Ливанда пейджер мен рациялардың жарылысынан мерт болғандар 40-қа жуықтады. Жараланғандар мыңдап саналады. Алматыда бірнеше кәсіпкер экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әулетін айыптап, жиын өткізді. "Дубайдағы Қазақстан". Азаттық зерттеудің екінші бөлімін жариялады.
Қазақстан билігі АЭС салуды насихаттайтын науқанға әнші-әртістерді жұмылдырған.
Украина президенті «Курскідегі ахуал жоспар бойынша жүріп жатыр» деді. Астанада «Орталық Азия+Германия» саммиті өтті. Сауда-саттық бас тақырыпқа айналған жиында адам құқығы неге әңгіме болмады? Еуропаның орталығы мен шығысын үздіксіз жауған жаңбырдан соң тасқын су жайлады.
– Ресей жексенбі күні Украинаның Харьков қаласына авиабомба тастады. Қырықтан астам адам зардап шекті. – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ресейдің жеңілмейтіні анық» деп мәлімдеме жасады. – Германия канцлері Орталық Азиядан не іздеп жүр?
– Украина мен Ресей жұмаға қараған түні бірін-бірі дронмен атқылады. – Ресей президенті Батысқа тағы да сес көрсетті. Путинге Ұлыбритания премьер-министрі Стармер жауап берді. – АҚШ Ресейді зымыранмен атқылауға рұқсат етсе соғыстың сипаты өзгере ме?
– Көшпенділер ойынында қазақ-қырғыз көкпаршылары тағы ренжісті. – Украина барлау қызметі орыстардың Су-30 ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді. – «Дубайдағы Қазақстан». Азаттық радиосы Дубайдан жылжымайтын мүлік алған қазақстандықтарды анықтаған зерттеудің бірінші бөлімін жариялады.
– Ресей әскерінің Курск облысында Украинаға қарсы қарымта шабуылға шыққаны хабарланды. – АҚШ-та сенаторлар президентке Украинаның Ресей аумағын атқылауға рұқсат беруін талап етіп, хат жолдады. – АҚШ президенті болуға үмітті екі кандидат Дональд Трамп пен Камала Харрис теледебат өткізді.
Израиль Газа секторындағы Хан-Юнус қаласына тағы шабуылдап, 40 адам мерт болды. Қаза тапқандар арасында балалар да көп. |Алматыда бір топ эколог АЭС салуға қарсылық білдіріп, баспасөз жиынын өткізді. | Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтіп жатыр. Бұл қандай жарыс?
– Ресейдің Украинаға соғысынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 12 мыңға жуықтады. – Қазақстанның мемлекеттік ақпарат құралдары Украина-Ресей соғысы туралы жазудан неге қашады? – Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың өзін ақтау туралы шағымын Жоғарғы сот қабылдамады
Столичному корреспонденту интернет-издания Press.kz Жание Уранкаевой закрыли доступ в здание правительства. Повод — она поднялась на этаж, где проходят заседания Кабмина и куда журналистам вход теперь воспрещён. Уранкаева стала первой жертвой правил аккредитации СМИ, которые разработал Мининформ.
– Ресейдің Курск облысында қаза тапқандар туралы Киев пен Мәскеу алғаш рет мәлімдеме жасады. Украина операциясына бір ай толды. – Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне кінәлі боп сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди неге өкінді? Қонаев соты оны босата ма?
«Әдепсіздігі үшін» «Ақ жол» партиясынан қуылып, депутат мандатынан айырылған Асқар Садықов мәлімдеме жасады. Азат Перуашев неге жиіркенді? Украина астанасы Киевте 5 қыркүйекке қараған түні 9 сағат дабыл қағылды. Ресей дрондары бұл жолы топпен емес, кезекпен келген.
– Украинаның батысындағы Львов қаласына шабуылдан жеті адам мерт болып, елуден аса адам жараланды. – Полтавадағы оқу-жаттығу орталығына түскен зымыраннан қаза тапқандар 53-ке жетті. – Украина-Ресей соғысынан Қазақстан қандай сабақ алды? Әскер елді қорғауға қауқарлы ма?
«Қаңтар оқиғасында» қоғамды шулатқан тағы бір іс бойынша сот отырысы басталды. Азап көрген шетелдіктер Қазақстаннан әділдік таба ала ма? Түркістан облысындағы N55 мекемеде жазасын өтеп жатқан бірнеше адам ішін тіліп, наразылық білдірген.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті жолдауын оқыды. Тоқаев АЭС салу-салмау туралы жалпыхалықтық референдум 6 қазан күні өтетінін мәлімдеді, сондай-ақ елде аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін бұдан былай халық сайлайтынын айтты.
Қазақстанда биыл 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Бұл туралы дүйсенбі күні парламент мінберінен халыққа дәстүрлі жолдауын жариялаған ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Бұған қоса ол жаңа салық кодексі, қаржы жүйесі, әкім сайлауы және тағы басқа мәселелерді айтты.
Ресейдің басқыншылық соғысы салдарынан туыстарын жоғалтқан украиналықтар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік желі арқылы өтініш айтты. Олар Қазақстан басшысынан тұтқындағы бейбіт адамдарды босатып алуға делдал болуды сұраған. Ақорда ресми жауап қатпады.
Тағы