Болгария археологтары Қара теңіздегі Ропотамо өзенінің сағасында біздің дәуірімізге дейінгі бесінші мыңжылдыққа жатуы мүмкін адамдардың ізін тапқан. Бұл жаңалықты Созопольдегі су асты археология орталығының сүңгуірлері жасады. Олар бұл аймақты соңғы үш жыл бойы зерттеп келген.
Қазақстанда парламент сайлауы алдында белсенділер қозғалыс құрды. Олар заңды өзгертуді талап етпек. Қырғызстанда қамаудағы бұрынғы президент аштық жариялады, экс-премьерге іздеу жарияланды. Әлемде Мұхаммед пайғамбардың карикатурасына қарсылық күшейді
Пәкістанның Пешавар қаласындағы медресеге жасалған бомба шабуылынан кем дегенде 9 оқушы қайтыс болып, 80-нен аса адам жараланды.
Қырғыз үкіметінің басшысы әрі президент міндетін атқарушы Садыр Жапаров президент сайлауына түсетінін мәлімдеді. ОСК парламент сайлауының мерзімін жылжытуға қарсы. Қоғамда осы сайлауларға байланысты дау күшейіп отыр.
"Саяси себеппен қамауда отыр" делінген белсенділердің отбасына көмек көрсетпек болғандар ұсталды. Азаттық тілшісіне полиция күш көрсетті.
Минскіде Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруіне жүз мыңнан астам адам шықты. Полиция демонстранттарға резеңке оқ пен құлақ тұндыратын граната қолданған. Беларусьте билікке жаппай наразылықтың жалғасып жатқанына екі жарым айдан асты.
Беларусь астанасында Светлана Тихановская жариялаған "халық ультиматумын" қолдап, Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруге, кей мәлімет бойынша, 200 мыңға дейін адам қатысқан.
Қазақстанда "Борат-2" фильміне қарсылар көбейді. Бір топ адам АҚШ консулдығына барып петиция тапсырды. Ақтөбе облысында жерін жалға берген жүздеген адам пайдың ақысын ала алмағанын айтады. Пекин кімге сес көрсетпек? Қытай билігі әскери қару-жарақты дамыту жоспарын жеделдетуді қолға алды.
Егде жастағы азаматтар Минск көшелеріндегі шерулердің қалыпты қатысушысына айналды. Олар нәтижесі бұрмаланды деген президент сайлауынан кейінгі наразылық акцияларына серпіліс беріп отыр. Қатысушылардың бірі "Егер мені ұстап әкетсе, немерелерімнің алдында арым таза" дейді.
Қазақстанда қаңтарға белгіленген парламент сайлауына партиялар не қам жасап жатыр? Азаматтық белсенділерді қорғап жүрген адвокат Жанар Балғабаева полиция департаментінде "физикалық қысым" көріп, ауруханаға түсті. Әзербайжан Таулы Қарабақта соғысуға Сириядан жалдамалы сарбаз алдырғаны рас па?
Қазақстанда алда болатын парламент сайлауы саяси режимді консервациялауды көздейді, ал шынайы бәсекесіз өтетін сайлаудың нәтижесі қазірден белгілі деп санайды саясаттанушы Дастан Қадыржанов.
Қазақстанда парламент сайлауы 10 қаңтарда өтеді. Оппозиция белсенділері науқан әділ өтпейді деп есептейді. Мәслихат сайлауына тәуелсіз кандидат қатыса алмайды. Бұл демократия ма, кері кету ме? Нигерияда полиция демонстранттарды атып, оннан аса тұрғын қаза тапты.
21 қазанда Өзбекстанның оңтүстігіндегі Қашқадария облысының Гузар ауданында Uzbekistan GTL зауытын салып жатқан мыңдаған жұмысшы бүлік шығарды.
Заң өзгерсе де, митинг өткізу қиын. Билік наразылық акциясына рұқсат бермей отыр. Жөндеу ме, көз алдау ма? Таразда көпқабатты үйлердің көше жағы сырланып, аула жағы қараусыз қалып жатыр. Президенттен көмек сұраған әйелдер Ақордаға жете алмады.
Газды сусын. Мармелад. Шырын. Түркімендердің көбі азық-түліктің бұл түрлерін алғысы келмейді. Бірақ бәрібір сатып алуға тиіс. Тұрғындар мемлекеттік азық-түлік дүкендері халыққа берілетін тауар тізімін өзгертіп, дағдарыс кесірінен онсыз да қиналып отырған жұртты одан сайын діңкелетті дейді.
AFP агенттігі Таулы Қарабақта Әзербайжан мен Армения арасында жүріп жатқан қақтығысқа ең тәжірибелі екі фототілшісін жіберді. Тілшілер Әзербайжаннан бөлінгенін жариялаған бұл аймақта 27 қыркүйекте соғыс оты тұтанғалы жағдайдың қалай болып жатқанын камераға тартты.
Қазақстан "Қытайдан қашқан" Қастер мен Мұрагерге бір жылға босқын мәртебесін берді. Қазақстанда төрт жылда интернет 50 мың рет бұғатталған. Беларусьте Лукашенкоға қарсы наразылық басылмай тұр.
Қырғызстан президенті міндетін атқарушы Садыр Жапаров егер депутаттар Конституцияға өзгерістерді мақұлдаса, алда болатын президент сайлауына түсетінін мәлімдеді.
Тағы