Кейбір ел COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген карантин тәртібін жеңілдетіп жатыр. Оңтүстік Кореяда кинотеатрлар ашылды, Қытайда ішкі туризм жанданды, ал Чехияда көшеге шығып, еркін жүруге болады.
Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.
Жыл сайын мамырдың 3-і күні аталатын бүкіләлемдік баспасөз бостандығы күні қарсаңында Азаттық газет пен сайт редакторларынан президент Тоқаевтың сұхбатқа қаншалықты ашық екенін, елде цензура бар-жоғын және жаңа президенттің билікке келуімен сөз бостандығы қалай өзгергенін сұрады.
Төтенше жағдай кезінде жұмысы тоқтап қалғаны үшін биліктен көмек алуы тиіс 361 компанияның тізімі желіде жарияланып кетті. Үкіметтен көмек алғысы келетін кәсіпорын, фирма, холдингтер арасында Forbes журналының байлар тізіміне енген қазақстандықтардың да бизнесті бар.
Азаттық былтыр Лондонда "шығу төркіні белгісіз ақшаға алды" деген күдікпен бұғатталған қымбат мүліктің иесі Дариға Назарбаева мен Нұрәлі Әлиев екенін анықтаған зерттеу авторларының бірі, Transparency International UK ұйымының өкілі Бен Коудоктен сұхбат алды.
Тәжікстан билігі елде коронавирус жоқ дегенімен пандемиямен күресті күшейткен сыңайлы.
АҚШ-та коронавирус жұққандар бір миллионнан асты. Бұл – әлемдегі COVID-19 дертіне шалдыққандардың үштен бірі. Елде коронавирустан 58 мың 348 адам қайтыс болды. Бұл Вьетнам соғысында қаза тапқан америкалықтардан көп (58 мың 220 адам қайтыс болған).
АҚШ-тың халықаралық дін еркіндігі бойынша комиссиясы әлемдегі дін бостандығы жайлы жыл сайынғы есебін жариялады. Құжатта АҚШ мемлекеттік департаментіне Қазақстанды дін бостандығы саласында құқықтардың бұзылуына жол бергені үшін "арнайы бақылауды қажет ететін елдер" тізіміне қосу тапсырылған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлемде 200 мыңнан астам адамның өмірін жалмаған коронавирус пандемиясына қарсы іс-шарасын кейбіреулер қатаң сынға алды. Алайда кей сарапшылар бұл ұйымның өкілеті мен қаржылай шамасы шектеулі екенін айтады.
Қазақстанда төтенше жағдай 11 мамырға дейін ұзарғанымен карантин шарттары жеңілдеді. Енді аулаға шығып отыруға және саяжайға баруға болады. Бұл шарттарды әр аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты әкімдік нақтылай алады. Сонымен карантин шарттары қалай жеңілдейді?
Коронавирусқа байланысты шектеулер қаланы басқан улы газ тұманды сейілтіп, ауа сапасының біршама жақсаруына әсер етті. АҚШ пен Еуропа зерттеушілері ауа сапасы мен COVID-19 арасында байланыс барын анықтады. Азаттық сарапшылардан карантин Қазақстандағы қоршаған ортаға қалай әсер еткенін сұрады.
Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған алғашқы екі науқас анықталысымен наурыздың 30-ы күні карантин енгізілген. Содан бері шектеу шаралары бірнеше рет күшейтілді. Әкімшілік сот 191 адамды қамап, 86 азаматқа айыппұл салды.
Коронавирус кесірінен дүниежүзі томаға-тұйық жабылған соң АҚШ-тағы шикі мұнай бағасы сәуірдің 20-сы күні күрт құлдырап, әлем экономикасы бұрын-соңды болмаған ауыр жағдайға тап болды.
Пандемия себебінен көп елдің билігі халықты үйде отыруға, көшеде топтаспауға шақырады. Бірақ соған қарамастан, кейбір елде наразылық акциялары өтті. Тұрмысына алаңдаған тұрғындармен қатар дәрігерлер де билікті айыптады.
Төтенше жағдай режимі кезіндегі шектеулер Қазақстандағы шағын және орта бизнеске кері әсер етті. Ондаған мың бизнесмен жұмысын тоқтатып, қызметкерлерін ақысыз еңбек демалысына жіберуге немесе қысқартуға мәжбүр болды. Мемлекеттен қолдау күткен олар болашағына алаңдайды.
Дүниежүзінде мамандар COVID-19 вирусына қарсы екпенің ондаған түрін дайындап жатыр. Кейбірін клиникалық зерттеу барысында адамға салып, сынай бастаған. Оны жасап шығару – ұзаққа созылатын процесс. Тіпті ең оптимистік болжам бойынша, ондай дәрі тек жыл соңына қарай дайын болуы ықтимал дейді маман.
"Шекарасыз тілшілер" (RSF – Reporters without border) халықаралық журналистер құқығын қорғау ұйымы 21 сәуірде Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі индексін жариялады. Ұйым есебінде Қазақстан "баспасөз еркіндігі қиын жағдайдағы" елдердің қатарына енген.
"Жанымдағы науқасқа екі күнде бір рет келіп шприцпен су құйды. Қайтыс болар сәтін күтті. Ақыры бүгін көз жұмды". Коронавирус жұқтырып, Мәскеу емханаларының бірінде жатқан адам ондағы ахуалды сипаттап берді.
2003 жылы қауіпті коронавирус жұққан әр оныншы адам қайтыс болды. Қытайда басталған бұл дерт бірнеше елге тарады. Сегіз айдан соң вирусты тоқтатудың сәті түсті. Ал биыл COVID-19 әлі бойы бермей тұр. Неге? Азаттық әлемдегі жетекші вирусологтардың бірімен сөйлесті.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев үндеу жасап, "қиын шақта елге жәрдем бере алатын адамдарды арнайы қорға қаражат салуға" шақырды. Кейін Birgemiz қоры құрылды. Азаттық қор құрылтайшылары - Назарбаев ел басқарғанда маңында жұмыс істеген шенеуніктер мен олардың туысы екенін анықтады.
Тағы