«Аэроплан» және «Промстрой-Энерго» компанияларының арасындағы азаматтық-құқықтық келіспеушілік үлкен дауға айналып, оған мемлекеттік деңгейдегі мекемелер араласып отыр. Үстіміздегі жылдың басында жоғарыдағы екі компания арасында сату-сатып алу келіссөздер жүрген. Бірақ «Аэроплан» компанииясы өкілдерінің айтуынша, келіссөздер жүріп, «Промстрой-Энерго» компаниясы «Аэропланнан» Robinson R44 тік ұшағын сатып алып, оларға қаржы аударғаннан кейін, артынша «біз ақша аудардық бірақ бізге ешқандай тік ұшақ берілген жоқ» деп компанияны алаяқтық фактісімен айыптап, сотқа арызданған. Енді бұл іске бас аяғы 12 құқық қорғаушы мекеме араласып жатқан көрінеді.