Accessibility links

Бішкекте қазақ елшілігіне нота тапсырғандар Назарбаевтың кешірім сұрауын талап етеді


7 сәуірдегі халық толқуында құрбан болғандарға қойылған естерткіш тақта алдында. Бішкек, 13 сәуір, 2010 жыл.
7 сәуірдегі халық толқуында құрбан болғандарға қойылған естерткіш тақта алдында. Бішкек, 13 сәуір, 2010 жыл.

Бейсенбі күні «7-апрель» қозғалысы Бішкектегі Қазақстан елшілігі алдында акция өткізді. Жиналғандар Қазақстан президентінің Қырғызстан елінде сәуірде болған оқиғаларды «қарақшылық» деп баға бергендігіне наразылық танытты.

«НАЗАРБАЕВ КЕШІРІМ СҰРАСЫН!»

Бейсенбі күні Бішкектегі Қазақстан елшілігінің алдына жиналған үш адамның бірі – «7-апрель» қозғалысының жетекшісі Өндіріш Тоқтонасыров Азаттық радиосына телефон арқылы берген сұхбатында қазақ президенті Қырғыз халқынан кешірім сұрауы қажет деп есептейтіндігін жеткізді.

– Қазақстанда жақында IX Еуразиялық медиа форумда Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстандағы болған оқиғаларға өзінің тура емес көзқарасын айтқандығына наразымыз. Өз сөзінде ол Қырғызстанда «Билік үшін күрес, бұл ешқандай революция емес, бұл –
Қырғыз елінің мемлекеттік туын ұстап, Бішкектегі Үкімет үйі алдында тұрған адам. 8 сәуір 2010 жыл.
қарақшылық» деді. Шындығында Қырғызстанда халықтық революция болды. Біз бір отбасының басқаруында қалған Қырғызстанның жарқын болшағы үшін күресіп, осындай мақсатпенен Ақ үйге барғанымызда билік қарапайым халыққа оқ атты. Бұл дұрыс емес, сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың берген бағасы қате! – дейді Өндіріш Тоқтонасыров.

Наразылық танытушылар елшілікке табыс етілген нотаға бірқатар талаптарын тізген, онда қантөгіс бойынша айып тағылып Қазақстанда бас сауғалап жүрген бұрынғы мемлекеттік қызметкерлерді ұстап беру, қазақ-қырғыз шекарасын қайт ашу сияқты талаптар бар. Өндіріш Тоқтонасыровтың айтуынша, шекараны жабуға негіз жоқ, өйткені Қырғызстанда соғыс болмаған.

– Бірінші, Нұрсұлтан Назарбаев сол айтылған сөздері үшін қырғыз халқының алдында кешірім сұрасын. Екінші талабымыз, сол 7 сәуірдегі болған қайғылы оқиғаға қатысы бар, біздің тұспалымыз бойынша, Қазақстанға қашып кеткен бұрынғы премьер-министр Данияр Үсенов сынды басқа да бұрынғы мемлекеттік қызметкерлерді ұстап берсін. Үшінші, екі ел арасындағы
Қырғызстан уақытша үкіметінің жетекшісі Роза Отунбаева (сол жақта) және Қазақстанның сыртқы істер министрі - мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев. Бішкек, 20 сәуір 2010 жыл.
шекараны ашсын, себебі қырғыз елімен шекараны жабуға еш негіз жоқ. Бізде қазір жағдай тұрақты, – деді Азаттық радиосына Өндіріш Тоқтонасыров.

«7-апрель» қозғалысының өкілдеріне қазақ елшісінің кеңесшісі Талғат Жолдасов шығып жолықты. Оның айтуы бойынша, Қырғызстандағы халық толқуы кезінде көп адамның қолында қару-жарақ болған, шекара сол себепті жабылған көрінеді.

Талғат Жолдасов «7-апрель» қозғалысының талаптарын елшіге жеткізуге уәде берді. Қазақстан елшілігі әзірше ресми түсініктеме бермеді.

АЙТЫЛҒАН СӨЗ – АТЫЛҒАН ОҚ

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәуірдің 27-28-і күндері Алматыда өткен IX Еуразиялық медиа форумның ашылуында Қырғызстандағы болған оқиғаға қатысты өз көзқарасын білдірген болатын.

«Біз Қырғызстандағы ахуалды Вашингтон саммиті кезінде талқыладық, келіссөздер сол жерде басталды. Мен бұл елде азаматтық қақтығыстарға жол бермеуге көп күш салдым. Бұл – төңкеріс емес, толықтай қарақшылық», – деп мәлімдеген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Төңкеріс деп капитализм социализмге ауысқан 1917 жылғы Қазан төңкерісін айтады. Біз социализмнен капитализмге ден қойған кезде
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ІХ Еуразиялық медиа форумның ашылуында сөйлеп тұр. Алматы, 27 сәуір 2010 жыл.
де төңкеріс жасадық дей аламыз. Немесе монархия күйреген француз төңкерісін – төңкеріс дейміз. Ал Қырғызстанда сәуірде болған оқиға – бір элитаны басқасына алмастыру ғана, бұл – билік үшін талас», – деген Назарбаев:

«Қырғызстанда болған оқиғалар бірлескен қауіпсіздік және бірлесе даму үшін өңір елдерінің экономикалық интеграциясының маңыздылығы туралы Қазақстан көтерген бастамалардың өзектілігін тағы бір мәрте дәлелдейді», – деп атап көрсетті.

Сонымен қатар Қазақстан ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаушы ел ретінде «Қырғызстанның тез арада дағдарыстан шығуы үшін белсенді атсалысып жатқанын» атап өтіп, «біз бұдан былай да Қырғызстанға қажетті қайырымдылық және экономикалық көмек көрсете беретін боламыз», – деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев.

Қырғызстанда 6-7 сәуір күндері болған үкіметке қарсы халық толқуында 80-нан астам адам қаза тапқан еді. Ереуілдегі қарапайым жұрттың өліміне Қырғызстанның қазіргі уақытша үкіметі биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевті айыптайды.
XS
SM
MD
LG