Accessibility links

Қазақстан оппозициясы қандай күйде?


Полиция қызметкері жер реформасына қарсылық шеруіне шыққан адамды ұстап, әкетіп барады. Алматы, 21 мамыр 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл басында саяси реформалар жайлы үндеуінде "негізгі бағыт – демократия" деп жариялап, "парламент сайлауында жеңген партия үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал етеді" деп мәлімдеді. Одан бері мәжіліс және сенат сайлауы өтті. Бірақ оппозицияның белсенділігі білінбеді. Оның себептері туралы сауалдарға саясаткерлер Әміржан Қосанов және Дос Көшім жауап берді.

Қазақстанда кейінгі жылдары үш ірі саяси науқан өтті. Оның алғашқысы - 2015 жылы сәуірде өткен президент сайлауы, одан кейін 2016 жылы мәжіліс сайлауы, биыл маусымда сенаттың 16 депутатын сайлау науқаны өтті.

Осы саяси науқандарда оппозиция белсенділік танытпады, тіпті мүлде қатыспады деуге болады. Президент қайта сайланды, мәжілістегі орынның 84-і – биліктегі "Нұр Отан" партиясына тиді. Жақында ғана өткен сенат сайлауында да оппозициялық саясаткерлер көзге түспеді.

Қазақстанда оппозициялық күштердің қоғамға ықпалы қалды ма? Жекелеген өкілдері не істеп жүр? Жаңа қозғалыс құруға немесе елде тың серпіліс жасауға қауқары бар ма?

AzattyqLIVE хабарында осы және көрермен сауалдарына саясаткерлер Әміржан Қосанов және Дос Көшім жауап берді.

  • 16x9 Image

    Рахат МАМЫРБЕК

    Рахат 2010 жылдан бері Азаттықтың Алматы бюросында редактор және жүргізуші болып қызмет атқарып келеді. ҚазҰПУ-ді саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. "Қазақстан", "31-арна", КТК және "Алматы" телеарналарында жүргізуші, редактор болып тәжірибе жинаған. Жергілікті телеаудиторияға кең танылған "Күлтөбе" телехабарының авторы әрі модераторы болған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG