Accessibility links

Қоғамдық кеңес Алматының қауіпсіздігіне алаңдайды

Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің сессиясы. Алматы, 23 шілде 2018 жыл.

Алматы әкімдігі жанынан құрылған қалалық қоғамдық кеңес спортшы Денис Теннің қазасынан кейін кезектен тыс жиын өткізді. Жиналғандар қаланың қауіпсіздігін талқылап, бірнеше шенеуніктің отставкаға кетуі керегін айтты.

Шілденің 23-і күні өткен Қоғамдық кеңестің кезектен тыс жиынында сөз алған кеңес төрағасы Рахман Алшанов Денис Теннің өлімі «жастарға, қоғамға соққы болғанын, халық қорқып қалғанын» айтты.

- Бізге күте тұрыңыздар, бәрі тынышталсын деп айтып жатыр. Бірақ біз іс суымай тұрып, көзқарастарымызды айтқымыз келеді. Ішкі істер департаментінің жұмысын, мәселелерді осыған дейін де мәслихатта, қоғамдық кеңесте талқыладық. Біз полиция жұмысына тас лақтырмаймыз. Олар өз өмірлерін қауіпке тігіп, жұмыс істейді. Бірақ соңғы болған оқиға полиция жұмысында олқылықтар бар екенін көрсетеді. Екі жыл бұрын қару ұстаған адам қала көшесінде жүріп, адамдарды атқан оқиғадан (Руслан Күлекбаевты айтады-ред) сабақ алмадық, - деді Алшанов.

Қоғамдық кеңестің жиынына Алматы қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) басшысы Серік Күдебаев «іссапарда жүргендіктен келе алмаған». Оның орнына келген ІІД басшының орынбасары Ғазиз Нұрқаев қаладағы қылмыстың азайғанын айтты.

- Алматы қаласында 2017 жылы алғашқы алты айда 33 мың 126 қылмыстық іс тіркелсе, 2018 жылдың алғашқы алты айында 29 мыңға жеткен. Яғни, 11,8 пайызға азайған. Биыл қылмыстың 30,5 пайызы ашылған. Қылмыстың басым бөлігі - ұрлық. Осы жылдың алты айында өзгенің мүлкін заңсыз иелену ісі бойынша 20722 қылмыстық іс тіркелген. Оның 31 пайызы - пәтер ұрлығы, 14 пайызы - телефон ұрлығы. 2018 жылдың алғашқы алты айында 136 көлік ұрлығы болып, 42 қылмыс ашылған, - деді ол.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің өкілі Ғазиз Нұрқаев. Алматы, 23 шілде 2018 жыл.

Қоғамдық кеңес мүшелері «Алматыда ұрланған мүліктердің барлығы қара базарлар арқылы сатылады. Бірақ оны құқық қорғау органдары тексермейді, қылмыс болып жатса да көз жұма қарайды» деп сынап, ІІД өкілін сұрақтың астынан алды.

ІІД басшысының орынбасары Ғазиз Нұрқаев «ұрланған заттар сауда базарларында сатылатынын» мойындады.

- Бірақ кез келген базарды немесе көлік бөлшектерін сататын нүктені тексеру үшін біздің қолымызда нақты айғақ, заттай дәлел болу керек. Егер дәлел не қандай да бір негіз болмаса базарларды тексере алмаймыз, - деді ол.

Ішкі істер министрлігінің бұрынғы қызметкері Какимжан Бишманов полицейлер жұмысын сынап, сылтаудың көбейгенін айтты.

- Үш жылдан бері Қоғамдық кеңестің отырысында ІІД есебін тыңдап келеміз және қоғамдық кеңес атынан олардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға қатысты ұсыныстар да айттық. Бірақ жұмыс істегісі келмеген адам сылтаушыл болады. Полицейлердің де түрлі сылтаулары көбейіп кетті. Соның кесірінен жеткен күніміз осы болды. Бірақ Денис Тен өлімінен кейін қоғамның көзі ашылды, - деді ол.

Жиынға қатысушылар Алматыдағы автокөлік бөлшектерін ұрлығы соңғы жылда көбейіп кеткенін атап өтті. Қоғамдық кеңес мүшесі Айдос Сарым қаладағы автобөлшектер базарын аралап шыққанын айтты.

- Алматыдағы базарлар – өз заңдарымен жүретін қала ішіндегі қала, мемлекет ішіндегі мемлекет. Ондағы санитарлық жағдай нашар. Саудагерлер қысы-жазы контейнерлерде отырады. Кассалық аппараттар жоқ, - деді.

Саясаттанушы Марат Шибұтов Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураны Алматы қалалық ішкі істер департаментінің жұмысын тексеруге шақырды.

- Жол-патрульдік полицияны қайта екіге бөлу керек. Себебі олар қазір көшедегі қауіпсіздікті бақылағаннан гөрі жол қозғалысына көп көңіл бөледі, - дейді ол.

Ал Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Әлібек Шәпенов полиция қызметкерлерінің айлығын өсіруді ұсынды. Оның пайымдауынша, аз айлық – қылмыстың ашылмауына, көбеюіне негізгі себеп.

- Полиция демалыссыз жұмыс істейді. Мереке күндері алаңдарда тұрады. Ал еңбегіне аз төленеді. Тергеушілер 120 мың теңге алады. Ал олардың отбасы бар. Аз айлыққа не үшін қиналуы керек? Сондықтан полициялардың әлеуметтік пакетін қайта қарап, олардың айлығын көтеру керек, - деді ол.

Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен Алматы Ішкі істер департаменті басшысы Серік Күдебаевқа отставкаға кетуді ұсынды.

Шілденің 19-ы күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен кісі қолынан қаза тапты. Оны автокөлік айнасын ұрлаушылар пышақтақтап, соның салдарынан спортшы көп қан жоғалтқан. Оқиға түскі уақытта Алматының орталық көшелерінің бірінде болған.

Денис Теннің қазасынан кейін елде полицияның жұмысын сынаушылар көбейіп, елдегі қауіпсіздік шараларының әлсіздігі жиі айтыла бастады.

Денис Теннің соңғы сапары

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салуға адам көп жиналды. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, 21 шілде 2018 жыл.
1/32 Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салуға адам көп жиналды. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Денис Тенмен қоштасып, марқұмды ақтық сапарға шығарып салу үшін жұрт сенбі күні таңертеңнен Балуан Шолақ атындағы сарай алдына жинала бастады. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
2/32 Денис Тенмен қоштасып, марқұмды ақтық сапарға шығарып салу үшін жұрт сенбі күні таңертеңнен Балуан Шолақ атындағы сарай алдына жинала бастады. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтетін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алдында тұрған адамдар. 21 шілде 2018 жыл.
3/32 Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтетін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алдында тұрған адамдар. 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Марқұммен қоштасуға толассыз келіп жатқан адамдар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына кіру үшін кезекте тұр. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
4/32 Марқұммен қоштасуға толассыз келіп жатқан адамдар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына кіру үшін кезекте тұр. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Танымал спортшы Денис Тенмен қоштасу рәсімі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
5/32 Танымал спортшы Денис Тенмен қоштасу рәсімі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына Денис Тенмен қоштасуға келген адамдар табыттың алдына гүл қойып жатыр. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
6/32 Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына Денис Тенмен қоштасуға келген адамдар табыттың алдына гүл қойып жатыр. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин қапыда қаза тапқан досы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салуға АҚШ-тан ұшып келді. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
7/32 Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин қапыда қаза тапқан досы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салуға АҚШ-тан ұшып келді. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Спортшы Денис Тенмен қоштасу рәсіміне келген әйел жылап тұр. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
8/32 Спортшы Денис Тенмен қоштасу рәсіміне келген әйел жылап тұр. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына Денис Тенмен қоштасуға келген қазақстандық танымал спорт қайраткерлері. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
9/32 Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына Денис Тенмен қоштасуға келген қазақстандық танымал спорт қайраткерлері. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық танымал спортшы Денис Теннің мезгілсіз қазасына байланысты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаған көңіл айту жеделхатын оқып берді. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
10/32 Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық танымал спортшы Денис Теннің мезгілсіз қазасына байланысты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаған көңіл айту жеделхатын оқып берді. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына танымал спортшы Денис Тенмен қоштасуға келген адамдар. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
11/32 Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына танымал спортшы Денис Тенмен қоштасуға келген адамдар. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтіп жатқан Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алдында тұрған полиция қызметкері. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
12/32 Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтіп жатқан Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алдында тұрған полиция қызметкері. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
25 жасында қапыда қаза тапқан спортшыны аза тұту шарасында Денис Теннің суретін көтерген қыз көз жасын сүртіп тұр. Астана, 21 шілде 2018 жыл.
13/32 25 жасында қапыда қаза тапқан спортшыны аза тұту шарасында Денис Теннің суретін көтерген қыз көз жасын сүртіп тұр. Астана, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
"Барыс Арена" спорт кешенінде өткен Денис Тенмен қоштасу рәсімінде қазақстандық жас спортшылар мұз айдынына шырақ ұстап шықты. Астана, 21 шілде 2018 жыл.
14/32 "Барыс Арена" спорт кешенінде өткен Денис Тенмен қоштасу рәсімінде қазақстандық жас спортшылар мұз айдынына шырақ ұстап шықты. Астана, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Денис Тенмен қоштасу рәсімінде шырақ ұстап тұрған қазақстандық жастар. "Барыс Арена" спорт кешені, Астана, 21 шілде 2018 жыл.
15/32 Денис Тенмен қоштасу рәсімінде шырақ ұстап тұрған қазақстандық жастар. "Барыс Арена" спорт кешені, Астана, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Астанадағы "Барыс Арена" спорт кешеніндегі Денис Тенмен қоштасу жиынында шырақ ұстап тұрған кішкентай қыз бала. 21 шілде 2018 жыл.
16/32 Астанадағы "Барыс Арена" спорт кешеніндегі Денис Тенмен қоштасу жиынында шырақ ұстап тұрған кішкентай қыз бала. 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Мұз айдынында шырақ ұстап тұрған жас спортшылар. "Барыс Арена" спорт кешені, Астана, 21 шілде 2018 жыл.
17/32 Мұз айдынында шырақ ұстап тұрған жас спортшылар. "Барыс Арена" спорт кешені, Астана, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
"Барыс Арена" спорт кешенінде өткен Денис Тенмен қоштасу жиынына спорт және мәдениет саласының өкілдері, ресми тұлғалар мен өзге де адамдар қатысты. Астана, 21 шілде 2018 жыл.
18/32 "Барыс Арена" спорт кешенінде өткен Денис Тенмен қоштасу жиынына спорт және мәдениет саласының өкілдері, ресми тұлғалар мен өзге де адамдар қатысты. Астана, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Денис Тенмен жұртшылықтың қоштасу сәтінен түсірілген сурет. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
19/32 Денис Тенмен жұртшылықтың қоштасу сәтінен түсірілген сурет. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Қазақстандық боксшы, 2016 жылы Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов марқұм Денис Тенмен қоштасу жиынында сөйлеп тұр. "Барыс Арена" спорт кешені, Астана, 21 шілде 2018 жыл.
20/32 Қазақстандық боксшы, 2016 жылы Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов марқұм Денис Тенмен қоштасу жиынында сөйлеп тұр. "Барыс Арена" спорт кешені, Астана, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэ Сик қазақстандық спортшы Денис Тенмен қоштасу шарасында сөйлеп тұр. Астана, 21 шілде 2018 жыл.
21/32 Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэ Сик қазақстандық спортшы Денис Тенмен қоштасу шарасында сөйлеп тұр. Астана, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
"Барыс Арена" спорт кешенінде Денис Тенмен қоштасу шарасында Қазақстанның Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев гүл қойып жатыр. Астана, 21 шілде 2018 жыл.
22/32 "Барыс Арена" спорт кешенінде Денис Тенмен қоштасу шарасында Қазақстанның Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев гүл қойып жатыр. Астана, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Денис Тенмен қоштасу шарасында қазақстандықтарға танымал спортшының қазасына қайғырып, жылап жүргендер жиі ұшырасты. "Барыс Арена" спорт кешені, Астана, 21 шілде 2018 жыл.
23/32 Денис Тенмен қоштасу шарасында қазақстандықтарға танымал спортшының қазасына қайғырып, жылап жүргендер жиі ұшырасты. "Барыс Арена" спорт кешені, Астана, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Денис Теннің суреті мен гүл ұстап тұрған жастар. Астана, 21 шілде 2018 жыл.
24/32 Денис Теннің суреті мен гүл ұстап тұрған жастар. Астана, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Денис Тенмен қоштасу рәсімінде тұрған жастар. Астана, 21 шілде 2018 жыл.
25/32 Денис Тенмен қоштасу рәсімінде тұрған жастар. Астана, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Спортшы Денис Тенмен қоштасу шарасына жиналғандар. "Барыс Арена" спорт кешені, Астана, 21 шілде 2018 жыл.
26/32 Спортшы Денис Тенмен қоштасу шарасына жиналғандар. "Барыс Арена" спорт кешені, Астана, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қоштасу рәсімі аяқталғаннан кейін спортшы Денис Тенді жерлеуге апара жатыр. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
27/32 Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қоштасу рәсімі аяқталғаннан кейін спортшы Денис Тенді жерлеуге апара жатыр. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Балуан Шолақ атындағы сарайдағы азалы рәсім кезінде табытта жатқан Денис Тенмен қоштасып тұрған адамдар. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
28/32 Балуан Шолақ атындағы сарайдағы азалы рәсім кезінде табытта жатқан Денис Тенмен қоштасып тұрған адамдар. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Денис Тенмен қоштасуға кейбіреулер спортшының суретін ұстап келді. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
29/32 Денис Тенмен қоштасуға кейбіреулер спортшының суретін ұстап келді. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Денис Тенді Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
30/32 Денис Тенді Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі. Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Спортшы Денис Тенді жерлеу рәсімі кезінде зират басына жиналған адамдар. Достық шағын ауданы, Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
31/32 Спортшы Денис Тенді жерлеу рәсімі кезінде зират басына жиналған адамдар. Достық шағын ауданы, Алматы, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Денис Тенмен қоштасу шарасына жұрт әкелген гүлдер мен өнерімен халқына кең танылған спортшының суреті. "Барыс Арена" спорт кешені, Астана, 21 шілде 2018 жыл.
32/32 Денис Тенмен қоштасу шарасына жұрт әкелген гүлдер мен өнерімен халқына кең танылған спортшының суреті. "Барыс Арена" спорт кешені, Астана, 21 шілде 2018 жыл.
Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Денис Тенді Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.
Previous slide
Next slide

Айдар
XS
SM
MD
LG