Аптаның үздік жеті хикаясы

Нұр-Сұлтандағы жаңаөзендіктерді қолдау акциясы. 4 қыркүйек 2019 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Жаңаөзендіктер бастаған "Қытай экспансиясына қарсы" акция бірнеше қалада жалғасты

Қыркүйектің 4-і күні Қазақстанның кемінде алты қаласында "Қытай экспансиясына қарсы" наразылық шаралары өтті. Билік өкілдері "Рұқсат етілмеген жиын өткізуге болмайды" деп жұртты таратуға тырысқанмен, олардың ескертуіне ешкім құлақ аспады. Қазақстандағы Қытай елшісі оқиғаға байланысты пікірін айтты.

Толығырақ оқып-білу үшін мына сілтемены басыңыз.

Әкежан Қажыгелдин: "Назарбаев менен кешірім сұрады"

1994-1997 жылдары Қазақстан премьер-министрі болып, 1998 жылы елден кеткен Әкежан Қажыгелдин Азаттыққа берген сұхбатында шетелде бірнеше рет Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескенін айтты.

Сұхбаттың толық нұсқасын оқып, көру үшін мына сілтемені басыңыз.

Мақсат Кенжебаев: "Қоқан-лоқыдан соң үйім өртенді"

Ауылындағы әлеуметтік мәселелерді шешуді талап етіп жүрген белсенді өзіне бірнеше "ескерту" жасалғаннан кейін үйі өртенгенін айтады. Полиция "қасақана өрт қойғанына дәлел жоқ" дейді.

Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

"Қаскөйлер, тұрақсыздықты көксейтін геосаясат". Тоқаев кімдерді меңзеді?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен өзге де кей шенеуніктер Қытаймен бірлескен жобаларға қарсы елдің бірнеше қаласындағы наразылықты әлдебір күштермен байланыстырады. Бұған дейін Қытайдың Қазақстандағы елшісі де осындай пікір айтқан.

Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

"Божко халықтан тізерлеп тұрып кешірім сұрауы тиіс". Депутат сөзіне реакция

Your browser doesn’t support HTML5

Қоғам ашуын тудырған Владимир Божко отставкаға кете ме?

Мәжіліс депутаты Владимир Божконың "елде үш жылдың ішінде әлеуметтік көмек 17 есе өскен, сол үшін мемлекетке тізерлеп, алғыс айту керек" деп халыққа қарата айтқан сөзі қоғамда сынға ұшырады.

Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Азия қаламгерлерінің форумына жұмсалған қаржы ақтала ма?

Your browser doesn’t support HTML5

281 миллион теңгеге жазушылар форумын өткізу дұрыс па?

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің алғашқы форумына бюджеттен 281 миллион 35 мың теңге (726 мың доллар) бөлінген. Әлеуметтік желі қолданушылары кешеден бері форумға кеткен қаражат ақтала ма, ақталмай ма деген мәселені қызу талқылап жатыр. Азаттық форумға бөлінген қаржыға байланысты бірнеше ақын-жазушының ой-пікірін білді.

"Қытай жобаларына" қарсылық. Жаңаөзендегі наразылық неден тұтанды?

Your browser doesn’t support HTML5

Жаңаөзенде басталған митинг. Қытайға қарсылық неден тұтанды?

AzattyqLIVE тікелей эфир хабарында Қазақстанның бірнеше қаласында "Қытай жобаларына қарсылық" акциясына шыққандардың талабын талқылады. Хабарға құқық қорғаушы, 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғалары кезінде мұнайшыларға заңдық көмек көрсеткен белсенді Ерлан Қалиев қатысты.