Қазақстан билігі сайлау қарсаңында "кибер қауіпсіздік" жаттығуын бастады. ОСК тәуелсіз бақылаушыларға сайлау учаскесінде видео мен фото түсіруге тыйым салды. Құқық қорғаушылар түрмедегі Макс Боқаевпен кездесті.
АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлау штабы Джорджия штатындағы дауыс беру нәтижесін жоққа шығаруды талап етіп, сотқа тағы бір арыз түсірді. Осы штатта "президент сайлауынан да тартысты" сенат сайлауының науқаны қыза түсті. Бұл штатқа Трамп та, Байден де бармақ.
Қазақстанда саяси көзқарасы үшін қылмыстық жауапқа тартылатындар көбейген. Жаңа партия құратынын айтқан белсенділер сайлауды кейінге шегеруді талап етті.
Халқының саны 6 миллионнан асатын Қырғызстанда осы кезге дейін демография жайы қалыпты болып келген. Тұрғындар арасында көші-қон процесі үнемі артып отырғанымен, өмір сүру жасы ұлғайып, өлім-жітім азайған еді. Бірақ қазір әлемдегі өзге елдердегі тәрізді қартаю үрдісі Қырғызстанды да айналып өтпеді.
Еуропада ұзындығы жағынан үшінші өзен саналатын Жайықтың суы соңғы 15 жылда үш есе азайған. Жергілікті халық шаруашылыққа су жетпей, құрғақшылық болып жатқанын айтады. Азаттықтың түсірілім тобы Жайықтың бойымен жүріп өтіп, қазіргі жағдайын білді.
Жүздеген мың қазақстандық жеке тұрғын үй салуға мемлекеттен тегін 10 сотық жер алу үшін жылдар бойы кезекте тұрады. Әкімдіктер әртүрлі сылтау айтып, жер бермейді. Ал ұлттық парк аумағына депутаттарға тиесілі зәулім үйлер еш қиындықсыз салынады.
Шетелдік басылымы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, миллиардер Тимур Құлыбаевтың жасырын жолмен ондаған миллион доллар пайда тапқанын жазды; 28 миллион теңге дауынан соң "Адал" партиясы журналисті қатарынан шығарып жіберді; ЖСДП-ның бұрынғы және қазіргі мүшелері студияда төбелесті.
2015 жылы Қазақстан БҰҰ-ның мүгедектер құқығы жөніндегі Конвенциясын ратификациялап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты көп міндеттемені мойнына алды. Содан бері елде не өзгерді?
Арман Борисов – Оралда тұратын 21 жастағы танымал блогер. Instagram аккаунтында мыңдаған оқырманы бар. "Қабілеті ерекше блогер" онда қалай саяхаттағанын, спортпен шұғылданатынын айтып, "ДЦП-мен өмір сүретін жанның адал өмірі" жайлы сыр шертеді.
Ұлыбритания соты Назарбаевтың жақын серігі, миллиардер Өтемұратовтың алты елдегі активтерін бұғаттады. Мұхтар Әблязовтың үндеуінен соң "Азат" партиясы мүше қабылдауды тоқтатты. "Нұр Отанды" сынаған депутат партиядан шығарылды. Әріптестері оны сөгіп жатса, өзі қуанып отыр.
2021 жылы 10 қаңтарға жоспарланған парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауына елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын "Нұр Отан" және тағы төрт партия қатыспақ. Саяси додаға түсетін осы төрт партияның жетекшілері Назарбаевты жиі мақтайды. Олар кімдер? Жақынырақ таныстырамыз.
Ұлыбритания азаматтық соты 13 қарашада Қазақстандағы "БТА банк" ісі бойынша 5 миллиард доллардың активін бұғаттады. Бұл жөнінде 1 желтоқсанда америкалық Wall Street Journal (WSJ) басылымы хабарлады.
Беларусьтің мемлекеттік телеарнасының журналисі түрлі кейіпке еніп, билікті жақтап "сұхбат" береді. Фейк жаңалықтардың кейіпкері болып жүрген жалғыз ол емес.
Тәшкент әкімінің жүздеген кәсіпкердің дүкендері орналасқан жерді өзге бір кәсіпкерге тегін беру туралы шешімі дауға айналып, іс сотқа жетті. Жоғары биліктің ауызша тапсырмасымен берілген жерге президенттің күйеубаласының қатысы болуы мүмкін деп жазады Озодлик.
Қазақстанды отыз жылдай басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың жақындары – қазір елдегі ең бай адамдар. Олардың арасында мемлекеттік қызметте жүргендер, ұлттық компанияларды басқарып отырғандар, ірі бизнесмендер бар.
Тағы