Беларусьте наразылыққа шыққандарды полиция қуып жүріп ұстады. Қарағандыда "жұмыссыз қаламыз ба" деп алаңдаған фабрика қызметкерлері наразылық білдірді. Өскеменде трамвайлар ескірген, рельс тозған.
Неміс жазушысы Александра Кавелиус "Шыңжаңдағы адамдардың жағдайының сорақылығы соншалық, қол қусырып отыруға дәтің шыдамайды" дейді. Жақында оның Қытайдағы лагерьлер жайлы Die Kronzeugin атты кітабы шықты. Кітаптың қосалқы авторы әрі бас кейіпкері –Сайрагүл Сауытбай.
Журналист және MediaNet халықаралық журналистика орталығының басшысы Әділ Жалилов Қазақстандағы журналистика факультеттеріне қандай өзгеріс енгізу керегі, фактілерді фейктерден қалай ажыратуға болатыны және мемлекеттің журналистикаға араласуы неге пропагандаға әкеп соғатыны туралы ойымен бөлісті.
Қытайдың солтүстігінде тұратын этникалық моңғолдар Пекиннің моңғол тілін мектеп бағдарламасынан алып тастау жоспарына қарсы шықты.
Сарапшылар елдегі шағын және орта бизнестің 30 пайызы қайта аяққа тұрмай, біржола жабылуы мүмкін деп есептейді. Олар Қазақстандағы бизнес пандемияға дейін де дағдарыс жағдайында болғанын айтады.
Беларусь мемлекеттік телеарнасы ел президенті Александр Лукашенконың биліктен кетуін талап етіп айқайлаған наразылардың видеодағы дауысын өзгертіп, оппозиция өкіліне қарсы сөйлеп жатқандай етіп көрсеткен. Түпнұсқа мен фейк видеоны салыстырайық.
Қазақстандық экобелсенді Шасалим Шагалимов Азаттыққа берген сұхбатында экологиялық ағарту жайлы, табиғатқа жаны ашымайтын, ағаш кесіп, өзен-суға қалдық төккендерге жазаны күшейту туралы ойын бөлісті.
Қазақстанда 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Пандемияға байланысты қашықтан білім алуы тиіс оқушылардың көбі бірінші тоқсанға дайын емес.
Алматыда Сайлау Әжімолдаев есімді тұрғын бір адамдық пикет өткізіп, биліктен көмек сұрады. Ол "адам өлтірді" деп айыпталып, 2016 жылы 18 жылға сотталған ұлының ісін қайта тергеткісі келеді. Айтуынша, бұрынғы президентке 114, қазіргі президентке 12 рет хат жазып, жауап ала алмаған.
Қазақстан үкіметі карантин шектеулерін жеңілдетудің екінші кезеңін жариялады. 31 тамыздан бастап карантин шектеулері қалай өзгереді?
Қазақстандағы ең ықпалды отбасының мүшесі болған екі адамның жұмбақ өлімінің арасын бес жарым жыл уақыт пен Еуропадағы қос астананың арасындағы мың шақырымнан астам жол бөліп жатыр.
Беларусь президенті Александр Лукашенко жаппай бейбіт шеру күні жұрттың алдына автомат ұстап шығып әлемді қайран қалдырды. Ол сияқты қаруға жармасқан өзге авторитар басшылар да болған.
Оралда сот 12 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түскен 21 жастағы азаматқа шартты жаза кесті. Алқа билер сотының қатысуымен шығарылған үкім қоғам наразылығын туғызды. Бұл – Қазақстанда педофилия айыбы тағылған адамға түрме жазасы берілмеген бірінші оқиға емес.
Беларусьте билікке наразылық шеруіне жүз мыңнан астам адам қатысты. Билік Минск көшесіне шерудің жолын бөгеуге полициямен қоса армия сарбаздарын шығарды. Автомат асынған Александр Лукашенко наразыларды "жөнге келтіреміз" деп сес көрсетті.
Беларусь халқы 9 тамыздағы президент сайлауынан кейін көшеге шықты. Полиция шерушелерді аяусыз соққыға жықты.Беларусьтегі билікке қарсы наразылық шерулерінде қамауға алынғандар полицияның қалай ұрып-соққанын, азаптағанын және «зорлаймыз» деп қорқытқанын әңгімеледі.
Тағы