Маусым айының 20-күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2005 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жайында ҚР Үкіметі мен президентке тікелей бағынатын есеп комитетінің есептері тыңдалды. Үкімет 2005 жылғы бюджет 99 пайызға толық орындалды деп отыр. Ал есеп комитетінің есебіне сүйенсек, өткен жылғы бюджет қазынасынан 47 млрд. теңге ұрланса, 50 млрд.тан астам теңге игерілмей қалған. Сарапшылар болса, бюджетті қадағалауды парламентке тікелей бермейінше, мемлекет қазынасынан қыруар қаржы ұрлана береді дейді.