Қазақстан президентімен көп жыл қызметтес болған Владимир Ни ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Соңғы жылдары Қазақстанда оның есімі интернетте тараған атышулы «телефон тыңдауларына» қатысты жиі айтылатын.
Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде 72-ші орында тұр. Тамыздың тоғызы күні жария болған «Жаһандық бәсеке қабілеті, 2010-2011» деп аталатын құжат әлемнің 139 еліндегі экономикалық даму мен бизнес ортаның ахуалын сараптап шыққан.
Джеффри Гедмин осы аптаның басында Қырғызстанда үш күн болып, саяси аласапыранды бастан кешкен өңірді көріп қайтты. Азаттық корпорациясының басшысын Қырғыз Республикасының президенті Роза Отунбаева қабылдады.
Биыл күннің ыстық мезгіліне тап келсе де, оразаны қиналмай-ақ ұстағандарын айтқан жандар Қадір түнінде мешітте бас қосып, ғибадат тыңдап, тілек тілеумен таң арайын қарсы алды. Солардың арасында біздің де тілшіміз болған еді.
Қазақстанның Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың оқулық жазу ісіне шетелдік ғалымдарды тарту жайлы мәлімдемесі қоғамда пікірталас туғызды. Кейбір мамандардың пікірінше, «сапалы оқулық жазатын авторлар Қазақстанда да бар. Тек оларға мүмкіндік беру керек».
Жаңа технологиялар қалта телефонына арналған қосымша жаңа бағдарламалар енгізіп, мұсылмандардың Құран оқып, құбыла бағытын табуына көмектесіп келеді. Жаңа технология және жас әнші Қайрат Түнтеков жайлы Азаттықтан тыңдаңыздар.
Таяуда Қазақстанға АҚШ-тағы Ішкі Еуразияны зерттеу институтының директоры, Индиана университетінің профессоры, исламтанушы Девин Ди Уис келіп қайтты. Ғалыммен болған сұқбат Орталық Азия елдеріндегі діни ахуал турасында өрбіді.
Құқық қорғаушы Вадим Курамшин Көкшетау қаласында бұзақылық жасады деген айып бойынша он тәулікке қамалды. Ұсталар алдында және сот болған күні Курамшин Азаттық радиосына хабарласып, оқиғаның мән-жайын өз пікірі тұрғысынан айтып үлгірді.
Алматыда тамыздың 23-і күні Қазақстан Әскери сотының төрағасы Серік Байбатыровқа қастандық жасалды. Полиция бұл қылмысқа күдікті ретінде судьяның бұрынғы күйеу баласын іздеп жатыр.
Тамыздың 23-і Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы етіп Нұртай Әбіқаевты тағайындады. Әбіқаев 1998-1999 жылдары дәл осы қызмет орнында жұмыс істеп кеткен болатын.
Құндыз уәлаятында «Талибан» қозғалысы ұйымдастырған ер мен әйелді таспен ұрып өлтіру шарасын айыптаушылардың қатарында Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың да дауысы естіле бастады. Жас жұп зинақорлық жасады деген айып бойынша тамыздың 15-і көптің қолынан қаза тапқан еді.
Тамыздың 16-ы күнгі Үкімет отырысынан кейін Сауат Мынбаев «Теңізшевройл» компаниясының келісім-шарты туралы бұрынғы сын пікірінен айни бастағанын білдірді.
Тамыздың 15-інде әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 80 жыл толады. Композитор жайында көзі тірісінде «Қайран, Шәмші» деп аталатын деректі фильм түсірілген болатын. Фильм режиссері Тілеген Ахметовпен болған сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.
Тамыздың 6-cында аяқталған Джеймс Гиффенге қатысты сот тыңдауы жөнінде қазақстандық ресми өкілдер пікір білдіруден қашқақтайды. Ал елдегі саяси сарапшылар америкалық бизнесменге қатысты сот процесіне экономикалық мүдде мен барлау қызметінің лоббиі ықпал етті деп есептейді.
Джеймс Гиффенге қатысты сот тыңдауының қандай нәтижемен аяқталғаны туралы батыс баспасөзі әрқилы пікір білдіріп жатыр. АҚШ заңгері бұл әрекетті «үкіметтің өз мүддесін күйттеуі» десе, белгілі журналист «америкалық путинизмнің дәуірлеуі» деп бағалайды.
Қазақстанда ұлттық музыка аспаптары бейнеленген және белгілі тұлғалардың аты берілген арақ-шарап өнімі жылдан жылға көбейіп келеді. Ақтөбе облысының Алға қаласында маусым айынан бері «Домбыра арақ» шығарыла бастапты. Оған кейбір музыка мамандары мен өнер қайраткерлері қарсы.
Малайзияда жаңа тележұлдыз пайда болды. Жергілікті «Астро Оазис» телеарнасы ұйымдастырған «Жас имам» телебайқауы күтпеген жерден ел тарихындағы ең танымал телехабар атанып отыр. X-Factor сияқты белгілі жобаға ұқсас жарыста 26 жасар бойдақ имам Мұхаммед Асираф шілденің 30-ы жеңімпаз атанып, «ел мақтаған, қыз жақтаған» жігітке айналды.
Шілденің 29-ы күні Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев Федералдық қауіпсіздік қызметінің өкілеттілігін күшейте түсетін заңға қол қойды.
Дүниежүзілік Башқұрт Құрылтайының төрағасы Азамат Ғалиннің айтуынша Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі шілденің 19-ы күні осы ұйымның ғимаратына тінту жүргізіп, төраға орынбасары Фанзиль Ахметшинді тұтқындаған.
Халықаралық адам құқын қорғайтын "Хьюман Райтс Вотч" ұйымы Қырғызстан оңтүстігіндегі түрмелерде өзбектер зорлық-зомбылық көріп жатыр, мұның арты жаңа қақтығыстарға ұласуы мүмкін деп мәлімдеді.
Тағы