Accessibility links

Парламент сайлауында "Грузия арманы" жеңіске жеттік дейді. Оппозиция нәтижені мойындамады


Грузия оппозициясының жақтастары Тбилиси орталығында шеру өткізді. 1 қараша 2020 жыл.
Грузия оппозициясының жақтастары Тбилиси орталығында шеру өткізді. 1 қараша 2020 жыл.

Грузиядағы билік партиясы "Грузия арманы" өзін 31 қазандағы парламент сайлауының жеңімпазы деп жариялады. Елдегі ең ірі оппозициялық партия дауыс беру нәтижесін мойындамай, Тбилиси орталығында қарсылық акциясын өткізуге шақырды. Халықаралық бақылаушылар сайлаудың қалай өткені "мінсіздіктен ауылы алыс" екенін айтады.

Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) атынан келген бақылаушылар 1 қараша күні 3,7 миллион халқы бар Грузиядағы сайлаудың "бәсекелі" өтті, "жалпы алғанда фундаменталды еркіндік сақталды" деді, бірақ "халықтың сенімін азайтқан" факторлардың болғанын айтты.

Тбилисиде өткен баспасөз мәслихатында ЕҚЫҰ бақылаушылары медиа арасында "бұра тартудың" байқалғанын, "жан-жақтан келгенін дауыс берушілерге қысым көрсету туралы шағым түскенін" және "билік партиясы мен мемлекетті" бір қылып көрсету әрекеттерінің болғанын мәлімдеді.

1 қараша күні Орталық сайлау комиссиясы "Грузия арманы" партиясының 48,15 пайыз, бас оппозициялық партия "Біріккен ұлттық қозғалыс" блогының 27,14 пайыз дауыс алғанын мәлімдеді.

"Біріккен ұлттық қозғалыс" партиясының бұрынғы мүшелері жетекшілік ететін "Еуропалық Грузия" партиясы 3,78 пайызбен үшінші орын алды.

Жаңадан енгізілген 1 пайыздық партиялық межеден бұдан өзге бес партия - "Лело" партиясы (3,15 пайыз), ресейшіл "Патриоттар альянсы" (3,14 пайыз), "Агмашенебели стратегиясы" (3,15 пайыз), "Гирчи" партиясы (2,89) және "Азаматтар" партиясы (1,33) өтті.

Сайлаушылардың 56 пайызы дауыс берді деп хабарланды. Ел президенті Саломе Зурабишвили сайлауға оң баға беріп, "дауыс берушілер санының көп болғанын және өрескел заңбұзушылықтардың болмағанын" мәлімдеді.

Грузия президенті Саломе Зурабишвили сайлау учаскесінде. 31 қазан 2020 жыл.
Грузия президенті Саломе Зурабишвили сайлау учаскесінде. 31 қазан 2020 жыл.

"Грузия бейбіт, әділ, қауіпсіз, демократиялық сайлау өткізе білді. Мұны Еуропалық сайлау десе де болады" деді Зурабишвили президент сайтында жарияланған баспасөз мәлімдемесінде. 2018 жылғы президент сайлауында Зурабишвилиді қазіргі сайлауда жеңіске жетті деген "Грузия арманы" партиясы қолдаған.

Биыл маусым айында Грузияның сайлау жүйесіне реформа жасалған еді. 31 қазандағы парламент сайлауы – жаңа жүйе енгізілгелі өткен алғашқы сайлау. Жаңа жүйе бойынша, парламенттегі 150 мандаттың 120-сы партиялық тізім негізінде, 30-ы жалғыз мандаттық аудандар арқылы анықталады.

Сайлау нәтижесіне қарағанда, "Грузия арманы" партиясына 75 мандат бұйырады. Партияға парламенттегі көпшілік атану үшін бір ғана мандат жетпей қалған. Алайда мажоритарлық жүйемен дауыс берген 15 ауданда бастапқы сайлауда ешқандай кандидаттың 50 пайыздық межеден аса алмауына байланысты екінші реттік сайлау өтеді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, "Грузия арманы" жалғыз мандаттық аудандардағы мажоритарлық дауыс беруде де басым болған.

"Грузия арманы" коалициясын құрған (2012 жылы) миллиардер Бидзина Иванишвили экзитпол нәтижелерінен соң партия жетекшілері мен жақтастарын құттықтады.

Бұл сайлауда сегіз жыл билікте болған "Грузия арманы" партиясына кандидаты ретінде Грузияның бұрынғы президенті, қазір Украинада тұратын Михаил Саакашвилиді ұсынған "Біріккен ұлттық қозғалыс" партиясы қарсы тұрды.

Саакашвилидің сайлау нәтижесінің бұрмалағанын айтып, жаппай мобилизацияға шақырған сөзі тарады.

Грузия оппозициясы жақтастарының Тбилиси орталығындағы қарсылық акциясы. 1 қараша 2020 жыл.
Грузия оппозициясы жақтастарының Тбилиси орталығындағы қарсылық акциясы. 1 қараша 2020 жыл.

"Біріккен ұлттық қозғалыс" партиясы жетекшілерінің бірі Ника Мелия өзге де оппозиция жетекшілерімен ақылдасқан соң тілшілерге "Бұл сайлау болған жоқ, бұл соғыс болды" деді.

Оппозицияның тағы бір лидері Шалва Нателашвили сайлау нәтижесінің заңсыз екенін, үкіметтің билікті басып алғанын айтты.

ЕҚЫҰ бақылаушылары сайлау учаскелерінің сыртында "партия координаторларының" жүруі кей дауыс берушілерді қорқытқан болуы мүмкін деді.

Олар жаңа парламентті және өзге де билік өкілдерін Грузиядағы сайлау процесін одан ары жақсарта беруге шақырды.

ЕҚЫҰ миссиясы құрамында болған НАТО парламенттік ассамблеясы Түркия делегациясының жетекшісі Осман Аскин Бак Грузиядағы дауыс беруді "дені дұрыс сайлау жүйесіндегі" "бәсекелі сайлау" деп атап, процедуралардың көбі жүзеге асты деп мәлімдеді.

"Бірақ оның мінсіздіктен ауылы алыс" деді ол.

Бак Грузияның "Ресей заңсыз басып алды" деген аймақтары Абхазия мен Оңтүстік Осетияда дауыс беру болмағанын атап өтті.

Коронавирус пандемиясы кезінде өтіп жатқан сайлау күні учаске сыртында күтіп отырған егде жастағы әйел. Тбилиси, Грузия, 31 қазан 2020 жыл.
Коронавирус пандемиясы кезінде өтіп жатқан сайлау күні учаске сыртында күтіп отырған егде жастағы әйел. Тбилиси, Грузия, 31 қазан 2020 жыл.

Еуропа кеңесінің парламент ассамблеясы (PACE) делегациясының жетекшісі Тини Кокс "сайлау еркін өтті" деп атап өтіп, оны "жоққа шығаруға болмайтынын" айтты. Бірақ ол сондай-ақ партияның сайлауға шамадан тыс қаражат жұмсауы байқалғанын, оның "сайлаудың әділдігіне теріс әсер етуі" мүмкін екенін мәлімдеді.

Салыстырмалы түрде кедей саналатын елде мұндай қаражаттың жұмсалуы "қауіп төндіреді" және "теріс белгі" береді, деді Кокс.

Сайлауға 600 бақылаушы жіберген Transparency International Georgia үкіметтік емес ұйымы 31 қазандағы дауыс беру "2016 жылғы парламенттік сайлаумен салыстырғанда бір қадам кері шегіну" болды деді.

Ұйым "бір адамның кемі 10 рет дауыс бергені", дауысты сатып алу, төбелес, бақылаушылар жұмысына кедергі келтіру секілді түрлі заң фактілер тіркелгенін айтады.

Transparency International Georgia полицияны осындай фактілерді тергеуге, сайлау комиссиясын халық сенімін арттыратын шараларды арттыруға шақырды.

салмағы жеңілдеу заңбұзушылықтар жөніндегі шағымдар күні бойы түсіп тұрды. Бірақ олардың көбі анти-пандемия талаптарын сақтамау жөнінде болды.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы Тамара Жвания кейбір ерекшеліктерді ескермегенде сайлау тыныш өтті, дауыс берушілер конституциялық құқығын жүзеге асыра алды деді.

31 қазандағы парламент сайлау елдегі жаңа сайлау жүйесіне сынақ болды. Жаңа жүйе партиялық репрезентацияны күшейтіп, биліктің бір партияның қолында шоғырлануына қарсы тетік болуы тиіс болған.

Сайлауалды науқан кезінде "Грузия арманы" партиясының экономикалық мәселелермен қалай шешкені, коронавирус пандемиясымен қалай күрескені және халықаралық қатынасты қалай құрғаны сөз болды.

Көптеген грузиялық үкіметті экономиканы қолға ала алмады, әділдікті орнатпады, халықаралық қатынаста әлсіз болды, демократиялық стандарттардан кері кетті деп айыптады.

"Грузия арманы партиясы" 2012 жылғы парламент сайлауында "Біріккен ұлттық қозғалыс" партиясын жеңіп, содан бері билік партиясы болып келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG