Астана іргесіндегі Қараөткел ауылының тұрғыны Жанар Хасенова жергілікті әкім «үйіме суыт келіп, қысым жасады» деп шағынды. Оның сөзінше, ауыл әкімі Бауыржан Абзалбеков кешкі уақытта екі учаскелік полицеймен үйіне келген. Әкім ешкімді қорқытпадым, Хасеновамен тек сөйлесу үшін бардым деп отыр.
Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жыл қарсаңында Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездескені Қазақстанда қызу талқыға түсті. "Ескі Қазақстанның" елесі туралы көп айтатын депутаттар экс-президенттің бұл қадамын айыптап, кейбірі оның шетелге шығуын шектеу туралы бастама көтерді.
Мәскеуде тұратын Әсел есімді қазақ қыз Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысушыларға қала мэрі Сергей Собяниннің атынан берілген сыйлықты ашып көрсетті. Оның күйеуі Азамат мобилизациямен әскерге алынған. Енді қазақстандықтар одан аккаунтынан Қазақстан туын алып тастауын талап етіп жатыр.
Режиссер Малик Зенгер мен продюсер Камила Мұқанова анимациялық видео арқылы жұртты отшашу атпауға үндеп жатыр. Сіз не дейсіз?
Бірі үй салған, бірі арманындағы оқуға түскен, тағы бірі өз қаласында әлем жұлдызын көргеніне қуанған. Ал тағы біреу елден көшіп кеткісі келеді. 2025 жылы өміріңізде қандай өзгерістер болды деген сауалға Алматы тұрғындарының жауабы осындай. Жұрт 2026 жылдан не күтеді?
2022 жылы Ресей зымырандары түсіп, күл-талқан болған Мариуполь театры 28 желтоқсанда қайта ашылды. Ғимаратты паналаған бейбіт тұрғындар қиранды астында қалған. Ресей басып алған қаланың көп бөлігі әлі де үйінді болып жатыр.
Қазақстан президенті Украинаны айыптады. Алайда Путиннің резиденциясына дрон шабуылдағанын Ресей әлі дәлелдеген жоқ. | 2025 жыл Қазақстан халқының тұрмыс-тіршілігіне қалай әсер етті? | "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы қайта бас көтере ме? Түркия 350-ден аса адамды ұстады.
Кремль украин дрондары Путиннің резиденциясына шабуыл жасағанын мәлімдеп, бейбіт келіссөздер бойынша ұстанымын қайта қарайтынын айтты. Зеленский мұны «жалған ақпарат» деп атады. Түнде Ресей әскері Запорожьеге әуеден шабуыл жасады.
Қазақстанда қазақ тіліне қатысты тағы бір дау ушықты. Алматыдағы Густо мейрамханасының қызметкерінің тұтынушыға «СССР-де тудым, қазақ тілінде сөйлеуге міндетті емеспін!» деген видеосы тарап, көпшіліктің ашуын туғызған. Дау қалай басталып, қалай өрбіді? Қазір не боп жатыр? Алдағы сюжетте айтылады.
Украиналық Злата Птиця өлең жазады, оның өлеңдері көбіне зымыран, жарылыс және майдандағы солдаттар туралы. 5 жасар қыздың видеолары желіде кең тарап, көп жұртты тебірентті. Оның өлеңдерін тыңдағандар көңілі босап, көзіне жас алғанын айтады.
Назарбаев Путинге тағы барды. Кремльге Қазақстанның экс-президенті неге керек? | Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты марапаттарынан айырылды. | Соғысқа дайындық па? Қытай Тайвань аралы маңына әскерін шоғырландырып, жаттығу өткізді.
АҚШ пен Украина президенттері соғысты тоқтатуға жөніндегі бейбіт жоспарды талқылады. Бірақ келісімге толық келген жоқ. Ал Ресей президенті Украинаға «соғысты жалғастыра береміз» деп сес көрсетті.
Алматы соты журналист Олег Гусевті мақаласында кейіпкердің бұрын бірнеше рет сотты болғанын жазғаны үшін айыпты деп танып, 3 жылға шартты түрде бостандығынан айырды. Тағылған айыптарды жоққа шығарған Гусев өз ісін кез келген журналисті жазаға тартуға жол ашатын қауіпті прецедент деп атады.
Астана іргесіндегі Қараөткел ауылының тұрғыны Жанар Хасенова жергілікті әкім «үйіме суыт келіп, қысым жасады» деп шағынды. Оның сөзінше, үш күн бұрын кешкі 8-дер шамасында ауыл әкімі Бауыржан Абзалбеков екі учаскелік полицеймен келген. Осыдан соң әйелдің жағдайы ауырлап, жедел жәрдем шақыртқан.
Қытай туы мен қытай лидерінің суретін өртеген «Атажұрт» белсенділерінің ісін тергеу аяқталды. 19 адам ұлтаралық алауыздық қоздыру бабымен сотқа тартылмақ. «Атажұрт» белсендісі Серікжан Біләш бұл іс жайлы не дейді? Қазақстан бір жыл бұрын Ақтауда құлаған ұшақ бойынша аралық есепті жариялады.
Бір жыл бұрын Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының жолаушы ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақтағы 67 адамның 38-і қаза тапты. Содан бері тергеу әлі аяқталған жоқ, ал бұл оқиға Әзербайжан мен Ресей арасындағы дипломатиялық дағдарысқа себеп болды.
Наразылық, қудалау, соғыс, шекара дауы... Азаттықтың әр елдегі тілшілері жыл бойы түрлі оқиғалар жайлы хабар таратты. Солардың ішінде ең басты дегендерін фотомен баяндайық.
«Жаңа өмір бастаймын», – дейді қазір жиенінің қолында тұрып жатқан 66 жастағы Ёдгорби Сабирова. Ол тігін цехын ашқысы келеді. Сот бұрынғы күйеуі мен сегіз баласын Сабироваға материалдық көмек көрсетуге міндеттегенімен, ол бұрынғы отбасына тәуелді болмайтынына сенімді.
Тағы