Қазақстан Каспийдегі Қашаған кен орнын игеріп жатқан әлемдік мұнай компанияларынан ондаған миллиард доллар ақша талап етіп отыр. Бұл халықаралық арбитраж тарихындағы ең ірі талаптардың бірі. Астана ондаған жыл бұрын жасалған келісімдерді неге қазір қайта қарап жатыр? Сотта жеңуге мүмкіндігі бар ма?
Қашаған неге сонша қымбатқа түсті және Қазақстан не үшін бұл дауды дәл қазір көтеріп отыр?
Көшпенділер ойынына байланысты қазақ пен қырғыз тағы дауласып жатыр. Қазақстанда вице-президенттің не істейтіні анықталды. Тоқаев жарлық шығарды. Мәскеуге барып, Путинмен жиі кездесетін АҚШ-тың арнайы өкілдері алғаш рет Киевке табан тіреді.
АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер өткен демалыс күндері Мәскеу мен Киевке сапарлады. Олар соғысып жатқан тараптармен бейбітшілік орнату шарттарын талқылаған. Диалог кезеңінде екі елдің астаналарында атыс уақытша доғарылғанымен, өзге аймақтарда соғыс жалғасып жатты.
Ресейдің Сочи қаласында дрон шабуылынан кейін мұнай базасы өртенді. Энгельсте ресейлік әскери қызметкерге қастандық жасалды.
Полиция Атырауда белсендіні күштеп ұстап әкетті. |Алматыда тағы екеуінің үйін тінтті. | Тоқаев бұрынғы күзетшісін Алматы облысына әкім етіп тағайындады. Ресейдің аспанындағы қауіп Қазақстандағы әуе қатынасына қалай әсер етеді?
Қырғызстанда өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпар мен көк бөрү додасында негізгі бәсеке Қазақстан мен Қырғызстан арасында болмақ. Екі спорттың айырмашылығы мен ұқсастығы қандай?
Киевте Украинаның екі арнайы қызметі арасында атыс болып, бірнеше адам жараланды. Еуропа елдері Ресейге қысымды күшейтуді талқылап жатыр. Ал Ресей президенті Владимир Путин бейбіт келісімге мүмкіндік барын мәлімдеді.
Тоқаев бүгін министрлерді тағайындады. Ескі үкіметтен кім қалды, кім кетті? Қазақстанның Ұлттық қорындағы ақшаны құрылысқа салмақ. Садақ тартып, асық атқан, жілік шағып, бәйге шапқан көшпенділер. Жарыстың үшінші күні.
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің әуе кеңістігі барған сайын қауіпті болып бара жатқанын ескертті, ал Владимир Путин мұны «мемлекеттік терроризмге» балады.
Құрылтай ғимаратында журналистердің жүріс-тұрысы шектелді. Қаралы Қаңтар көтерілісі туралы тағы бір кітап таныстырылды. Президенттің жиені, депутат Дана Медеуова туралы не белгілі?
Украина президенті Владимир Зеленский енді Ресейдің әуе кеңістігі іс жүзінде жабық деп мәлімдеп, дрон шабуылдары үдейтінін меңзеді. Ал Ресей президенті Владимир Путин "қайғылы оқиға болса жауап қатамыз" дейді.
Путин Омбыдағы форумнан кейін Тоқаевпен Украинадағы соғысты талқыламағанын айтты. Ол форумда Қазақстан президенті соғыс туралы көзқарасын білдіріп, атысты тоқтатуға үндеді. Ресей басшысы бұл туралы оған оңаша баяндап беретінін мәлімдеген.
Путин Қазақстан президентімен Омбыда кездескенде Украинадағы соғысты талқыламағанын бір айдан соң Бішкекте айтты. Тоқаев оған соғысты уақытша тоқтатуды ұсынған еді. Енді Путин Ресей соғысты біржола доғаруды қалайды деп мәлімдеді. Бірақ Кремль қандай шартпен соғысты аяқтауға келісетінін ашып айтпады.
Бішкекте Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті өтті. Тарихта қазақтар мен орыстардың арасында қақтығыс болмағаны рас па? Тоқаев сөзін қалай түсінуге болады? АҚШ президенті Солтүстік Корея диктаторымен кездескісі келетіні туралы ақпарат тарап жатыр.
Ресей әскері Киев пен оның айналасына жаппай әуе шабуылын жалғастырып жатыр. 1 қыркүйекке қараған түні Киев пен Киев облысында 12 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Осы уақытта Ресей әскері Украинаның шығысындағы Дружковка қаласына 15 шақырымға дейін жақындаған.
Жаңа Құрылтайдың мүшесі Дана Медеуованың дерегі ресми сайттан ғайып болып, кейін қайта ілінді. Оны депутат етіп ұсынған "Әділет" партиясы да, парламент аппараты да мұны түсіндіріп бере алмады. Құрылтай жұмысы басталғалы журналистер жолыға алмай жүрген Медеуованың байланыс телефоны жауап бермей тұр.
Президенттің саясатын ашық қолдайтын «Әділет» партиясының лидері Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды. Еңбек жолын университет оқытушысы ретінде бастаған Дәдебайдың саяси карьерасына қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев ықпал етті. Ол 2008 жылдан бері Тоқаевтың жанында жұмыс істеп келеді.
Тағы