Accessibility links

Вена сотының шешімін Афанасенко мен Әлиев екі түрлі түсіндіреді


Петр Афанасенко - саяси босқын, Қазақстанның экс-премьері Әкежан Қажыгелдиннің бұрынғы күзетшісі. Вашингтон, 2011 жылдың маусымы.

Петр Афанасенко - саяси босқын, Қазақстанның экс-премьері Әкежан Қажыгелдиннің бұрынғы күзетшісі. Вашингтон, 2011 жылдың маусымы.

Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің айтуынша, бұрынғы ҰҚК офицері Петр Афанасенко ар-намысын қорғауды талап еткен Вена сотында жеңіп шыққан, бірақ сот «Афанасенко азапталды» деген деректі растамаған.


Қазақстанның экс-премьері Әкежан Қажыгелдиннің бұрынғы күзет бастығы Петр Афанасенконың «Рахат Әлиевтен көрген моральдық шығынының өтемі ретінде 7 мың еуро төлеуін талап еткен арызын» Вена соты қанағаттандырды деп жазады қазақстандық ақпарат агенттіктері.

7 МЫҢ ЕУРО

«Клиентіне Рахат Әлиевтен 1999-2000 жылдардағы тергеу кезінде көрсеткен «қорлығының өтемі ретінде осыншама ақша талап ет» деген ақылды Венадағы «Тоннингер, Шермайер, Риглер және Майерхофер» фирмасының адвокаты Штефан Шермайер айтқан» дейді ақпарат құралдары.

Әкежан Қажыгелдин қызметінен кеткен соң Петр Афанасенко «қарулы қастандық жасауға дайындалды» деген айыппен түрмеге қамалып, 1 жыл 7 айдан кейін кешірім сұрап өтініш жазып босаған еді. Қазір саяси тұтқын ретінде Бельгияда тұрады.

Петр Афанасенко сол жылдары Алматы облыстық ҰҚК департаментін басқарған Рахат Әлиевті айыптайды.

Афанасенко биыл мамырда Әлиевтің үстінен Вена сотына шағымданған. Қазақстандық ақпарат құралдарының жазуынша, 12 қыркүйек күнгі сот шешімі Петр Афанасенкоға «бүкіл Еуропадан Әлиевке тиесілі мүлікті іздеуге, сот үкімінін орындау үшін оны тұтқындау мәселесін» Еуропа соттарына талап етіп қоюға құқық береді. Өйткені Вена соты «австриялық 20 банкке, Әлиевтің мүлкі болуы мүмкін Вена аудандарына байланысты бұйрық қағаз» шығарған.

«СОТ АЗАПТЫ РАСТАМАДЫ»

Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы, Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің айтуынша, Афанасенконың азап шеккенін растаған ешқандай сот болмаған.

«Қажыгелдиннің мүддесін қорғайтын Лаубш пен Ринат Ахметшин сияқты ақылы топ ондай істі бастамақ болғанмен, бәленбай жыл өткен соң азап
Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласыРахат Әлиев. Алматы, 30 мамыр 2007 жыл.
көргенін есіне алған КГБ қызметкерінің арызын қарайтын сот бар дегенге сену қиын» деп жазады Рахат Әлиев блогында.

Рахат Әлиев Петр Афанасенконың шынымен де Венадағы сотта ар-намысы үшін аздаған ақша ұтқанын растады. [Петр Афанасенко] «...өзіне байланысты айтқан сөзіме қатты қорланған екен. Сондықтан адвокаттарым сот шешіміне қарсылық білдірді, іс барысы қалай боларына күмәнданбаймыз» деп жазады Рахат Әлиев.

Ресми Астана «2007 жылы екі банкирді ұрлап, өлтіру ісін ұйымдастырды» деп айыптаған, бірақ Австрия Қазақстанға екі рет экстрадициялаудан бас тартқан Рахат Әлиевтің айтуынша, Афанасенко – «қазақ арнайы қызметінің шетелдегі қызметкері, әуелі арнайы қызмет орындарына өз әріптестерін – бұрынғы премьер-министрдің күзетшілерін ұстап беретін арандатушы еді, енді Австриядағы арнайы операцияға жіберілген».

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің арасындағы бірнеше жылдан бергі дау Қазақстан ауқымынан шығып, Еуропа мен АҚШ-ты да тарта бастады.

Азаттық радиосы осы оқиғаға байланысты пікірлерін білу үшін Петр Афанасенкоға да, Рахат Әлиевке де хабарласып еді - екеуінен де жауап болған жоқ.
XS
SM
MD
LG