Accessibility links

"Полиция белсенділерді ғана емес, құқық қорғаушыларды да себепсіз әкетеді"

Құқық қорғаушы Ерлан Қалиев.
Құқық қорғаушы Ерлан Қалиев.

Алматы қалалық полиция департаментін сотқа берген құқық қорғаушы Ерлан Қалиев Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы адам құқығының ахуалы, наразылық акцияларына байланысты соңғы кезде қалыптасқан тенденциялар мен оның себептері туралы айтты. "Қазақстандағы жиын бостандығы" жобасы үйлестірушісі Қазақстан азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні мойындағанымен, іс жүзінде азаматтарының құқықтарын жиі бұзады дейді.

Алматы қаласының Алмалы аудандық №2 сотында құқық қорғаушы Ерлан Қалиевтің Алматы қалалық полиция департаменті үстінен түсірген шағымы бойынша сот өтіп жатыр. Шағым беруші қала әкімі тұрғындар алдында есеп берген күні яғни, ақпанның 20-сында полиция "өзін бөлімшеде заңсыз ұстады", кейінірек "қоғамдық тәртіпті бұзбақ болды" деп ақпарат таратып, "ар-намысыма нұқсан келтірді" дейді. Полиция департаментінің заңгері бұл айыппен келіспейді. Бұл шағым бойынша келесі сот отырысы мамырдың 30-ы күні өтпек.

Ерлан Қалиев (оң жақта) Алмалы аудандық сотынан шығып келеді. 21 мамыр 2019 жыл.

Азаттыққа берген сұхбатында құқық қорғаушы Ерлан Қалиев Қазақстанда азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқығы шектеліп отырғанын айтты.

Азаттық: Сізді әлдебір жиындар қарсаңында полицияның алып кеткені жайлы жиі естиміз. Әдетте, полиция белсенділерді ұстаушы еді, құқық қорғаушыны ұстауын қалай түсінуге болады?

Ерлан Қалиев: Құқық қорғаушы екенімді ішкі істер органдары жақсы біледі. Құқық қорғаушының міндеті қандай да бір оқиғаға белсенді қатысу емес, оқиғаны бақылау және құқықтық тұрғыдан баға беру. Сірә, осы қызметім ұнамайтын болса керек. Мысалы, 2018 жылдың желтоқсанынан бері полиция мені үш рет алып кетті.

Азаттық: Полиция азаматтарды "халықты жиын, митинг өткізуге шақырды" деп жиі ұстайды. Сіз шақырдыңыз ба?

Ерлан Қалиев: Жоқ. 2018 жылы желтоқсанның 16-сы күні Алматыдағы Тәуелсіздік алаңына барып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасының құрбандарына тағзым етемін деп әлеуметтік желідегі парақшама жаздым. Бар болғаны сол. Ертеңіне үйден шыға бере қолымды қайырып, күштеп алып кетті. Үш сағат жібермей отырды. Ештеңе түсіндірген жоқ. Жиынға шақырсам айыптап, үстімнен іс қозғайтын еді ғой. Басқалар сияқты он бес күнге қамаушы еді.

Биыл ақпанның 20-сы күні Алматы әкімі Бауыржан Байбек халыққа есеп бергенде де сөйтті. Республика сарайына жақын аялдамадағы автобустан түскенімді аңдып тұр екен. Түсе сала қолымды қайырып әкетті. Олар менің ұрандатып жиынға шақырмайтынымды біледі. Онда не үшін ұстайды? Меніңше, халықаралық ұйымдарға ақпарат жеткізбес үшін ұстайды.

Азаттық: Биылғы мамыр айында да полиция сізді әкетті емес пе?

Ерлан Қалиев: 1 мамыр мерекесі кезінде Алматыда кей тұрғындар наразылық білдірді. Сол күні есік алдында патруль тұрғандықтан шықпадым. Ал "Мәңгілік полк" шеруі өткен мамырдың 9-ы күні мені үйден сағат 11-де әкетіп, кешкі алты жарымда бір-ақ босатты. Үйден шыға бергенімде алды-артыма екі мәшине көлденең тұра қалды. Үш-төрт адам түсті де ешбір құжат көрсетпестен, әй-шайға қаратпай алды да кетті. Мұны тал түсте адам ұрлау дейді. Телефонымды тартып алды. Қайта әйелім байқап, жан-жаққа хабар беріпті. Қалалық полиция департаменті қызметкерлері мені неге әкелгенін білмей таңырқап қалды. Өзім заңгер болған соң бірден заң тәртібін түсіндірдім. Егер тергегісі келсе шақыру қағазын көрсетсін, мен адвокат шақырайын дедім. Оның бірі болған жоқ. Ақыры жеті сағат департамент ішінде шығармай отырды. Сыпайы сөйледі, өздерінің кінәсі жоғын айтты.

2018 жылы мамыр айында өткен наразылық шарасы кезінде де алып кетіп, бес тәулікке қамаған болатын. Бірақ осы жолғыдай күйінбеген шығармын. Әлдебір іске қатысы бар деп соттаса да түк істей алмайтыныма қатты күйіндім.

Азаттық: Наразылық шарасы кезінде немесе наразылық шарасынан бұрын белсенділерді полицияның алып кетуі дәстүрге айналып бара жатқан сияқты көрінбей ме?

Ерлан Қалиев: Өкінішке қарай, бұл әдістің қолданылып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Полиция түрлі уәж айтқанымен көбі, сөз жоқ – заңсыздық. Полиция әкеткен белсенділердің көпшілігін танимын. Солардың көпшілігі қисынсыз айыпталды. Мысалы, таяуда Болатбек Біләлов он бес тәулікке қамалып шықты. Ол Facebook-тағы парақшасында "10 күннен соң АЭС-ке қарсылық шарасын өткізуге" рұқсат сұрап, әкімдікке өтініш бергенін жазды. Екі күннен кейін қамап тастады. Ал қамалғаннан кейін үш тәуліктен соң әкімдік оған қарсылық шарасын өткізуге рұқсат бермейтінін хабарлады. Қисын қайда?

Азаттық: Наразылық акциясына шығып полиция әкеткен белсенділердің кейбірі айыппұл төлегеннен гөрі он-он бес тәулік қамауда отырғанды жөн санайды екен. Неге олай?

Ерлан Қалиев: Кедейшілік. Әйтпесе қамауда отырғанның несі жақсы дейсің. Кейде наразылық акциясына шыққандарды қатаң жазалау, полицияға әкету арқылы билік экстремизммен күрестің имитациясын жасап жүр ме деп те ойлаймын. Өйткені, экстремизммен күреске көп қаржы бөлінеді.

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы наразылық (1 мамыр 2019 жыл):

Алматы мен Нұр-Сұлтанда жүздеген адам наразылыққа шықты

Нұр-Сұлтанда наразы тұрғындар "Астана" концерт залының маңына жиналды. 1 мамыр 2019 жыл. 
1/40 Нұр-Сұлтанда наразы тұрғындар "Астана" концерт залының маңына жиналды. 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
"Халық шаршады. Балаларымыздың біз сияқты ауыр жағдайда өмір сүргенін қаламаймыз. Үкімет кетсін!" деді наразы тұрғындар. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл. 
2/40 "Халық шаршады. Балаларымыздың біз сияқты ауыр жағдайда өмір сүргенін қаламаймыз. Үкімет кетсін!" деді наразы тұрғындар. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Наразылыққа жиналғандар "Тоқаев біздің президент емес. Нұр-Сұлтан біздің қала емес" деп айғайлап, ұрандатты. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл. 
3/40 Наразылыққа жиналғандар "Тоқаев біздің президент емес. Нұр-Сұлтан біздің қала емес" деп айғайлап, ұрандатты. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Наразы азаматтар әлеуметтік проблемаларын да айтып шағымданды. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл. 
4/40 Наразы азаматтар әлеуметтік проблемаларын да айтып шағымданды. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Азаматтар биліктің "халықтың жағдайын жақсартамыз" деген уәдесінен шаршағанын, бұдан әрі шыдау мүмкін емес екенін айтты. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл. 
5/40 Азаматтар биліктің "халықтың жағдайын жақсартамыз" деген уәдесінен шаршағанын, бұдан әрі шыдау мүмкін емес екенін айтты. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Жиналғандар 9 маусымда өтетін президент сайлауына бойкот жариялауға шақырды. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл. 
6/40 Жиналғандар 9 маусымда өтетін президент сайлауына бойкот жариялауға шақырды. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Түске қарай Нұр-Сұлтандағы наразылық шарасына келгендер саны көбейді. 1 мамыр 2019 жыл. 
7/40 Түске қарай Нұр-Сұлтандағы наразылық шарасына келгендер саны көбейді. 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Наразы тұрғындар. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл. 
8/40 Наразы тұрғындар. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
​Түстен кейін&nbsp;<span style="font-size: 1em;">Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ наразылыққа келген ондаған адамды ұстап әкетті. Наразыларды ұстау кезінде арнайы жасақ өкілдерінің кейбір адамдарды резеңке таяқпен ұрғаны байқалды. Сәлден соң арнайы жасақ өкілдері наразыларды таяқпен ұруды дереу тоқтатты.</span>
9/40 ​Түстен кейін Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ наразылыққа келген ондаған адамды ұстап әкетті. Наразыларды ұстау кезінде арнайы жасақ өкілдерінің кейбір адамдарды резеңке таяқпен ұрғаны байқалды. Сәлден соң арнайы жасақ өкілдері наразыларды таяқпен ұруды дереу тоқтатты.
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Наразылыққа келгендерді арнайы жасақ өкілдері қоршады.&nbsp;
10/40 Наразылыққа келгендерді арнайы жасақ өкілдері қоршады. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Наразылыққа шыққан тұрғындар жанында тұрған арнайы жасақ өкілдері.&nbsp;
11/40 Наразылыққа шыққан тұрғындар жанында тұрған арнайы жасақ өкілдері. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
12/40

Полиция ұсталған азаматтарды автобусқа отырғызып жатыр. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл.
13/40 Полиция ұсталған азаматтарды автобусқа отырғызып жатыр. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл.
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Наразылыққа жиналған халық. 1 мамыр 2019 жыл.&nbsp;
14/40 Наразылыққа жиналған халық. 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Прокурор наразылық шарасының әкімдік рұқсатынсыз өтіп жатқанын айтып, жиналғандарды таратуға тырысты. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл.
15/40 Прокурор наразылық шарасының әкімдік рұқсатынсыз өтіп жатқанын айтып, жиналғандарды таратуға тырысты. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл.
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Наразылық шарасын түсіріп тұрған адамдар. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл.
16/40 Наразылық шарасын түсіріп тұрған адамдар. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл.
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Полиция қызметкерлері және арнайы жасақ өкілдері. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл.&nbsp;
17/40 Полиция қызметкерлері және арнайы жасақ өкілдері. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
18/40

Жиналғандар ұсталғандарды босатуды талап етті. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл.&nbsp;
19/40 Жиналғандар ұсталғандарды босатуды талап етті. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
20/40

Шеруге жиналғандар ұсталғандарды босатуды талап етіп, айғайлады. Нұр-Сұлтан қалалық полиция басшысы оларға &quot;ұсталғандарды босатамыз, бірақ егер сіздер осы жерден кетпей, шеруді жалғастырсаңыздар, онда ұстаймыз&quot; деп ескертті. Нұр-Сұлтан. 1 мамыр 2019 жыл.&nbsp;
21/40 Шеруге жиналғандар ұсталғандарды босатуды талап етіп, айғайлады. Нұр-Сұлтан қалалық полиция басшысы оларға "ұсталғандарды босатамыз, бірақ егер сіздер осы жерден кетпей, шеруді жалғастырсаңыздар, онда ұстаймыз" деп ескертті. Нұр-Сұлтан. 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Қалалық полиция басшысы автобустағы азаматтарды босату туралы бұйрық берді. Сәлден соң автобус есігі ашылып, ұсталғандар сыртқа шықты. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл.&nbsp;
22/40 Қалалық полиция басшысы автобустағы азаматтарды босату туралы бұйрық берді. Сәлден соң автобус есігі ашылып, ұсталғандар сыртқа шықты. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Полиция ұстаған азаматтар сәлден соң босатылды. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл.&nbsp;
23/40 Полиция ұстаған азаматтар сәлден соң босатылды. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Бірақ арнайы жасақ өкілдері сәл кейінірек наразылыққа шыққандарды қайта ұстай бастады. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл.
24/40 Бірақ арнайы жасақ өкілдері сәл кейінірек наразылыққа шыққандарды қайта ұстай бастады. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл.
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
&quot;Не үшін азаматтарды ұстап жатсыздар?&quot; деген Азаттық тілшісінің сұрағына Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті өкілдері &quot;олар заңды бұзды&quot; деп жауап берді. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл.
25/40 "Не үшін азаматтарды ұстап жатсыздар?" деген Азаттық тілшісінің сұрағына Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті өкілдері "олар заңды бұзды" деп жауап берді. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл.
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Полиция қызметкерлері азаматтарды ұстап жатыр. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл.
26/40 Полиция қызметкерлері азаматтарды ұстап жатыр. Нұр-Сұлтан, 1 мамыр 2019 жыл.
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Алматыдағы наразылық шарасы Алматының орталық мәдени және демалыс саябағына өтті. Ондаған адам әділ сайлау өтуін, елде атом электр станциясы салынбауын талап етті. Наразылыққа шыққандар арасында көк шар көтеріп тұрғандары да болды. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.&nbsp;
27/40 Алматыдағы наразылық шарасы Алматының орталық мәдени және демалыс саябағына өтті. Ондаған адам әділ сайлау өтуін, елде атом электр станциясы салынбауын талап етті. Наразылыққа шыққандар арасында көк шар көтеріп тұрғандары да болды. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Наразылыққа шыққандардың кейбірі жақында плакат ұстап, қамалған жастардың қудалануын айыптады. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.&nbsp;
28/40 Наразылыққа шыққандардың кейбірі жақында плакат ұстап, қамалған жастардың қудалануын айыптады. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Алматының орталық мәдени және демалыс саябағына жиналған наразы азаматтар. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.
29/40 Алматының орталық мәдени және демалыс саябағына жиналған наразы азаматтар. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
&quot;Диктатураның билеп-төстеуіне жол жоқ&quot; деген жазуы бар плакат ұстаған азамат билікке наразылығын білдіріп жатыр. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.&nbsp;
30/40 "Диктатураның билеп-төстеуіне жол жоқ" деген жазуы бар плакат ұстаған азамат билікке наразылығын білдіріп жатыр. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
&quot;Айгүл Ақбердіден қолыңды тарт! АЭС салынбасын&quot; деген жазуы бар плакат ұстап тұрған азаматтар. Алматы, 1 мамыр&nbsp; 2019 жыл.
31/40 "Айгүл Ақбердіден қолыңды тарт! АЭС салынбасын" деген жазуы бар плакат ұстап тұрған азаматтар. Алматы, 1 мамыр  2019 жыл.
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Алматыдағы Алматының орталық мәдени және демалыс саябағында өткен наразылық кезінде шағымын жеткізіп тұрған азамат. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.&nbsp;
32/40 Алматыдағы Алматының орталық мәдени және демалыс саябағында өткен наразылық кезінде шағымын жеткізіп тұрған азамат. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
&quot;Нұр-Сұлтан менің қалам емес. Тоқаев менің президентім емес. Дариға - менің сенат спикерім емес. АЭС-ке қарсымыз. Айгүл Ақбердіге - бостандық&quot; деген жазуы бар қағаз ұстап тұрған азамат. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.&nbsp;
33/40 "Нұр-Сұлтан менің қалам емес. Тоқаев менің президентім емес. Дариға - менің сенат спикерім емес. АЭС-ке қарсымыз. Айгүл Ақбердіге - бостандық" деген жазуы бар қағаз ұстап тұрған азамат. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Алматыдағы наразылық.&nbsp;
34/40 Алматыдағы наразылық. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Наразылыққа жиналғандар. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.
35/40 Наразылыққа жиналғандар. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Алматының орталық мәдени және демалыс саябағында тұрған арнайы жасақ өкілдері. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.
36/40 Алматының орталық мәдени және демалыс саябағында тұрған арнайы жасақ өкілдері. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Прокурор жиналғандарға ескерту жасап, таратуға тырысты. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.&nbsp;
37/40 Прокурор жиналғандарға ескерту жасап, таратуға тырысты. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
38/40

Наразылық шарасын бақылап тұрған арнайы жасақ сарбаздары. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.
39/40 Наразылық шарасын бақылап тұрған арнайы жасақ сарбаздары. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Наразылық болған маңға келе жатқан арнайы жасақ. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.&nbsp;
40/40 Наразылық болған маңға келе жатқан арнайы жасақ. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл. 
1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылықтарын білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Previous slide
Next slide

Азаттық: Бұған халықаралық құқық қорғау ұйымдарының реакциясы қандай?

Ерлан Қалиев: Халықаралық ұйымдар Қазақстанның ішкі ісіне араласпайды. Тек қана ұсыныс береді, адам құқығының бұзылғаны жайлы мәлімдеме жасайды. Билік оны елей ме, жоқ па, өзі біледі. Мысалы, Human Rights Watch, Amnesty International сияқты халықаралық ұйымдар Еуропа мемлекеттерінің билігін адам құқығын сақтамай отыр деп сынаса, ол биліктің абыройына үлкен нұқсан келер еді. Ондай билік отставкаға кетуі де мүмкін. Қазақстанда жұмыс істейтін құқық қорғау ұйымдары санаулы ғана. Олардың өзі барынша сыпайы мәлімдеме жасаудан аспайды. Саяси құқықтар мәселесімен айналысуға құлықты емес. Ал қазір еліміздегі ең өзекті мәселе – саяси құқық. Қазақстан – азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні мойындаған ел. Сырт қарағанда заңдарымыз да соған сай келетін сияқты. Ал шын мәнінде адам құқығы жиі бұзылады. Басқа белсенділерді айтпағанда, халықаралық пакті жайлы билікке айтып жүрген мен секілді құқық қорғаушыларды да кез келген сәтте полиция алып кететіні соның бір белгісі.

Азаттық: Құқық қорғаушы ретінде соңғы кезде қандай жобалармен айналысып жүрсіз?

Ерлан Қалиев: 2018 жылдан бері "Қазақстандағы жиын бостандығы" жобасы бойынша мобильді заң көмегін көрсету тобының үйлестірушісі болып жұмыс істеп жүрмін. Бұл жобаны Норвегия сыртқы істер министрлігі қаржыландырады. Олар қаржыны Норвегияның халықаралық құқық қорғау ұйымы – Норвегия Хельсинки комитеті арқылы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюроға аударады. Бюро директоры - Евгений Жовтис. Ал мен осы ұйыммен серіктес ретінде жұмыс істеймін.

Азаттық: Жобаның мақсаты не?

Ерлан Қалиев: Бұл - үш жылға арналған жоба. Негізгі мақсаты - азаматтық қоғамды дамыту, адам құқықтарын қорғау, Қазақстан заңдарын халықаралық талаптарға сәйкестендіруге атсалысу. Мәселен, "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" заңы Қазақстан Конституциясында көрсетілген адам және азаматтық құқықтарға қаншалықты сай келеді? Тек осыны анықтау мен дәлелдеуге көп уақытымыз жұмсалады. Осы бағытта түрлі соттарға қатысамыз, байқағанымызды факті ретінде тіркейміз, заңбұзушылықтарды билікке дәлелдеуге тырысамыз. Жай ғана ұсыныс айтпай, биліктің өзін де диалогқа шақырып, проблемаға назар аудартамыз.

Азаттық: Билікпен қалай жұмыс істейсіздер?

Ерлан Қалиев: Адам құқығы жайлы семинар өткізгенде әкімдік, прокуратура, ішкі істер министрлігі қызметкерлерін шақырып, олардың да уәжін тыңдаймыз. Ішкі істер министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы жобамызға сарапшы ретінде қатысып жүр. Митинг, шеру, пикет өткізу туралы қолданыстағы заңның халықаралық талаптарға сай келе бермейтінін ішкі істер министрлігінің де, прокуратураның да мойындайтыны байқалады. Бұл жөнінде қорытынды құжаттарымыз бар. Олар заңды өзгертуге де қарсы еместей көрінеді. Мәселе жоғары биліктің саяси шешімінде болып тұр.

Азаттық: Тек заң түзеумен шұғылданасыздар ма?

Ерлан Қалиев: Қазақстан адам құқығы бойынша қол қойып, ратификациялаған халықаралық пактілер мен құқықтық нормалардың көпшілігі орыс тілінде және халық арасына көп таралмаған. Осыны ескеріп, құжаттарды қазақшалап, жалпы жұртшылыққа түсініктірек етуге ұмтылып жүрміз. Халық Қазақстанның қандай халықаралық құқықтық нормаларды мойындағанын, іс жүзінде қаншалықты жүзеге асып жатқанын көбірек білуі тиіс. Құқығын жақсы білетін жұртшылық озбырлыққа көнбейді.

Азаттық: Сұқбатыңызға рақмет.

Қазақстан 2005 жылы азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялаған. Құқық қорғаушылар Қазақстан билігінің заңнаманы осы пактінің талаптарына сәйкестендіру процесінің өте баяу жүріп жатқанын айтып, жиі сынайды.

Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюро сәуір айында Қазақстанда азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқығы жайлы есебін жариялады. Онда полицияның наразылыққа шыққандарды жиі заңсыз ұстайтыны, соңғы алты жылда елде митингілер саны бес есе азайғаны айтылған.

Айдар
XS
SM
MD
LG