Accessibility links

Қазақстанда 1 тамыздан бері вирустық пневмониядан 271 адам қайтыс болған


Жедел жәрдем көліктері.
Жедел жәрдем көліктері.

26 тамызда Қазақстанда белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға 558 адамның шалдыққаны анықталған. Бір күнде 3 адам пневмонияның осы түрінен қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 тамыздан бері клиникалық белгілері Covid-ке ұқсас, бірақ ПТР-тестімен расталмаған пневмония түріне 24 101 адам шалдыққан. Осы аралықта 271 адам қайтыс болған. 5 256 адам жазылған. Бұл науқастардың 21,8 пайызына тең.

Ведомствоның мәліметінше, бір күнде коронавирус инфекциясы жұққаны ПТР-тестімен расталған 10 адам қайтыс болған. Сәрсенбі күні республика бойынша 723 адам Covid-тен жазылған.

Қазір коронавирус инфекциясынан 8 976 адам емделіп жатыр. 38-і – бала. 4 548 науқас стационарда жатыр. 4 428 адам амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр. 267 адамның жағдайы – ауыр, 47 адамның жағдайы – өте ауыр. 50 адам жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр.

Қазақстанда 31 тамыздан бастап індетке байланысты енгізілген шектеу ережелері тағы жеңілдейді. Бұған дейін жабық болған діни нысандар, жаттығу залдары, бассейн, мәдени орындар қайта ашылады. Бірақ нысан иелері санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG