Әскери қоймадағы жарылыстан 14 адам мерт болып, ондаған кісі жараланды, бірнешеуі хабарсыз кетті
Жамбыл облысындағы №28349 әскери бөлімге баратын жолды жауып тұрған полиция. 27 тамыз 2021 жыл
Жамбыл облысындағы №28349 әскери бөлімде болған өрт пен жарылыстан 14 адам мерт болды. Ауруханаға түскен ондаған адамның бірнешеуінің халі ауыр. Жарылыс ошағына жақын елдімекендерден жүздеген адам эвакуацияланған. Төтенше оқиға болған аумақта жол жабылған.
БИЛІК ҚАЗА БОЛҒАНДАР ТУРАЛЫ КЕЛЕСІ КҮНІ ХАБАРЛАДЫ
29 тамыз күні түстен кейін Қазақстан төтенше жағдай жөніндегі министрлігі бейсенбінің кешінде Жамбыл облысындағы №28349 әскери бөлімде болған өрт пен жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны 14 адамға жеткенін хабарлады. Кемі 98 адам зардап шеккен.
"Қаза тапқандардың арасында өрт сөндірушілер, ТЖМ әскери бөлімінің, әскери күзетшілер мен әскери прокуратура қызметкерлері бар" деді министрліктің жедел штабы.
Төтенше жағдай қызметі қаза тапқандардың аты-жөні анықталып жатқанын, хабарсыз кеткен екі адамды іздестіріліп жатқанын айтқан.
Мұның алдында, жұма күні таңертең өткен баспасөз мәслихатында қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери қоймадағы жарылыстан Оңтүстік округтің әскери прокуроры полковник Арман Қапезов, сержант Марат Мешінбай, ефрейтор Руслан Жанболатов және әскери күзет қызметкері Оразбек Дәлібаевтың қаза тапқанын хабарлаған еді.
Бейсенбінің кешінен әлеуметтік желілерде Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімде болған төтенше оқиғадан түсірілген видеолар көптеп тарай бастаған. Оларда әскери қойма аумағында бірінен кейін бірі болған жарылыстардың қуаты бірнеше километр қашықта сезілгені айтылады. Түн мезгілінде түсірілген видеоларда жедел жәрдем көліктері ауруханаға толассыз ағылып келіп жатқаны, медицина қызметкерлерінің жаралы адамдарды зембілге салып, ауруханаға кіргізіп жатқаны бейнеленген.
Жамбыл облысы әкімдігі 27 тамыз күні таңертең Тараз ауруханасында жатқан 28 адамның "барлығы дерлік әскери бөлімнің қызметкері" екенін, алтауының халі ауыр екенін хабарлаған.
Тараздағы №1 аурухана өкілдері Азаттық тілшісіне жарылыстан кейін жеткізілген 93 адамның 35-і медицина мекемесінде жатқанын айтты.
Аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашевтің сөзінше, қатты күйген, халі аса ауыр бес адам жансақтау бөліміне жатқызылған. Оларға жәрдем көрсету үшін Алматыдан арнайы мамандар ұшып шыққан.
Әскери қоймада болған жарылыс салдарынан жараланған туыстарының халін білуге келген адамдар аурухананың алдында тұр. Тараз, 27 тамыз 2021 жыл.
"ЖАРЫЛЫС БОЛЫП ЖАТҚАН ЖЕРГЕ ӨРТ СӨНДІРУШІНІ НЕГЕ КІРГІЗДІ?"
Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыс салдарынан мерт болғандарды туыстары 27 тамыз күні түстен кейін Тараздағы облыстық психикалық аурухана аумағындағы мәйітханадан біртіндеп әкете бастады. Мәйітхана аумағын Ұлттық ұлан сарбаздары қоршап тұрды.
Әзірге нақты қанша адамның мәйіті туыстарына берілгені белгісіз. Бірақ мекеменің сыртында тұрған адамдар Азаттық тілшісіне мәйітханадан марқұмдарды кезекпен беріп жатқанын айтты. Жақынын жоғалтқан жандар көзіне жас алып, қайғырып тұр.
Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыс құрбандарын Тараздағы облыстық психикалық аурухана аумағындағы мәйітханадан алып кетуге келген туыстары. 27 тамыз 2021 жыл.
Билік таратқан қаза тапқандар тізімінде аты-жөні аталған әскери күзет қызметкері Оразбек Дәлібаевтың туыстары да мәйітханаға келді.
"Бұл Алланың басқа салғаны, басқа ештеңе айта алмаймыз" деді олар.
Кешелі бері өрт сөндіруші болып істейтін туысын ешбір ауруханадан таппай, қаралы хабарды жұма күні естіген адамдар да мәйітхана алдында тұр. Жарылыс салдарынан мерт болған туысын тануға әлі кірмеген олар кезек күтіп тұр. Төтенше жағдай департаментінің аты-жөнін атамаған қызметкері сырттағы бір топ адамға келіп: "Елдос Сандыбаев пен Арнұр Темірболатовтың денесі мәйітханада" деп хабарлады.
Бұл екі адамның есімі ресми ақпаратқа әлі қосылған жоқ. Нақтыланбаған дерек бойынша, билік хабарлаған 5 адамнан бөлек жарылыс салдарынан қаза тапқан тағы 4 адам мәйітханаға жеткізілген.
Ұлттық ұлан сарбаздары облыстық психикалық аурухана аумағындағы мәйітхана аумағын қоршап тұр. Тараз, 27 тамыз 2021 жыл.
Өрт сөндіруші болып қызмет атқарған інісінен айрылған Тараз тұрғыны (аты-жөнін атамады):
– Әскери оқ-дәрі жарылғанда қойма аумағына неге өрт сөндірушілерді кіргізді? Тек аумақты қоршауы керек еді, су тиген снарядтар одан сайын жарылмай ма? – дейді. Билік өкілдерінен оның бұл сұрағына жауап беретін ешкім болмады.
ТҰТҚИЫЛДАН БОЛҒАН ЖАРЫЛЫС ЕЛДІ ШОШЫТТЫ
Бейсенбінің кешінде Байзақ ауданындағы әскери қоймада өрт шығып, оқ-дәрі жарылғаннан кейін бірнеше күшті дүмпу болып, жақын маңдағы елдімекендер эвакуацияланған.
Жұма күні таңертең Байзақ ауданына барған Азаттық тілшілері жарылыс болған №28349 әскери бөліміне баратын жолды полиция мен әскери полиция қызметкерлері жауып тұрғанын көрді. Олар төтенше оқиға болған жаққа ешкімді, БАҚ өкілдерін де өткізбей қойды.
Жарылыс тоқтағанымен, өрт болған аумақта кешегі жарылыс кезіндегідей қою болмаса да, әлі бықсып жатқан түтін байқалады.
Сол маңдағы бірнеше үйдің шатырына да зақым келген.
Әскери бөлімге жақын орналасқан дәмхана мен жанармай станциясы бүлінген, бұл да жарылыс салдары болса керек.
Әскери бөлімге жақын тұрған жанармай бекетінің жарылыстан кейінгі көрінісі. Байзақ ауданы, Жамбыл облысы. 27 тамыз 2021 жыл.
Жамбыл облыстық әкімдігінің мәліметінше, жұма күні таңертеңгі сағат 8 кезінде уақытша эвакуация орындарында 171 адам болған.
27 тамыз күні таңертең облыс әкімі Бердібек Сапарбаев төтенше оқиғадан кейін жағдай орнығып, бұған дейін эвакуацияланған тұрғындар жұманың кешінде үйлеріне оралуы мүмкін деп хабарлады.
Әкімнің сөзінше, әскери бөлімнен үш шақырым аумақтағы үш ауылда жиынтығы 718 адам тұрады.
Әскери бөлімнен бірнеше жүз метр жерден теміржол өтеді. Жарылысқа байланысты қазір теміржол қатынасы да уақытша тоқтап тұр. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы жұмаға қараған түні кемінде сегіз жолаушы пойызы кестеде көрсетілген уақытынан кешігетінін ескерткен.
Жарылыс болған әскери бөлім Алматы-Тараз күре жолынан бір километрдей жерде орналасқан. Байзақ ауданы, Жамбыл облысы. 27 тамыз 2021 жыл.
АРЫСТАН ӘКЕЛІНГЕН ОҚ-ДӘРІ
Қазақстан қорғаныс министрлігі әскери бөлімде бейсенбі күні кешке қуаты әртүрлі он жарылыс болған деп хабарлады. Ал жергілікті тұрғындар жарылыс саны одан көп болды дейді.
Әуелгіде қорғаныс министрлігі қоймада оқ-дәрі сақталғанымен, олар алысқа ұша алмайды деп хабарлаған еді. Бірақ жұма күні таңертең қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы кейбір оқ-дәрі осыдан екі жыл бұрын Арыс қаласынан әкелінгенін айтты. Оның сөзінше, Арыстағы әскери қоймалардан әкелінген инженерлік оқ-дәрі 3 километрге дейін ұшуы мүмкін.
2019 жылы 24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери оқ-дәрі қоймасы жарылып,төрт адам қаза тапқан еді. Жарылыс болған күні мыңдаған үй зақымданып, Арыстың 40 мыңнан астам тұрғыны Шымкент қаласы мен төңірегіндегі елдімекендерге эвакуацияланған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылысқа байланысты қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялап, әскери қоймадағы оқ-дәріні елдімекендер төңірегінен алып кету жөнінде тапсырма берген еді.
Нұрлан Ермекбаев Қазақстан қорғаныс министрі қызметіне 2018 жылы тағайындалған. Жұма күні Жамбыл облысында өткізген баспасөз брифингінен кейін Азаттық тілшісінің "Осы жолғы жарылыстан кейін отставкаға кетесіз бе?" сұрағына министр:
– Қазіргі басты мақсатым - тез арада апат салдарын жою. Ал отставка мәселесі туралы айтар болсақ, мен осы [жарылыс болғаны туралы] хабарды естіген бірінші минутта отставкаға кетуді сұрап өтініш беремін деген шешім қабылдадым. Ал қалғанын жоғарғы басшылық шешеді, – деп жауап берді.
Министр Нұрлан Ермекбаевтың Азаттық сұрағына жауабы:
Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылысқа байланысты Қылмыстық кодекстің "Қару-жарақты, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін заттар мен заттарды ұстау ережелерін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Жарылысқа нақты не себеп болғаны әзірше белгісіз. Қорғаныс министрі Ермекбаев әскери бөлімдегі өрт пен жарылысқа себеп болуы мүмкін үш нәрсені атады. Ол жарылысқа қауіпсіздік талаптары сақталмауы, я химиялық реакциямен өздігінен тууы немесе диверсия себеп болуы мүмкін деп топшылайды.
Жарылыс болған әскери бөлім маңындағы жолдар жабылған
1/19Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінің дерегінше, бейсенбі күні әскери бөлімде болған жарылыс салдарынан зардап шеккен 80-нен астам адам Тараздағы клиникалық ауруханаға жеткізілген. "Екі адамның халі ауыр, қайтыс болғандар жоқ" деп хабарлады билік жарылыс болған күні. Бірақ кейін жарылыс салдарынан 12 адам қаза тауып, кемінде екі адамның хабарсыз кеткені мәлім болды.
Суретте: Әскери бөлімде болған жарылыс салдарынан бүлінген жанар-жағармай бекетінде жүрген күшік. Байзақ ауданы, Жамбыл облысы. 27 тамыз 2021 жыл.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
2/19Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек бейсенбі күні журналистерге берген сұхбатында Тараз қаласына, Байзақ ауданы орталығына төніп тұрған қауіп жоқ деп мәлімдеді.
Суретте: Жарылыс болған әскери бөлімге апаратын жолды жауып тұрған полиция қызметкері.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
3/19Қазақстан қорғаныс министрлігі әуелде әсери бөлім қоймасында жарылғыш заттар болғанымен, олар алысқа ұшпайды деп мәлімдеген. Бірақ кейінірек министрлік ол жерде бұған дейін, 2019 жылы дәл осындай жарылыс болған Арыстағы әскери қоймадан көшірілген оқ-дәрі сақталғанын растады.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
4/19Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметі бойынша, оқиға орнынан 1 километрге жетпейтін жердегі 250 тұрғыны бар Қайнар ауылы адамдары эвакуацияланған. "Жақын маңдағы Базарбай, Үш-Бұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындары эвакуацияланып жатыр" делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.
Жарылыс болған әскери бөлім Алматы-Тараз тасжолынан бір километрдей жерде орналасқан.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
5/19Жарылыс болған әскери бөлімге баратын жолдардың бәрі, соның ішінде теміржол уақытша жабылды. Қоғамдық тәртіпті қорғау және тонаудың алдын алу мақсатында эвакуацияланған елді мекендерді полиция патрулі бақылауға алды.
Сурете: Жарылыс болған әскери бөлімге жақын жолдың бойында тұрған көліктер.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
6/19Жарылыс болған аймақтан хабар дайындауға барған журналистер. Байзақ ауданы, Жамбыл облысы. 27 тамыз 2021 жыл.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
7/19Әскери бөлімде болған жарылыс салдарынан бүлінген жанармай бекетінің ғимараты.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
8/19Әскери бөлімде болған жарылыс салдарынан бүлінген жанармай бекеті.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
9/19Әскери бөлімдегі жарылыстан соң тасжол уақытша жабылды.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
10/19Жарылыс болған әскери бөлімге апаратын тасжолды жауып тұрған полиция көлігі.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
11/19Жарылыс болған әскери бөлімге апаратын жолды жауып тұрған полиция көліктері.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
12/19Жарылыс болған әскери бөлімге апаратын жолдың бойында тұрған автокөліктер. Байзақ ауданы, Жамбыл облысы. 27 тамыз 2021 жыл.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
13/19Тараз-Алматы күре жолында тұрған әскери полиция.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
14/19Тараздағы №1 "Көпбейінді қалалық аурухана" өкілдері жұма күні Азаттық тілшісіне жарылыстан кейін жеткізілген 93 адамның 35-і осы медицина мекемесінде жатқанын айтты.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
15/19Әскери қоймада болған жарылыс салдарынан жараланған туыстарының халін білуге келген адамдар аурухананың алдында тұр. Тараз, 27 тамыз 2021 жыл.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
16/19Жарылыстан жараланған туыстарының хал-жағдайын білуге келген адамдар №1 қалалық аурухананың алдында тұр.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
17/19Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыстан мерт болған азаматтарды Тараздағы облыстық психикалық аурухана аумағындағы мәйітханадан алып кетуге келген туыстары.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
18/19Әскери қойма жарылғанда мерт болған азаматтар жеткізілген облыстық психикалық аурухана аумағындағы мәйітхана аумағын қоршап тұрған Ұлттық ұлан сарбаздары. Тараз, 27 тамыз 2021 жыл.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
19/19Ұлттық ұлан сарбаздары облыстық психикалық аурухана аумағындағы мәйітхана аумағын қоршап тұр.