Пекин Ирандағы соғыстан қандай сабақ алды? Мұның АҚШ пен Қытай бәсекесіне, Қытайдың Тайвань жөніндегі жоспарына әсері қандай? Азаттық осы сұрақтарды отставкадағы генерал, стратег Мик Райанмен талқылады.
АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы және аятолла Әли Хаменеидің өлімі Украинадағы жағдайға айтарлықтай әсер етпейді, бірақ Ресей президенті Владимир Путиннің "жеңіске жетемін" деген ниетін қатайта түсуі мүмкін, деді Ресей-Иран қарым-қатынасы жөніндегі сарапшы Ханна Нотте Азаттыққа берген сұхбатында.
Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросы мүшесі қызметінен босатылды. Қытай әскербасылары арасындағы "тазалаудың" артында не тұр? Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне, аймақтағы рөліне әсері бар ма? Сарапшылар не дейді?
"Араздық қоздыру" бабымен күдікті деп танылған "Нағыз Атажұрт" еріктілерінің соты 23 қаңтар күні Талдықорғанда өтпек. Азаттық радиосының қолында бар құжатқа сәйкес, Қытайдың мұсылман ұлттарға қатысты саясатына наразылық білдірген 19 белсендіні қудалауға ресми Пекиннің қысымы себеп болған.
Орталық Азия елдерінің лидерлері Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, миллиардтаған доллларға келісім жасаған соң Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды. Бұл сапардың мәні неде?
Орталық Азия басшыларымен саммит өткізген АҚШ президенті Дональд Трамп аймақ басшыларымен сауда, дипломатия және минералды ресурстар жөнінде қандай келісімдер жасалғанын айтты.
Жақында сыртқа тарап кеткен құжаттар Ресей Қытай әскеріне Тайваньді басып алуға көмектесіп жатқанын көрсетті. Мұны 800 беттік келісім-шарттар мен хат-хабарларды талдап, ішіндегі мағлұматтардың рас-өтірігін тексерген тәуелсіз ұйым мәлімдеп отыр.
Қытайда аста-төк әскери парад өтті. Пекин осы арқылы қуаты күшейген әскерін паш етіп, Батысқа бағынбайтын әлемдік тәртіп қалыптастырып жатқанын көрсетті.
Қытай басшысы Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путинді және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) өзге лидерлерін қонақ етпек. Қытай екі күндік саммит арқылы Еуразиядағы ықпалын күшейтуді көздейді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты тоқтату үшін Кремльге 8 тамызға дейін уақыт берген еді. Путиннен жауап болмаса, Вашингтон Мәскеуді экономикалық қыспаққа алмақ. Оның бір жолы – Ресей мұнайының Қытайға сатылуын тежеу. Ақ үй Пекинді көндіре ала ма?
АҚШ-пен арадағы сауда тайталасынан пайда көріп қалуды ойлаған Қытай басшысы Син Цзиньпин экспортқа ерекше тәуелді аймақ – Оңтүстік-шығыс Азия елдеріне ұзақ сапарын Вьетнамнан бастап, мұнда көпжақты сауданы қолдауға шақырды.
3-4 сәуірде Өзбекстанда Еуроодақ – Орталық Азия саммиті өтеді. Кей сарапшылар Брюссельдің "Ғалам қақпасы" жобасы Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" бастамасына бәсеке ретінде таныстырылатын шешуші жиын деп қарастырады. Бірақ Еуроодақ Орталық Азия елдерін өзіне қарата ала ма?
Тағы