға сұрақ қойып тұр. 2019 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.

Тоқаевтың 100 күні несімен ерекшеленді?

Маусымдағы кезектен тыс сайлаудың ресми қорытындысы бойынша Қазақстан президенті болып Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайланғанына 100 күн толды. Кей сарапшылар Тоқаев қоғамдағы көкейтесті мәселелерді шешуге талпынып отыр десе, өзгелері оны осы қызметке ұсынған бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалында қалды деп санайды. Толығырақ оқу үшін >>>

Болмаған митингі ондаған адамның ұсталуымен аяқталды​

Полиция адамдарды қалай ұстады?

Қыркүйектің 21-і күні Қазақстанның бірнеше қаласында "рұқсат етілмеген митингі" орнында полиция ондаған азаматты ұстады. Толығырақ оқу үшін >>>

"Бидай кебегін талғажау қылдық". Сириядан оралған әйелдің хикаясы

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының тумасы Ажар (есімі өзгертілді) биыл мамырда "Жусан" операциясы аясында Сириядан оралды. Күйеуі сол жақта қаза тапқан. Қазір төрт баласымен Ақтөбеде тұрып жатыр. Жесір қалған әйел Азаттыққа Сирияда төрт жылда көрген қиындықтары жайлы айтып берді. Толығырақ оқу үшін >>>

«Биліктегі тұрақсыздық». Соңғы ауыс-түйістерге реакция

Қыркүйектің 18-і күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше кадрлық ауыс-түйістер жасады. Азаттық тілшісі сөйлескен сарапшылар «Тоқаев кадрларды өзі таңдауы мүмкін, алайда «кітапхана» факторын да жоққа шығаруға болмайды» деп санайды. Толығырақ оқу үшін >>>

«Далада түнеп жүрміз». Арыстың кейбір тұрғыны комиссия шешіміне наразы​

Your browser doesn’t support HTML5

Арыстың он шақты тұрғыны жөндеу жұмыстарына шағымданды

Арыстағы жарылыстан зақымданған үйлерінің құрылысы тоқтап қалғанына наразы болған отыз шақты адам 20 қыркүйекте қала әкімдігіне барып, наразылық білдірді. Арыс қаласының әкімдігі жарылыстан зардап шеккен үйлер мен ғимараттардың 99 пайызы жөнделгенін айтады. Толығырақ оқу үшін >>>

Мемлекеттік тіл саясат тіліне айнала алды ма?

Your browser doesn’t support HTML5

Мемлекеттік тіл саясат тіліне айнала алды ма?

AzattyqLIVE хабарында мемлекеттік тіл тақырыбы талқыланды. Хабарға жазушы, тіл маманы Қанат Тасыбеков қатысты.

Полицияға шақыру, оқуға жіберу. Қытай жобаларына қарсылық "салдары"

Жаңаөзенде "Қазақстандағы Қытай жобаларына" қарсылық білдірген кей тұрғындарды полицияға шақырып, 21 қыркүйекте "заңсыз митингіге" шықпауды ескерткен. Наразылыққа қатысқан кей мұнайшылар өздерін жан-жаққа оқуға жіберуді "шерудің алдын алу" деп санайды. "Өзенмұнайгаз" өкілі оны жоққа шығарады. Толығырақ оқу үшін >>>