Тергеу абақтысында отырған белсенді Иаков Воронцовты Алматы соты психиатриялық сараптамадан өтуге жіберген. Ресейдің Украинаға басқыншылығын сынап, Қазақстанда тәуелсіз православ шіркеуін құруға талпынған Воронцовтың ісі туралы Азаттық құқық қорғаушы Евгений Жовтистен сұхбат алды.
Бар-жоғы бес-ақ ел. Құрамынан Армения шығып кетсе, Еуразия экономика одағы ыдырай ма? | Қытай туын өртеп сотталған "Атажұрт" белсенділерінің туыстары полицияның әрекетіне шағымданады. | Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров бірнеше айдан бері жалақысыз жүргенін айтты.
Астанада Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің 5-отырысы өтіп, Еуразия экономика одағының (ЕАЭО) дамуы, жаһандық экономикалық өзгерістерге бейімделу, цифрландыру, жасанды интеллект және сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.
Қазақстанға келген Путин орыс тілінің мәртебесіне айрықша көңіл болып, Тоқаевқа алғыс айтты. | Ақыры Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті Ресей салатын болды. | Украина президенті АҚШ басшысы мен Конгресске көмек сұрап хат жазды.
28 мамырда Астанада Қазақстан мен Ресейдің ресми өкілдері бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды. Олардың арасында Қазақстанда жаңадан салынатын АЭС құрылысын салуға қатысты келісім де бар.
Алматыдағы болашақ Көкжайлау тау шаңғы курортының экологияға, табиғатқа әсері туралы қоғамдық талқы бірнеше жерде өтті. Оған қатысқан жұрт жобаның кемшін тұстарын айтты, ұйымдастырушылар жауап берді. Азаттық талқыға қатысқан эколог Лаура Мәліковамен сұхбаттасты.
АҚШ Иранға тағы шабуылдады. Аятолла мәлімдеме жасады. | Алматыға Көкжайлау курорты керек пе? Қоғамдық тыңдау өтті. | LRT-ның экологияға әсерін талқыламақ болған жиынға жеті-ақ адам қатысты.
Киев тұрғыны 24 мамырдағы Ресейдің жойқын шабуылынан жаңадан ашқан шағын кофеханасы қирағанын айтып видео жариялады. Осыдан соң қала тұрғындары бүлінген дәмханадан кофе ішу үшін кезекке тұрып, кәсіп иелеріне қолдау білдіріп жатыр.
Өзбек жұрты футболшыларын әлем кубогына шығарып салды. Өзбекстан тарихта алғаш рет футболдан әлем чемпионатына қатысады. Бұл елдің құрамасы Португалия, Конго Демократиялық Республикасы және Колумбиямен бір топта ойнайды.
26 мамыр күні Алматыда Көкжайлау тау шатқалына шаңғы курортын салу жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Экобелсенділер жиын біржақты өтіп жатыр деп наразылық білдірді. Ал вице-премьер, мәдениет және ақпарат министрі Алматы маңындағы тауды "қауіпсіз әрі жауапты түрде" ел игілігіне пайдалануға үндеді.
Жас миллиардер Шахмұрат Мүтәліп тағы бір ірі компанияны сатып алды. | Қазақстан Батыс мұнай өндірген бельгиялық кәсіпкерге іздеу жариялады. | Демократияға мұқтаждық па, керісінше ме? Халықаралық индексте Қазақстан ең соңғы орында қалды.
Ақтөбелік белсенді Константин Гудаускас 2019 жылы қудалаудан қашып, Украинаға қоныс аударған. 2022 жылы Бучадағы қырғын кезінде Қазақстан паспортының арқасында оккупацияланған аймаққа кіріп, 200-ден астам адамды құтқарған. Қазір ол Украинада әскерилерге көмектесіп, қайырымдылықпен айналысады.
24 мамырға қараған түні Ресей әскері Украинаға ауыр соққы жасады. Украина қарулы күштерінің хабарлауынша, ел аумағына 549 дрон, 55 ракета өткен, арасында "Орешник" те бар.
Кремльдегі кейбір шенеуніктер "соғыс тығыраққа тірелді" деп санайды. Ал Ресейдің мұнай базаларына жасалған соққылар елдің мұнай өндірісін азайтқан. Бұл туралы америкалық агенттіктер дереккөздеріне сілтеп жазды.
Журналист Ботагөз Омарованың кешірім сұраған хаты жарияланды. Мәжбүрледі ме? | Заңгер Оразалы Ержановтың бас бостандығы 4 жылға шектелді. | Түркістан тұрғыны психдиспансерге заңсыз қамалғанын айтып шағымданып жүр.
АҚШ үкіметі Кубаның бұрынғы президенті Рауль Кастроға «АҚШ азаматтарын өлтіру мақсатында сөз байласты» деген айып тақты. Ресми Гавана мұны «Вашингтонның саяси ойыны» деп атады. Дональд Трамп әкімшілігінің арал-мемлекетке шүйлігуінің астарында не жатыр?
Астана қаржы орталығы соты ресейлік "Газпромды" украиналық "Нафтогазға" жықты. | Азаттық зерттеген құрылыс компаниясының құрылтайшысы өзге медиаға барып жауап берді. | Журналист Ботагөз Омаровны қамау мерзімі тағы бір айға ұзарды.
Украина президенті Ресей Беларусь арқылы жаңа шабуылға әзірленіп жатыр деп мәлімдеді. Ықтимал бес сценарий бар деген Владимир Зеленский «Киев кез келгеніне жауап беруге әзір» деді.
Тағы