Accessibility links

Бірінші Чат-Айтыс: Нағашыбай мен Әуелхан


Нағашыбай Есмырзаев, чат айтысқа қатысушы.
Нағашыбай Есмырзаев, чат айтысқа қатысушы.
Азаттық сайтында өтіп жатқан Чат-Айтыстың 1/4 финалының соңғы жұбы болып Нағашыбай Есмырзаев пен Әуелхан Шонжан бақ сынады. 31-13 есебімен Әуелхан жеңіске жетті.

Нағашыбай Есмырзаев бұған дейінгі сөз сайысында Өскемен қаласының тұрғыны Салтанат Мәнжарұлымен айтысып, қарсыласын 13-10 есебімен жеңген еді.

Ол «саяси тақырыпты жырлауды жақсы көреді»​.

Нағашыбайдың қарсыласы Әуелхан Шонжан қайым айтыстың алғашқы кезеңінде қарағандылық Амангелді Құрақбаймен сөз жарыстырып, 16-39 есебімен жеңіске жеткен.

«Орта мектепті толық тәмамдамаса да күнделікті ақпараттарды қалт жібермей қадағалап отыратын» Әуелхан да «оң жамбасына саяси тақырыптардың сай
Әуелхан Шонжан, чат айтысқа қатысушы. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).
Әуелхан Шонжан, чат айтысқа қатысушы. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).
келетінін» айтты.

Құрметті оқырмандар, Чат-айтыстың қатысушылары қайым айтыс жасап жатқанда немесе айтыс біткен соң үш күннің ішінде Азаттық вебсайтына я тіке, я Facebook арқылы тіркеліп кіріп, коммент ретінде жарияланатын әрбір шумаққа жеке дауыс бере аласыздар.

Дауыс беру үшін + (Ұнайды) деген белгіні басасыздар.

Чат-айтыстың ережесін мына жерден оқыңыздар.
XS
SM
MD
LG