Accessibility links

«Оскардың» «ең үздік драма» жүлдесін жеңіп алған фильм


«Көкпаршы балалар» атты фильмнің афишасы.

«Көкпаршы балалар» атты фильмнің афишасы.

Кабулда түсірілген «Көкпаршы балалар» атты фильм көрерменнің көңілінен шықты. Бұл фильмнің алға қойған басты мақсаты - енді қалыптасып келе жатқан ауған киноөндірісіне серпін беру.

«Көкпаршы балалар» атты фильмнің сюжеті Кабулда өрбиді. Жоқшылық өмірге қарамастан, армандарына жетуге күресетін екі баланың әсерлі образы үшін ауған фильмі халықаралық марапатқа ие болды.

«АУҒАНДАР ТУРАЛЫ АУҒАНДАР ӨЗДЕРІ ТҮСІРГЕН ФИЛЬМ»

Бұл кино халықаралық дәрежеде назарға ілініп, марапатталғаннан бөлек, Ауғанстандағы кино мамандарының ортасында жаңа толқын туғызды. Бұл табыс ұзаққа созылған соғыстан енді ғана есін жинап келе жатқан жергілікті киностудияға үлкен шабыт берді. «Ауғанфильм» талибандар режимі тұсында ерекше қиын кезеңді бастан кешті. Талибандар кино өнеріне заң жүзінде тыйым салып, кинотеатрларды өртеп жіберген.
«Көкпаршы балалар» фильмінен алынған скриншот.

«Көкпаршы балалар» фильмінен алынған скриншот.


«Көкпаршы балалар» - Кабулда түсірілген алғашқы ірі кинолардың бірі. Бұл фильм - «Ауғанфильмдегі» жергілікті кино мамандарын сапалы туындылар түсіруге үйрету арқылы, ауған кино өнерін қайта қалпына келтіруді мақсат тұтқан Afghan Film Project компаниясының алғашқы өнімі. Бірақ компания коммерциялық пайда табуды көздемейді.

«Көкпаршы балалар» фильмін түсіруге бірнеше ауғандық кинорежиссер, техникалық мамандар, тәжірбиесі болмаса да, фильм түсіруге ынталы бірталай адам атсалысты. Олар осы құштарлықтың арқасында кино түсіру кезіндегі және одан кейінгі барлық процестерге қатысып, көп нәрсе үйренді. Көбі үлкен кино түсіру жұмысын басқарып, ұйымдастырып және бірінші рет сценарий жазып машықтануға мүмкіндік алды.

Afghan Film Project компаниясын құрып, жаңа киноны түсірген америкалық маман Сэм Фрэнч:

- «Көкпаршы балалар» - ауғанстандық кино мамандарының болашақта сәтті жұмыс жасай алатынына дәлел, - дейді.
Алғаш келгенде бұл елде шын мәнісінде кино түсіріп, жұмыс жасап тұрған ешқандай киностудияның жоқ екенін көрдім. Кино өндірісін қалпына келтіру керек деп ойладым. Ол үшін үшін әуелі ауған халқының жүрегіне жол табуға талпындық.
Ол «Еңбекқорлық пен ізденіс арқылы ауған кинематографтары киноны қалай түсіруді және жергілікті кино секторын қалай дамытуды үйреніп шығады» деп үмттенеді.

- Алғаш келгенде бұл елде шын мәнісінде кино түсіріп, жұмыс жасап тұрған ешқандай киностудияның жоқ екенін көрдім. Кино өндірісін қалпына келтіру керек деп ойладым. Ол үшін үшін әуелі ауған халқының жүрегіне жол табуға талпындық. Біз ауғандар жайында, ауғандар өздері түсірген және ауғандар көретін фильм түсіру үшін бір-бірімізбен қоян-қолтық жұмыс жасадық, - дейді ол.

«АРАЛАСҚАН АДАМДАРЫМ АҚЖҮРЕК, ЖОМАРТ ЖАНДАР БОЛЫП ШЫҚТЫ»

Фрэнч 2008 жылы Кабулға көшіп келгенде бұл ел жайында таным-түсінігі аз әрі жұмысы да жоқ еді. Ол:

- Алғаш келгенде бункердің ішінде бұғып жатармын деп ойлағам. Бірақ көп ұзамай бұл қалада адамға шабыт беретін қызықты оқиғалардың көптігіне көзім жетті. Өзіме шабыт берген оқиғалар жайында баяндағым келіп, 2009 жылы «Көкпаршы балалар» фильмінің сценариін жаза бастадым. Ауғанстан мен үшін оқ пен бомбаның мекеніндей көрінген. Бірақ мен араласқан адамдардың бәрі де ақжүрек, жомарт жандар болып шықты. Содан кейін мен мазмұны жағынан БАҚ көп айта бермейтін тың оқиғаларға толы кино түсіргім келіп, осы компанияны аштым, - дейді.
Мен араласқан адамдардың бәрі ақжүрек, жомарт жандар болып шықты. Содан кейін мазмұны жағынан БАҚ көп айта бермейтін тың оқиғаларға толы кино түсіргім келіп, осы компанияны аштым.

«Көкпаршы балалар» деп аталатын жарты сағаттық көркем фильм Кабулда түсірілген.

Френчтің айтуынша, АҚШ-тың мемлекеттік департаменті фильмді қаржыландыру үшін кинокомпанияға 200 мың доллар грант берген.

«Көкпаршы балалар» ауғандық екі кедей бозбала жайында баяндайды. Жетім қалған қаңғыбас бала мен ұстаның бұзық ұлы дос болады. Олар Кабулдағы сіңірі шыққан кедейшіліктен құтылып, армандарын жүзеге асыру үшін ауғандардың ұлттық ойыны көкпарды кәсіп етеді.

Фильм Азияда, Еуропада және АҚШ-та өткен кинофестивальдерде және кинотеатрларда көрсетілді. Фрэнчтің бұл туындысы әлемнің көп елінде жоғары бағаланды.

«ЕҢ ҮЗДІК ДРАМА»

Таяуда Фрэнчтің фильмі «Оскар» сыйлығына үміткерлерді анықтайтын LA Shorts кино фестивалінде «ең үздік драма» жүлдесін жеңіп алды.

Компания жұмысын ауық-ауық тоқтатып, әр түрлі кедергілерге ұшырап, бұл киноны екі жыл дегенде түсіріп шықты. Кабулда кино түсіру оңайға соққан жоқ. Тіпті кей кездері бұл киноны түсіруді мүлде тоқтатуға шақ қалған кездер де болды. Компания басшысы:
«Көкпаршы балалар» атты фильмнің афишасы.

«Көкпаршы балалар» атты фильмнің афишасы.


- Кино түсіруді тоқтатпау үшін Ауғанстан үкіметінен, жергілікті полициядан және әскер басшыларынан рұқсат сұрап отыруға мәжбүр болдық. Кино түсіретін топты жасақтау да ұзаққа созылды. Қала берді қолайсыз ауа-райы да бөгет жасады. Бір күні аяқ астынан қар жауса, ертеңінде күн ашылып, шуақ шашып шыға келеді, - дейді.

2001 жылы Талибандар елден қуылған соң, Ауғанстанның кинематографиясы қайта түледі.

Соғысқа дейін Ауғанстанның «Осама», «Кандагар» сияқты сәтті шыққан кинотуындылары жергілікті кинорежиссерлердің қызығушылығын оятқан. Бірақ ондай фильмдер өте аз. Тіпті соғысқа дейін де Ауғанстанда кино өнері дұрыс дамыған емес. Жылына ары кетсе бір немесе екі кино ғана түсірілетін. Ауғандықтар негізінен Болливудтың, не болмаса СССР фильмдерін көретін. Френчтің пікірінше, шетелден келген фильмдер Ауғанстанның қазіргі кинематографиясына қатты әсер еткен. Соның әсерінен жергілікті кинорежиссерлер Үндістан не Пәкістанда «экшн» жанрында түсірілген танымал киноларды көшіріп, қайтадан түсіре салады.

Кабулдағы саяси қауіп-қатер туралы жаңа киноға сценарий жазып жатқан американдық кинорежиссердің айтуынша, Ауғанстанның өзінде жұмыс істеп, сапалы кино түсіре алатын киностудия қалыптасуы керек. Бұл саланы сәтімен дамытып әкетуге қажетті құрал-жабдықтар мен ресурстарды табуға болады.

- Ауғанстанның мәдениеті өлең-жыр мен қызықты хикаяларға өте бай. Олардың бәрін экранға шығарып, жарнамалау өте қызықты жұмыс болғанмен, оған мүмкіндік жоқ. Мүмкіндік пен шеберлік, қажетті құрал-жабдық аз. Ауғанстанның кинематографиясы кенже қалып қойған, дамуға енді ғана бет алды. Ауғанстандағы кинорежиссерлер қолдау мен жәрдемге мұқтаж, - дейді Сэм Фрэнч.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG