Сәрсенбіде Қазақстан парламенті Конституцияға кезектен тыс президент сайлауын өткізу жөнінде өзгеріс енгізетін заң жобасын бірауыздан қолдап дауыс берді. Заңға сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаевқа кезектен тыс президент сайлауын тағайындайтын құқық берілді.
Қазақстанда VІІ Қысқы Азия ойындары өтіп жатыр. Қаңтардың 30-ында Астанада басталған Азиада 6 ақпанға дейін жалғасады. Бұл сайыста 27 медаль иеленген Қазақстан спортшылары алда келе жатыр.
Сейсенбі күні Мәжіліс қолданыстағы заңға өзгерістер енгізуді көздейтін ұсынысты қабылдап алғанын жариялады.
Сәуірдің 1-інен бастап тұрғындарды құжаттандыру қызметі ішкі істер министрлігінің қарамағына өтеді. Бұл жөнінде әділет министрінің орынбасары Әмірхан Аманбаев мәлімдеді.
Қаңтардың 31-інде Астана қаласында үндеу жолдаған президент Нұрсұлтан Назарбаев референдум өткізуді ұсынған бастамашыл топқа рақмет айтып, конституциялық кеңестің шешіміне қарсы шықпайтынын мәлімдеді.
Конституциялық кеңес ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін республикалық референдум арқылы ұзарту туралы өзгерістерді Конституцияға енгізу Негізгі заңның ережелері мен нормаларына қайшы келеді деп мәлімдеді. Назарбаев бұл мәселе жөнінде бүгін сағат 17-де телеарнадан мәлімдеме жасамақ.
Қаңтардың 27-і Азаттық радиосы Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықованың онлайн-конференциясын өткізді. Министр сайт оқырмандарының қойған сұрақтарына өзі жауап берді.
АҚШ президенті Барак Обама бюджет дефицитін азайту үшін мемлекеттік шығындарды күрт қысқартып, есесіне, ел экономикасының бәсекелестік қабылетін арттыру үшін білім және ғылым саласына көбірек қаржы бөлуге шақырды.
Әлем елдері мен халықаралық ұйымдар басшылары «Домодедоводағы» 35 адамның өмірін қиып, 100-ден астам кісіні жаралаған жарылысқа байланысты Ресей үкіметі мен халқына көңіл айтты. Қазақстан жағы ол жарылыста зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың жоқ екендігін хабарлады.
Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзарту үшін ел азаматтарынан жиналған қол үш айдан кейін жойылатыны туралы жариялады.
Сәрсенбі күні Вашингтонда АҚШ президенті Барак Обамамен кездескен соң Қытай басшысы Ху Цзиньтао "адам құқықтары тұрғысынан Қытайда әлі көп іс атқарылуы керектігін" мойындап, тың пікір айтты.
Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштарының бірі «Айқап» журналының шыққанына биыл бір ғасыр толды. Төрт жыл ғана шыққан журналды ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин басқарды.
Қазақстан парламентінің қос палатасы бірлескен сессия өткізіп, конституцияға президент Назарбаевтың өкілетін саяси сайлаусыз ұзартып отыруға негіз болатын өзгерістер енгізді.
Президент Назарбаев зейнетақының орташа мөлшері осы жылы 30 пайызға ұлғайтылады деп жариялаған болатын. Алайда зейнетақы алушылар оған аса қуанып отырған жоқ.
Референдум өткізуді қолдайтын бастамашы топ 15 күннің ішінде 5 миллионнан астам қол жинадық дегенге жұртты сендіруге тырысқанымен, бұл іске қарсы адамдар елдің әр тұсынан шығып жатыр.
Қаңтардың 11-і бастамашыл топтың жетекшісі Ерлан Сыдықов президент Назарбаевтың өкілетін ұзарту туралы референдум өткізуді қолдайтын 5 миллионнан астам қазақстандықтың қолы қойылған парақтарды орталық сайлау комиссиясына табыс еткенін мәлімдеді.
Кәсіпкерлер Қазақстан Кеден одағына мүше болғалы жұмыстары қиындап, арнайы органдар тарапынан келетін тексерулер жиілеп кеткенін айтады. «Мемлекет тарапынан қолдау болғанда ғана шағын және орта бизнес дамиды» дейді олар.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өкілетін ұзарту жөніндегі парламент ұсынысын қабылдамай, арнайы жарлыққа қол қойды. Бірақ, Қазақстан заңы бойынша, парламент Конституцияға тиісті өзгеріс енгізіп, оны президентке қол қоюға ұсына алады.
«Жастар - Азаттықта» клубының 2010 жылды қорытындылаған хабарында қазақ жастары өткен жылда есте қалған елеулі оқиғаларды сөз етті. Олар Назарбаевты тағы 10 жыл билікте қалдыру үшін қол жинап жатқан бастамашыл топтың әрекетіне байланысты пікірлерін де білдірді.
Қазақстан парламентінің Сенаты бейсенбі күні жалпы отырысында президент Назарбаевтың өкілетін 2020 жылға дейін ұзартуға қатысты референдум өткізу және Конституцияға тиісінше өзгеріс енгізу туралы Мәжілістің ұсынысын мақұлдады.
Тағы