Accessibility links

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 16 адам қайтыс болды


Коронаавирус жұққандарды емдейтін аурухана қызметкері. Көрнекі сурет.
Коронаавирус жұққандарды емдейтін аурухана қызметкері. Көрнекі сурет.

27 тамызда Қазақстанда белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға 531 адамның шалдыққаны анықталған. Бір күнде 7 адам пневмонияның осы түрінен қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 тамыздан бері клиникалық белгілері Covid-ке ұқсас, бірақ ПТР-тестімен расталмаған пневмония түріне 24 632 адам шалдыққан. Осы аралықта 278 адам қайтыс болған. 5 299 адам жазылған. Бұл науқастардың 21,8 пайызына тең.

Ведомствоның мәліметінше, бір күнде коронавирус инфекциясы жұққаны ПТР-тестімен расталған 9 адам қайтыс болған. Бейсенбі күні республика бойынша 723 адам Covid-тен жазылған. Елде коронавирус инфекциясынан кемінде 1563 адам қайтыс болған.

Қазір коронавирус инфекциясынан 8 592 адам емделіп жатыр. 38-і – бала. 4 320 науқас стационарда жатыр. 4 272 адам амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр. 255 адамның жағдайы – ауыр, 44 адамның жағдайы – өте ауыр. 46 адам жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG